Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет29/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   348
18.08.2023 dis

АҚКӨҢІЛДІЛІК болып шықты. Халық «ақкөңілдің аты арымайтынын, тоны 
тозбайтынын» көрген, Қожанасырдың ақкөңілділігі аңызға айналған.  
Ақкөңіл адамға халық әпенде деген атау беріп, ерекше қастерлеген. Себебі 
ақкөңіл адам ашық-жарқын, адал ниетті болады. Байтұрсынұлы айтқандай, 
«Еңкеңдеп ет аңдыған шалдар да көп, Телміріп бір тойғанын ар қылмаған, 
Ақкөңіл, алаң-бұлаң адамдар көп, Есептеп азын-көпке аңқылдаған» 
(А.Байтұрсынов, Шығ.) [70].
Ә.Қайдар қазақтың ақкөнілділігі мен аңғалдығы бір-біріне жақын, астарлас 
қасиет екенін, көңілінде жаман ойы жоқ, айтқан сөздің бәрін шын көретін, тіпті 
өтірік айтып тұрса да сене беретін адамның мінезінен аңғалдық байқалатынын, 
бұл жалпы қазақ табиғатынан байқалатын қасиет екенін айтады. Қазақтың 
ақкөңілдігі ертеден айтылып, өмірде сан рет, әр жағдайда дәлелденіп келе 
жатқанын, оның табиғи, рухани болмысына тән ұлттық менталитеті іспетті асыл 
қасиеті екенін алға тартады [1]. 
АҚКӨҢІЛДІЛІКТІ таңбалайтын бірліктер біршама (97): адал ниетті, 
адал, айласыз, ақ көйлек адам, ақ, ақжарқын мінез, ақжарқын, ақжелең, 
ақжүрек, ақжүректі, ақкөкірек, ақкөңіл, аққа құдай жақ, ақниет, ақниетті, 
ақпейіл, аласыз, алғаусыз, алды кең, аңқылдақ, аппақ, арамдығы жоқ, ары таза, 
аузын ашса жүрегі көрінетін, аузын ашса, іші [көмейі] көрінетін, ашық жүзді, 
ашық қайың, ашық мінезді, ашық райлы, ашық, ашық-жарқын, бала көкірек, 
бала мінезді, барын айта салатын, біреудің ала жібін аттамаған, бүкпесіз, 
даңғал, дарқылдық, дарылдақ, елгезек, елжірегіш, елпілдек, жайдарлы
жайдары, жайқар, жайлы, жайраң мінез, жайраң, жайсаң, жарқылдақ, 
жарқын жүз [жүзді], жарқын, желғабаз, желтабан, жүзі [өңі] жылы, жүзі 
жарқын, кексіз, кекшіл емес, кенен, кең жүрек, кең қолтық, кең мінезді, 
кеудесінде инедей кірбеңі жоқ, кешіргіш, көйлек жыртпас, көңіл жықпас, көңілі 
бос, көңілшек, күшігін аузымен тасығандай, қабағы ашық, қулық-сұмдығы жоқ, 
қулық-сұмдықты білмейтін, құлқы таза, лепілдек, марайма, мінсіз, өрелі жігіт, 
пейілді, пейілі ашық, пейілі таза, пәк, риясыз, саудыр-садақ, судан тұнық, 
сүттей ақ [судай таза], сүттен ақ, судан таза, сыр мінез, сыралғы, сырбаз, 
таза, терісі кең, тетігі аузындағы кісі, тілалғыш, үмітшіл, халис, хәләл, хошуақ. 


57
Әр қайсысының өзі қолданыс өрісі бар, барлық сөздер белгілі бір 
мағынаны нақтылау үшін пайда болған.
Мысалы, Жеңге, құрбыларға әзілқой, ақ көйлек, ашық қайың боп, Абай 
мәжілісін бұл ауылдың барлық жанына еркін, қызық мәжіліс еткісі келеді 
(М.Әуезов, Абай). Ақжелең де аусарлау мінездерін, әсіресе өткен кешті еске 
түсірді (А.Сәрсенбаева, Батырлар.). Бұрынғы өзі білетін, ақкөңіл, даңғал досы 
көңілден біржолата кетіп, оның орнында қара жүрек жырынды біреу қалды 
(М.Иманжанов, Көк белес). Шопандар да жөн ойдың төркінін тереңнен танып, 
тақ тұрып-ақ жатыр. Бір Мешітбай емес, талай шопан-ақ осылайша кенен 
көңіл танытады (Саржайлау). Қой көңілім, қапаланба, хошуақ боп жүре бер 
(Хафиз).| 
Қазақ мәдениетіндегі ақкөңілділік момындық пен кеңдік, тазалық пен 
ашықтық, кешірімділікпен толыққанды болады. 
Маслова этномәдени стереотиптерді зерттейтін психологтар экономикасы 
жоғары елдердің ақыл, іскерлік, кәсіпкерлік сияқты қасиеттерге басымдық 
беретінін, ал экономикасы артта қалған елдер өздеріндегі мейірімділікті, 
ақжарқындылықты, қонақжайлылықты ерекше атап көрсететінін айтқан, оған 
дәлел ретінде C.Г.Тер-Минасованың зерттеу нәтижелерін алады: ағылшын 
қоғамында кәсіпқойлық, еңбекқорлық, жауапкершілік, ал орыс тілінде 
қонақжайлылық, көпшілдік, әділдік жоғары бағаланады [71].
Ақкөңілділік мінез сипаты – барлық адамзат баласының жаратылысына 
тән, адамның гумандық, адами, адамгершілік болмысынан туындайтын, ислами, 
мұсылмандық сипат. Бұл мінез адамдар арасындағы қарым-қатынасқа 
бағытталған, қоғам болып өмір сүру мен тіршілік етуге көмектесетін барлық 
адамзат баласына тән болуы тиіс сипат. Сондықтан ақкөңілділік қазақ халқының 
бағалаған мінез атауларының ішіндегі сөздік құрам жағынан бай түрі болатын 
себебі түсінікті. Бұл сөз – ақ пен көңіл деген екі сөздің тіркесе келіп, үнемі 
контактілі қатынаста қайталана беруінен пайда болған біріккен сөз. Екі сыңар да 
ауыспалы мағынада жұмсалған. Ақ – таза, адал, әділ, шынайы деген мағынаны 
берсе, көңіл – күнделікті көңіл-күйден басқа адамның пейілі, ынтасы, ерік-жігері 
тіпті мінезі деген мағынаны да береді. Жалпы атау бірліктің өз мағынасы аса бай 
болғандықтан оның ұғымдық дәрежеге көтерілуінде себеп жоқ емес, Халық 
санасында әртүрлі контексте трансформациялана келе ақкөңіл ұғымын беретін 
сөздер көбейген, сөз тіркестері пайда болған, тұрақты тіркестер жасалған, мақал-
мәтелдер де осы ұғымның мәнін жағдаятқа сай атай бастаған. Сол себепті 
ақкөңіл сөзі концепт дәрежесінде қазақ мәдени және тілдік санасында тұрақтады. 
Ақкөңілділік деген үлкен макроконцепт болса, бұл ядроның бірнеше микро 
концептілері бар. Мысалы, ақкөңіл алдымен АДАЛДЫҚ деген микроконцептіге 
айырылады: адал ниетті, адал, айласыз, ақ көйлек адам, ақ, аққа құдай жақ, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет