Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет281/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   348
18.08.2023 dis

ҚАТЫН ЖҮРЕК Қорқақ, батыл емес. Қайда күшті жауым бар Жолыма бөгет бола 
алған. Жорыққа шықсам мен жалғыз: Тұлпармен қылыш қолға алған. Жүргенім жалғыз 
тым артық, Арыстандай жортқан құмдарда Болғанша жолдас опасыз Қатын жүрек 
құлдарға (М.Дулатов, Шығ.) 
568. 
ҚАУ БӨРІК Даңғой, даурықпа, өркөкірек. Қау бөрік, әпербақан адамсың (Айтыс). 
Қайратты да сабырлы ма десем, өзің бір қау бөрік неме ме едің? (Д.Әбілев, Арман.).  
569. 
ҚИДА КЕЗДІК Қырсық, қыңыр. Жасы Әлібекпен қатар құрбының лебізінде ешқандай 
қида кездік жоқ (Р.Райымқұлов, Қыз-айна). Шетінен жігіттері қида кездік (С.Омаров, 
Сәукен). 
570. 
ҚИҚАР сын. Қисық, қыңыр, бірбет. Ол өткір Аспаһанның көк болаты. Қызғаншақ, 
қиқар кесел, ұрыншақ ор, Қаскүнем, қара көңіл, жаман тобы (І.Жансүгіров, Поэм.). 
Ежелден сүйекке сіңді қырсықтығы бар қиқар шал төбемді мен де көрсетпейін дегендей 
тесек тартып жатып алған (О.Бөкеев, Қамшыгер). Қиқар адам біреудің айтқанын ешбір 
дәлелсіз керісінше істейді (К.Жарықбаев, Психология).  
571. 
ҚИҚАР-ҚЫРЫС сын. Қырсық, кеж, қияпар, бірбеткей. Әрқашанда Арал төбедегі 
көргендері көз алдына елестеп, Шөпіштің қиқар-қырыс бейнесі ерекше ызғар шашып 
тұратын (К.Оразалин, Абай.). 
572. 
ҚИРАКӨЗ сын. Қырсық, қыңыр, қисық. Өз ішіндегі қиракөз, қыңыр мінезді 
Жайырбек... (Т.Рыскелдиев, Ұлы көш). 
573. 
ҚИТАР ауыс. Жөнге көнбейтін қиқар, қырсық, қияңқы. Қияңқы, қитар офицер талайды 
отқа тастады (Ғ.Орманов, Сәт сапары). – Қорықпаймын сенің сотыңнан, қитар иттің 
баласы, – деді Баспақбай кіжініп (М.Жұмағұлов, Қыран.).  
574. 
ҚИТЫҢ сын. Қырсық, қыңыр, қисық. Жұтып алған құмарпаз қитың қара, Карта жайлы 
мәселе қозғап отыр («Лен. жас»).  
575. 
ҚИЯМПҰРЫС сын. Қырсық, қыңыр, кесірлі, қисық, сыңар езу. Жоқ, бұл 
Шәймерденнің қашанғы әдеті, қиямпұрыс бір езу, сотқарлықпен көзге түсем дейтін жігіт 
(Б.Майлин, Шығ.). Әнеукүні Ши-амбының тойында Демежанмен шәлкем-шалыс кеп 
қалатын қиямпұрыс, тентек халдайдың өзі (Қ.Жұмаділов, Тағдыр). Тек Манас қана 
есепшінің сазайын бермек болып, әрі қиямпұрыс қызға өкпелеп, түнеріп аттанған 
(Е.Рахимов, Тентек келін). Шын шабыт та, жанжал тілеген қиямпұрыс тентектік тесонда 
тұр. Шегір көзі дүниені ішіп-жеп, үңгіп, тесіп бара жатыр (Қ.Жұмаділов, Көкейкесті).  
576. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет