Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет282/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   348
18.08.2023 dis

ҚИЯНАТҚОР сын. Қиянатшыл, зорлықшыл: озбыр. Зорлық иесі қиянатқор аз топ
күшті көп қол даулы түп тамырымен құлатқан шірік бәйтеректей (Д.Әбілев, Баянауыл.).  
577. 
ҚИЯНАТШЫЛ сын. Қиянат жасауға бейім, қиянатқор; зорлықшыл, опасыз. 
Жүрегім менің – қырық жамау, Қиянатшыл дүниеден. Қайтіп аман қалсын сау, Қайтқаннан 
соң әрнеден (Абай, Тол. жин.). Бәрінен де өзімшіл, күншіл, қиянатшыл озбыр Қодар 
алдыңнан шығады (М.Әуезов, Әр жыл.). Неткен жауыз еді! Мынау бірлік аңсаған ұлы 
мекенге де осындай қиянатшыл айуандық түнейді екен-ау (С.Сматаев, Елім-ай). Жазған 
жоқ Пушкин мұны ертек үшін, Мақсұты: бізге ғибрат бермек үшін. Қиянатшыл, 
зорлықшыл, парақордың Мінезінің суретін көрмек үшін (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). 


277
578. 
ҚИЯНКЕС сын. Қияңқы, қияпар, бұзық, кесір. Әкесі демекші, Сарыбастың қиянкес 
мінезі, қыршаңқы тілі елге аңыз болып кеткен (Т.Дәуренбеков, Біз әлі кездесеміз). // 
Қияңқы, кесір адам. – Ой, қиянкес, бүлдірдің бе? Берейін мен жазаңды! – деп басыма 
тепкіледі (С.Машаңов, Жылдар.). 
579. 
ҚИЯҢҚЫ МІНЕЗ Кесірлі, қасарыспа қылық, қыңырлық. Әйел түгіл, ер адамды бетіме 
қаратпаймын дейтін қияңқы мінез қажының қарсы жауап есітсе, қатуланып кетерін, 
сонсын небір сұмдықтарды ойлап табатынын Тәжі жақсы сезіп отыр (Қ.Салғарин, 
Жаныңда жүр.). Саматтың, көбінше, өз айтқаны болмаса, көнбейтін бір беткей, қияңқы 
мінезін бұрын Еркін жақсы білетін (Ф.Дінисламов, Көл жағасы.).  
580. 
ҚИЯҢҚЫ сын. Мінезі қыңыр, бұзақы, сотқар (адам). – Әуелі балаңды өзің алдайсың, 
әке. «Боқта!» – деп, біреуді боқтатып: ... кәпір, қияңқы, осыған тимеңдерші, – деп, оны 
масаттандырасың. Осы ма берген тәрбиең? (Абай, Тол. жин.). Әсіресе есік жақ түкпірде 
жатқан ересек жігіт, ай қияңқы болар. Тілі де шалдауар екен (С.Жүнісов, Өшпейтін іздер). 
Өзі сері, әрі қияңқы «Өтеш молдамен шариғат таласуға келеді»,– дескен лақап етек алып 
жайылып кеткен екен... (С.Телжанов, Қайып қарт.). Әке-шешесі қияңқы адамдар емес еді 
(Ж.Аймауытов, Шығ.).  
581. 
ҚИЯПАР сын.  Кеж, бірбеткей, қыңыр, қырсық. Қабақтың осы бір басбілді орынсыз 
қияпар қылығы бастықтың шымбайына батып, ебедейсіз жағдайға түсті де қалды 
(Б.Тельман).  
582. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет