276
жіпке тізген кірәнжілік, Беруге жүгіріп ем
соны ұмтылып, Қатыгез милиционер қолым
қақты, Сөйткенше кете барды вагон жылжып (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ). Екеуін еркіменен
қоспайтұғын, Қатыгез хан қаһары өзіне аян. Шарасын қалай етсек табамыз деп, Ойласты
Салиха мен батыр Сәмен (Ә.Найманбаев, Шығ.). 2.
Аяусыз, ауыр, қиындыққа толы (өмір,
тағдыр). Қатыгез зілдей тағдыр қара тастан, Алдында жерге құлап барады аспан. Төменде
сылқ-сылқ күліп дария жатыр Жап-жаңа қыз бақытын ала қашқан (Ғ.Қайырбеков, Құрдас).
Тағдырыңды қатыгез де, сараң десен сүйгенмен ол сүймесе шараң не? Махаббат ол – қос
жүректің әні ғой Өзінесай дауыс керек әр әнге (М.Шаханов, Ғасыр.).
Кеттіңдер біздің
үйден ұзатылып, Қатыгез қимастықты қыз аты қып. Сан түндер сағынышым көз ілдірмей,
Жүгіріп сыртқа шықтым жүз атылып (Т.Айбергенов, Мен. ғашық.). 3.
Безбүйрек, жаны
ашымайтын. Біз болсақ,
баланы балабақшалар, мектептер тәрбиелейді деген ұғым
қалыптастырдық. Анасының мейірімімен өспеген бала қатыгез болады (Айқын)
567.
Достарыңызбен бөлісу: