Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


НАНҒЫШТАУ сын. Не болса соған сене беретін, иланғыштау. Байбек айтылған сөзге  нанғыш тау кісі еді (Ауызекі)



Pdf көрінісі
бет305/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   348
18.08.2023 dis

НАНҒЫШТАУ сын. Не болса соған сене беретін, иланғыштау. Байбек айтылған сөзге 
нанғыш тау кісі еді (Ауызекі). 
735. 
НАНДЫҚ сын. жерг. Нанғыш, сенгіш, аңқау. Мен нандықпын, не айтсаңда нана 
беремін. Әкемде нандық еді (Қаз. тілі аймақ. сөзд.). 
736. 
НАНСОҒАР сын. Арамтамақ. Беріп кет теңдігімді о дүниеге. Нансоғар, мені осынша 
жамандадың (I.Жансүгіров, Шығ.). 
737. 
НАНЫМПАЗ сын. сөйл. Нанғыш, сенгіш. Айтылған хабарға сене беретін нанымпаз 
адамдар да баршылық (Ауызекі). 
738. 
НАС БАСҚАНДЫ БИТ БАСҚАН Салақ, былғаныш, өзін-өзі күтіп жүрмейтін 
(адамға қатысты). Нас басқанды бит басқан, міне, сұлу жұрт асқан (С.Торайғыров, Шығ.). 
739. 
НАУ сын. көне. Даукес, жалақор. Науды аяма, бауды ая (Қаз. мақал). Нау жүрген жерде 
дау жүреді (Қаз. мақал). 
740. 
НАЯТСЫЗ сын. Мейірімсіз, нысапсыз. Адамның наятсызы екен (Қаз. тілі. аймақ. 
сөздігі). 
741. 
НӘМӘРТ сын. Айтқан сөзінде тұрмайтын, опасыз; сараң. Адам болсаң – жомартсың, 
Жомарттар да – жақсылық! Сараң болсаң – нәмәртсың, Көңілінде – жат ғұрып 
(Ғ.Мүсірепов, Алау). Жақсылардың сөзін ұқпай, Ақылсыздай болма нәмарт. Сырыңды 
айтпа ғауретке, Ішің толар қайғы-дертке (Қисса Шеризат). Ұқсамақ емес бұл ойдың Түбі 
олақ нәмәртқа. Он бесіме келгенде, Қаршыға, бүркіт көргенде, Құс салып жүрдім серуенде, 
Еркіндеп шығып азатқа (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Саз керек атқа шаппаққа, Ой керек қиял 
таппаққа, Жолдас болсаң жақсымен Жетеді қолың мақсатқа. Жолдас болсаң нәмәртпен 
Аунатар бір күн батпаққа (Базар жырау, Шығ.). 
742. 
НӘПСІҚОР сын. Көрсеқызар, нәпсіге қызыққыш. Ал сарай маңының сабылмаларының 
да нәпсі қор еркектердей қашан барлық гәпті біліп болғанша өліп-өшетін ежелгі әдеті бар 
(Ә.Кекілбаев, Дала.). 
743. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет