Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


ӨҢЕШҚҰМАР сын. Өз құлқынын ойлайтын, ішкіш. Өңешқұмар өзімшіл келеді,  қалған көңіл қалпына келмес («Мәдениет және тұрмыс»)



Pdf көрінісі
бет313/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   348
18.08.2023 dis

ӨҢЕШҚҰМАР сын. Өз құлқынын ойлайтын, ішкіш. Өңешқұмар өзімшіл келеді
қалған көңіл қалпына келмес («Мәдениет және тұрмыс»). 
788. 
ӨПІРЕМ сын. жерг. Өзімшіл, менмен, тәкаппар. «Ұяң мінезден ада, тым өзімшіл
өпірем кісі боларсың-ау» – деп ойлады Жанар (3.Қабдолов, Жалын). Ішнара болмаса, көбі 
дүң, өпірем, елге шықса қырып кете жаздайды (Ж.Нәжімеденов, Кішкентай). Қасақана 
көзіне көз қадап, әрі өпірем, әрі мысқылды түрмен подполковникті басынан аяғына дейін 
бұл да шолып өтті (Б.Аманшин, Жар мұңы). // Өзімшіл, менмен адам. Болмағанмен бұл 
топтың сүйіктісі, Өпіремі, Өжеті, Иықтысы, Айтыстың бір үстінде шыдай алмай, Ашу 
шықты ортаға күйіп-пісіп (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан). 
789. 
ӨПІРІМ сын. менмен, өпірем. Намысқор да өпірім жас өзінше бір ерлік іздеп жүр 
(Ж.Тілеков, Жоңғар даласында).  
790. 
ӨР КЕУДЕ Бір бет, өжет, өркөкірек. Ат емес, енді автоны тіреп белдеуге, Жілігім 
толып, жігіт боп, жын боп өр кеуде, Ат жетер жерден ақ кеңіл нөкер жиып ап, Аулыңа 


295
сенің алшаңдай басып келгенде (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә). Құрыштай денесіне кол батпады, 
Ойынсыз отырмады үйде жөнді. Өр кеуде арыстандай арпалысып, Жас батыр лезде екі 
жасқа келді (О.Шипин, Дастан.). Естуімше, апырау, Ер едің ғой өр кеуде, Өкпеледім, 
Атырау, Жел бермедің желкенге (М.Әлімбаев, Жүрек.). Өр кеуде ақынсымақтар да жоқ 
емес («Қаз. әдеб.»).
791. 
ӨР КӨКІРЕКТЕУ Бірбет, менмен, тәкаппарлау. Өте кекшіл, әрі сезімтал және өр 
көкіректеу Зағипаға Шолпанның сөзі табанға басқан шоқтай тиді (X.Есенжанов, Ақ 
Жайық).  
792. 
ӨР КӨҢІЛДІ Тәкаппар. Өр көңілді әйелі Қатша болса, бұлар әбден титықтап, тұралап 
қалғандарынша «береріміз жоқ, ішеріміз таусылды!» деп сыр бермейтін (М.Әуезов, Таңд. 
шығ.). 
793. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет