Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет307/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   348
18.08.2023 dis

НОҚАЙ сын. Іске икемсіз, олақ. Ноғай дегенше, ноқай десеңші, түкке ыңғайы 
келмейді, солдат ноғай, қашқын ноғай, “башалшік ноғай” дейді (Абай, Тол. жин.). 
749. 
НОҚАЙЛАУ сын. 1. Топастау, надандау. – Әйел адаммен қалай сөйлеседі? Ноқайлау 
ма? – деп ренжіп қалды Ақдидар (Р.Тоқтаров, Тұлпар.). 2. Ебедейсіздеу, іске икемсіздеу. – 
Тама жағы менің қайын жұртым, – деді – орталықтан шалғайда жатқандықтан ба, сәл 
ноқайлау (Б.Тоғыспаев, Асыл адам.). 
750. 
НЫСАПСЫЗ сын. Көзі тойымсыз, аш көз, қанағатсыз. Бураханнан басқа хандықта 
Қожа пайғамбардың әулетіміз деп нысапсыз кеткен (Ш.Хұсайынов, Үкілі Ыбырай). Әдеп 
пен нысапта жұмысыңыз болмасын. Қайсымыз нысапсыз екенімізді көре жатармыз 
(С.Мұқанов, Таңд. шығ.). 
751. 
ОБАҒАН сын. жерг. Ішіп-жемге тойымсыз, ашқарақ, обыр. Осында обаған көз обыры 
да, Осында жегін өгіз момыны да, Осында бір тойынып кетейін деп, Келіпті кедей-кешнік 
шоғыры да... (М.Әлімбаөв, Көңіл күй). Нұртай беті қызара қалып, обаған көзінің титімдей 
қарашығын ойнақтатып, Күреңбайдың өңменінен өткізе қарады (С.Омаров, Қайырлы.). 
Олар зәулім ағаштарды күйретіп, Пушкинге тән дүниелерді талан-таражға салып
озбырлықпен олжаланып, обаған аранын ашқан (С.Мәуленов, Үркер.). Тарс жұмылып 
талай көздер обаған, Талайларға туар еді зобалаң... Алшаң басып жүрер еді алаңсыз, Еш 
пендегезәбір-зілі жоқ адам (C.Жиенбаев, Алтын қалам). 
752. 
ОБЫР сын. 1. Көзі тоймайтын ашқарақ, қомағай, жебір. Міне, енді мың аяқты, сан 
мың тісті жалмауыз обыр айдаһар боп созылыпты (М.Әуезов, Абай жолы). Көрші елі, 
бозекеңнің момын екен, Сол елді Бозбай қасқыр торыр екен, Арық тоқты сойса да алып, 
Ел үшін арын сатқан обыр екен (М.Дулатов, Шығ.). 
753. 
ОҒАШ сын. 1. Ерсі, дөрекі, өрескел, сөлекет. Атқа тыныш, адамға және жайлы Алды-
арты бірдей сұлу, көзге ыңғайлы. Оғаш, оғат, оқыра, сызаты жоқ, Ер қайда сыр-сымбаты 
түгел сайлы! (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Сондықтан Шолпанның мынау мінезі Сәрсенбайға 
да, басқаларға да жат, оғаш көрінді. (М.Жұмабаев, Шығ.). Отырған жұрттың көбі себебін 
білмегендіктен, кыздардың күлкісін оғаш көрді (Т.Әлімқұлов, Туған ауыл). 
754. 
ОҒАШТАУ сын. 1. Ерсілеу, өрескелдеу. Жас адамда, әсіресе, жас ақындарда кейбір 
оғаштау мінездер бола береді (Қ.Жұмалиев, Жайсаң жан.). Алғашқы сөздерінің аузынан 
оғаштау шыққанын енді аңғарған (А.Лекеров, Түз гүлі). 
755. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет