Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет315/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   348
18.08.2023 dis

ӨРІСІ [ӨРЕСІ] ТАР Мешеу, тоғышар. Тілді шала білетін қызметкердің өрісі тар 
болатыны күмәнсіз (Ә. Қарағұлов, Баспасөз.). Қанша дарын өресі тар пенделікке күйттелді. 
Кім дарынсыз дей алады Шыңғысхан мен Гитлерді? Жайпап өткен жанағанын Бірақ олар 
қара дарын Елестеткен тек қасірет қараны (М.Шаханов, Ғасыр.). 
800. 
ӨСЕКҚҰМАР сын. Өсекке әуес, өсекшіл. Он төрт жасқа шыққанда ауылдың 
өсекқұмар әйелдерінен өзінің Бектенбергеннің қызы екенін естіді (М.Жұмағұлов, Қыран.). 
Сақалы шошаңдап кім көрінгеннен насыбай сұрап жылмаңдаған алааяқ, өсекқұмарлар 
бедірейген күйінде телміре түсіп, қабағынан қар жауған есерсоқ байдың атарман-
шабармандарын байқайды (К.Оразалин, Көктем.). 


296
801. 
ӨСЕКШІ зат. Өсек тасушы, өсек айтушы. Өсекшілер ол қаңқуларды талай саққа 
жүгіртті (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз). – Ауылдарыңда Сағила деген бір өсек ш і қатын бар 
емес пе, хабар берген сол қыл ауыз («Қаз. әдеб».). Ішіне ішек айналмайтын өсекшінің 
жанын жай таптырмайтын басқа да жағдайлар болды (С.Бердіқұлов, Үшінші подъезд). 
"Правда" атаң айтқан жалғастырып, Отыр, менің жастығым, малдас құрып. Өрте, 
жалыным, өртеп жібер, Жүрсе өсекші ел-жұртты жауластырып (М.Мақатаев, Шығ.). Өз 
қолын өзі батып кесе алады, Бауырлас кекіл кесіп кете алмады. Салпы етек, сабау қамшы 
өсекшілер, Ел-жұрттың бірлігінен өте алмады (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). 
802. 
ӨСЕКШІЛ сын. Өсек сөзге құмар, лақапшыл. Ел аузына аты ілініп қалған әйел, 
қасында еркін қорғаушысы жоқ болған соң, өсекшіл қауымнан оңды-солды соққыны көре 
бастады (М.Әуезов, Қараш.). Таза жүрек, ақ пейіл. Ренжітпейді жолдасын. Өзің жалтақ, 
өсекшіл, Болсаң өмір оңбассың (Ы.Сандыбайұлы, Әндер.). Ас үйдегі анау өсекшіл, жеп-
ішкенге есепшіл. Мені ұры деді, мысық болмай құры деді (Қ.Мұқтиев, Екі мысық). // Өсек 
сөзге құмар, лақапшыл адам. Құтты болсын, келінжан, аяғынан, Осы еді ғой күткенім 
баяғыдан. Мал-мүлкіңе ие бол, арнап жиған, Өсекшілдің сақ болғын саяғынан (К.Әзірбаев, 
Таңд. шығ.). Өсекшіл, ойсыз, сумаңдар, Атадан алтау, ежелден жалқау Ұятсыз, жебір 
жылмаңдар (Ж.Сыздықов, Асулар). Қорқауды, өсекшілді қатарға алма, Кеселін тигізеді 
сапарға алда. Не бетімізді айтамыз Болашаққа, Жат қылықты қалдырмай апарғанда? 
(М.Мақатаев, Шығ.). 
803. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет