ӨКПЕШІЛ сын. Не болса соған өкпелейтін, жиі ренжігіш. Бала кезде мен өкпе шіл,
әрі тілазар болдым (Б.Соқпақбаев, Балалық шақ.). Өкпешілін қайтейін, Тарпаң тайдай
қылтыңдап; Бәтуасын қайтейін, Тазы ит қуған кояндай Қаққанша қабақ бұлтылдап (Дулат
Бабатайұлы, Замана.). Өкпешілмін, Өз ұлымын Даланың. Бір-ақ сөзден төсек тартып
қаламын. Емгер емес, Шипагерім өздерің, Қайран менің қағазым мен қаламым!
(Қ.Мырзалиев, Мәңгі.).
780.
ӨКТЕМШІЛ сын. Өктем сөйлейтін, үстемшіл. Арман таулар: Шығар шың-құзыңа
кім? Соны ойласам тағы да бұзыламын. Кейде тіпті өкпешіл әрі өктемшіл Саған бауырым,
керемет қызығамын (Е.Зікібаев, Қазақ әдеб.).
781.
ӨКІРЕҢ сын. Ұр да жық, өр кеуде. Өзім білем деген өкірегің осы ма; дырдай басқарма
бастығысың, бюро мүшесі дейді-ау сені!.. Тапқан екенсің жолдас-жораларың анау!..
(Д.Досжанов, Табалдырығыңа табын).
782.
ӨКІРЕШ сын. Өр кеуде, бірбет. Хан екен деп ханыңнан да қорықпан. Ол да көктен
түскен құдірет емес, алысуға болатын өкіреш пенделердің бірі екенін кеше ғана Үбедей
көрсетіп бермеді ме (Қ.Салғарин, Үбедей).
783.
ӨЛДЕБАР сын. Құры сүлде; әйтеуір жүрген бір тірі жан. Қарақан басын алып жүре
алмай құр текке қуғын-сүргінмен күн кешкен, не жұртқа, не өзіне рақаты жоқ жанның
қолынан мұндай тірлік келмейді де ғой!.. Әншейін бір өлде бар емеспін бе, несіне
шалабымды шайқаймын (Қ.Сәрсекеев, Қызыл жалау).
784.
ӨЛЕЗ сын. жерг. Бос, ынжық. Сүмелек Сарнояннан туды деуге илану қиын. Әкесіне
тартып өлез болмай, өрт болып жаралғанын айтсайшы (З.Жәкенов, Таң самалы). Ол
мынаның қасында бір ө л ез екен (Қ.Ілиясов, Қайран жастық).
785.
ӨНЕГЕСІЗ сын. Тәлім-тәрбиесі жоқ, көргенсіз, үлгісіз. Өнегесіз, тәрбиесіз өскен
жетім балаға қыз бермеймін (3.Иманбаев, Кең аймақ). Бұл мәселеде әйел, еркек деп
бөлмейміз, өйткені, жақсы-жаман, өнегелі, өнегесіз істер екеуіне де тән нәрсе («Қазақст.
әйелдері»). «Мейірбанды қала тұрғындарының көзқарастары» деген кітабында «Өнегесіз
шаһардың басшылары да өнегесіз» дейді, оқып көріңіз (Ш.Хұсайынов, Үкілі Ыбырай).
786.
ӨНЕРСІЗ сын. Қолынан ештеңе келмейтін, орашолақ, қабілетсіз. Өнерлі жігіт өрде
озар, Өнерсіз жігіт жер соғар (Қаз. мақал.). Жақсылар бізді есінен тастамаған, Өнерсіз деп
жаманға бастамаған (Алдаспан). Аржағы түрікпен менен ауған, тәжік, Мұсылман барлығы
да, дінге ортақ. Кәсіпке ерте кетіп, кеш қайтады, Өнерсіз оның бәрі іске шорқақ (Кердері
Әбубәкір, Қазағым.).
787.
Достарыңызбен бөлісу: |