Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет311/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   348
18.08.2023 dis

ӨЗГЕРМЕЛІ сын. 1. Өзгеріп тұратын, құбылмалы, тұрақсыз. Адам өзгермелі, 
құбылмалы жандық. Сондықтан оның қылығы да өзгермелі (Ж.Аймауытов, Шығ.).  
775. 
ӨЗІМШІЛ 1. сын. Қара басының қамын, өз пайдасын ғана ойлайтын (адам). Кісімсіп 
белгілі білгіш, Біреуге сондай-ақ күлгіш. Бұлықсып, бұлданып босқа, Өзімшіл, оңбаған 
шерміш (Абай, Тол. жин.). Қит етсе трибунаға шығып, аттан салу атақ құмарлардың 
өзімшілдердің ісі (Ә.Тәжібаев, Гүлден.). Өзімшіл болғаным жоқ, бірақ өзгенің де қамын 
ойлап жарытпадым (С.Шаймерденов, Қарғаш). Пайда-күнем, өзімшіл. Көз бен көңлі 
тоймаған. Өтірік, қулық онда бар Әдет қылып қоймаған (Қ. Тәкежанов, Қария.). 2. ауыс. 
Менмен, тәкаппар, өркөкірек. – Ендеше ғапу ет, Розажан. Өнер адамы өзімшіл болады 
(Т.Ахтанов, Көк-құтан). – Өзімшілсің. Менің айтқаным тура дейсің. Жолдастарыңның 
сөзін тыңдағың да келмейді (Н.Ғабдуллин, Қызық.). Өзімшіл болу жаман-ақ, Жеттім деп 
биік деңгейге. Білсем де мұны, жамағат, Артықтау кеттім мен кейде (Қ.Мұқашев, Жер.). 
776. 
ӨЗІМШІЛДЕУ сын. Өркөкіректеу, тәкаппарлау, менмендеу. Бәтестің мінездерінен 
әнеукүні байқап қалғанымның біреуі – өзімшілдеу, яғни, өз дегені бола қоймаса
өкпешілдеу (С.Мұқанов, Мөлдір махабб.). Күләш ерке мінезді, өз дегені болмаса кісінің 
айтқанына көне бермейтін өзімшілдеу қыз болып өсті (Ж. Молдағалиев, Айналайын.). 
777. 
ӨКПЕЛЕГІШ сын. Жиі өкпелейтін, өкпешіл. Ыбырайымның басқа балалармен 
көбінесе ойнамауының мәнісі: өкпелегіш. Қапелімде, болмашы нәрсеге-ақ, ренжіп қалады 


294
(Ә.Әлішев, Батыр.). Ал мен одан да бетер өкпелегіш едім (Т.Тобағабылов, Жазира). 
Көңілімнен кетпедің, Сенің көңілің мендей ме?! Өкпелегіш деп мені, Өкпеледің сен кейде 
(Ж.Нәжімеденов, Мезгіл.). 
778. 
ӨКПЕШІ сын. сөйл. Өкпешіл. Шал жоқ нәрседен секем аяғыш өкпеші кісі 
(А.Жағанова, Еркежан). Дей алман: Айгүл жеңілтек, Сұрама менен бұл қалай? Өкпеші, 
сенгіш, көңілшек, Қылт етпе, шіркін, қыздар-ай! (Н.Шакенов, Айгүл). – Таныстарыңның 
ешқайсысына болмайды деме. Өкпешіні көбейтіп аласың (М.Дүйсенов, Мейман.). 
779. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет