Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет316/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   348
18.08.2023 dis

ӨТІРІККЕ ЖҮЙРІК Өтірікші, суайт, шіміркпестен өтірік айтып үйренген. «Көктегі 
елдің абыройын төкпеңіз, Бар ма десе, жоқ болса да көп!» – деніз. Осы ақылды ешкім 
айтпай жаттадым, Өтірікке жүйрік болсақ, сөкпеңіз (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә.). 
804. 
ПАЙДАКЕР сын. Ебін тауып пайда түсіргіш, пайда тапқыш. Қарыз алған – айлакер, 
Қарызға берген пайдакер (Қаз. мақал.). Жақсыға келіп тұрса еркелегім, Пайдакер күйкі 
дастан жеркенемін. Бір жырым бір адамды ойға салса, Ақындық сол дер едім ең керегің 
(К.Салықов, Парасат сыры). 
805. 
ПАЙДАКЕШ сын. Пайдақұмар, пайдакүнем. Көрініп қалып жүр, Кейде бір-тоғышар, 
пайдакеш, жылпостар. Санада-саңлау жоқ, Кеуде-кір, Оларға-түк емес, Іс, жоспар 
(Р.Нұрпейісов, Мейірім). Пайдакеш елді жеген сұрақшылар, Заманы Некалаймен бірге 
батты. Аштықтан шұбай бердік атты-жаяу, Ой жетеу, ақыл алтау, жүріс баяу 
(Ә.Найманбаев, Шығ.). 
806. 
ПАЙДАҚОР сын. 1. Жоқ жерден пайда табуды мақсат ететін пайдақұмар. Халық 
мұрасын көрінген саудагер мен пайдақорлардың оңай олжа, талан-таражына салдырып 
отыруыңа бола ма? (А.Машанов, Жер асты.). Соғыс кезінде пайдақорлар бәсекемен қай 
нәрсенің болсын бағасын көтергені мәлім («Қазақ» газ.). Жайшылықта сабырлы жас 
трактор айдаушы ойын дәл түсіндірер сөз таба алмай күйіп-пісіп асыға сөйледі. – Пайдақор 
топас! (І.Есенберлин, Шығ.). 2. ж а ң а. Сауда-саттық жасап пайда түсіруші саудагер.  
807. 
ПАЙДАҚҰМАР сын. Пайдакеш, пайдакүнем. Американдық пайдақұмарлар алтынға 
бай кен орындарын сатып алды (Б.Бекмаханов, ҚазССР тарихы).  
808. 
ПАҢ сын. Керім, кербез, тәкаппар, менмен. Ант ішіп күнде берген жаны құрсын, Арын 
сатып тіленген малы құрсын, Қысқа күнде қырық жерге қойма қойып, Қу тілімен қулық 
сауған заңы құрсын, Бір атқа жүз құбылған жүзі күйгір, өз үйінде шертиген паңы құрсын 
(Абай, Тол. жин). Қайырсыз надан болма іші білмес, Паң болма жуан кеуде көзіне ілмес. 
Біліп қылған қылықтың айыбы жоқ, Пікірің парасатқа болса тілдес (Ә.Найманбаев, Шығ.). 
Сүйтіп жүрсек те, Оспанға жақпадық: екі баласын орысша оқытқанда, мені оқытпай қойды. 
әкем де, өзім де барып айттым, үндемеді, паң еді (Ж.Аймауытов, Шығ.). Менің көптен естіп 
жүрген әңгімемнің бірі Сағынайдың паң Нұрмағамбеті. (С.Сейфуллин, Тар жол.). Жұмабек 
болса, қазірдің өзінде жарты Игілік бола қалғандай паң екен (Ғ.Мүсірепов, Оянған өлке). 
Бердібек кейбір бастық сияқты адамға жуыспай шытырайып тұратын паң да емес, арамза 
қу да емес (3.Ақышев, Жесірлер). Қаламым, қарындашым – жан жолдасым! Жау болды, 
жан аяспас сан жолдасым. Қайрылып, мейірімденіп қарамайды, Кеше аласа, бүгін зор, паң 
жолдасым (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). 


297
809. 
ПАҢДАУ сын. Кербездеу, тәкаппарлау, менмендеу. Шу дегенде көрінер сұлу артық, 
Көбі көпшіл келеді ондай қаншық. Бетім барда бетіме кім шыдар деп, Кімі паңдау келеді, 
кімі тантық (Абай, Тол. жин.). Әдеппенен тамылжып, Мінезі тәтті болмайды. Сасық паңдау 
келеді, Қырт мақтаншақ оңбайды, Кісімсініп жалпылдап (Абай, Тол. жин.). 
810. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет