Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


ПІКІРСІЗ сын. Пікірі жоқ; жетесіз, ойсыз. ...алайда Төлеген пікірсіз де жігіт емес  (Ж.Аймауытов, Шығ.)



Pdf көрінісі
бет319/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   348
18.08.2023 dis

ПІКІРСІЗ сын. Пікірі жоқ; жетесіз, ойсыз. ...алайда Төлеген пікірсіз де жігіт емес 
(Ж.Аймауытов, Шығ.).  
824. 
РАҚЫМСЫЗ сын. Өте қатал, мейірімсіз, тас бауыр. Сондай қорлықтар үстіне 
жаңағыдай жуан бәйбішенің рақымсыз иттігін тағы естіген соң, Жұмыр Бөрібасарын ертіп 
шығып кетті (М.Әуезов, Шығ.). Ал еврей Бейлис немістердің еврейлерді жек көретінін
оларға рақымсыз екенін біле тұра, өз жолдастарын неге сатты? (І.Есенберлин, Шығ.). 
Еріксіз айырғанда менен сені, Тағдырдың қайтпақшы екен қанша кегі? Мінезін құбылмалы 
рақымсыз Басқасы көрсетуден бар ма, тегі? (М.Дулатов, Шығ.). Табиғаттың заңы қатты, 
үкімі рақымсыз, жолы толып жатқан кер мен кедергі, ісі шынжыр қатар тіркескен себеп 
пен салдар болып, алды-артыңды ораған шырмау (А.Байтұрсынов, Шығ.). Дүниеде менің 
ұлымның өлімінен де өткен, орны толмас қасірет бар, ол үшін бізге тірі жан келіп, көңіл 
айтып, қайғымызды жеңілдетпейді, тек қатал рақымсыз жауларымыз ғана “шоқ-шоқ” деп 
күліп көзімізден шұқиды (Қазақтар хақында). 
825. 
РИЯШЫЛ сын. Жәдігөй, сұрқия, зымиян. Рияшыл жалған жыршыларды да, Обыр 
Кәдірбайды да бет-жүзіне қарамай түйредім (Жамбыл, Бір томдық).  
826. 
РУХСЫЗ сын. Рухы жоқ, ішкі, табан тірейтін ұстанымсыз, ерік-жігерсіз, намыссыз. 
Нәпсі дер рухсыз жандарды, Мейлі адам, мейлі аңдарды. Үстіртін қарап ұқпайды, Қай 
молда мұны аңғарды? Мәнісін білмей шатасқан (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).  
827. 
САБЫРСЫЗ сын. Шыдамсыз, тағаты жоқ. Сабырсыз, арсыз, еріншек, Көрсе қызар 
жалмауыз, Сорлы қазақ сол үшін. Алты бақан алты ауыз (Абай, Тол. жин.). Бей қайраттың 
белгісі, Таласты жер кез келсе, Сөйле деп енді сөз берсе, Жалт-жалт қарап тұрады
Берекесін қашырып, Сабыр – ақыл серігі, Сабырсыз болма асығып (Майлықожа). 
Сабырсыз салмағы жоқ түрің мынау, Келісті кеңес шықсын қай тұлғаңнан (Айтыс). Тәтті 
қиял ұшығына жете алмай, ұзақ, сабырсыз оймен көзі іліне берген Ақан мызғи да алмады 
(С.Жүнісов, Ақан сері). Іштеріндегі сабырсызы да, ақылы аздауы да мен едім (Р.Тоқтаров, 
Тұлпар.). Сабын кірді ашады, сабырсыз сырды ашады (Мақал). 
828. 
САЙДАҚЫ сын. жерг. Қу, сұм, зымиян; сайқал. Образдар көбінесе хайуандардың 
өздеріне тән пиғылдарын айқындай түсу арқылы жасалады. Мысалы: қасқыр — зорлық-
зомбылық күш, түлкі – сайдақы, қу; аю – аңқау, алаңғасар ретінде сипатталады (Қ.Сиранов, 
Кино туралы.). 
829. 
САЙҚАЛ сын. 1. Жеңіл жүріске салынған, жәлеп, жүргіш. Жастай қосылған қосағым 
орта жастан асқанда бір сайқалды құшақтап жатқанын көріп, жарылып кете жаздадым 


299
әуелгі кезде (3.Ақышев, Ақбел.). Әлгі Жәмила сайқалдың қылығы жанымды жегідей жеп 
барады (Ә.Нәбиев, Шолпан).  
830. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет