САЛАҚТАУ сын. 1. Ұқыпсыздау, шаруаға қыры жоқтау. Салақтау кейбір сенің
мамандарың (Айтыс). 2. Шорқақтау, епсіз. Есепке менің салақтау екенімді, сондықтан
балалардың соңына таман шығатынымды ол жақсы білетін еді (Д.Исабеков, Тіршілік).
837.
САЛДАҚ Екі сөзді, екіжүзді болды. Расында Сүлеймен партияда ел аларлық, дүние
шашарлық, салдақ боларлық кісі емес, біртоға, сыпайы, шаруақор адам еді (Ж.Аймауытов,
Шығ.).
838.
САЛДАҚЫ сын. Қар, сайқал, жүзі қара. Өңгей салдақы неме! Екеуіңді бірдей жерге
қағып жіберейін бе (Ж.Аймауытов, Шығ.). Бір жетіден кейін жалпы жиналыс болғанда,
Афанас Петрович айтты: Жолдастар! Бір сұмдық бар, сұмдық! Мынау салдақы қазақ қатын
екі баланы тең емізбейді екен (М.Жұмабаев, Шығ.). Деді де жетіп барды Айсұлуға: «Бай
керек пе салдақы сендей қуға!» Жұлқылап бүркеншігін, ішке тепті, Ойнастан дайынсың
деп ұл табуға (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
839.
САЛДАМАН 1. сын. жерг. Салдақы, жезөкше. Ойбай-ау! Менің күйеуім ше? Ол енді
менің маңыма жолар ма? Орыстан қалған салдаманды ол неғылсын? Тым болмаса
бұзылмаған қаймағым, соған да бұйырмады-ау! (Ж.Аймауытов, Шығ.). 2. ауыс. Арсыз,
жеңілтек, абыройдан жұрдай. «Ағалар, осындайда ойна да күл», – деген үкілі Айша
сияқтылардың жалғыз-жарым салдаман өлеңдері болмаса, жалпы әйелдердің өлеңі, көбіне
теңіне тие алмағанын, малға, шалға сатылғанын, қорлық көргенін, оң жақтағы дәуренін,
тым болмаса бір жылша ұзатпай тұруын жырлаған, сұраған, еріксіз, көріксіз өксіген
өмірлерін суреттеген мұң-зарлы, қайғы, шерлі еді (Ж.Аймауытов, Шығ.). Түтін аңдып
жүретін, өлеңінде бес тиындық құн қалмаған салдаман әншілер де келді (Ж.Аймауытов,
300
Ақ білек). Әнші пәлен дәріпті емес. Шілдеханада айтатын салдаман өлеңдер мен әр әннің
басын шатып, соғып отыр (Ж.Аймауытов, Шығ.).
840.
САЛМОЙЫН сын. Өркөкірек, өте тәкаппар, топастау адам; тоңмойын. Бір
салмойын сал келер, Омырауы дал келер. Бақайынан келмес-ақ, Өзінен басқа пенделер
(Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
841.
Достарыңызбен бөлісу: |