САНАСЫ ЖОҚ САБАЗ Есер. Сабаздар санасы жоқ сатылып жүр, Тізесін не момынға
батырып жүр. Алдында аңдап тұрған ақиқат жоқ, Сырын түйіп, сілесін қатырып жүр.
Өзінікі жетпей ме тәуба қылса, Ит болып нәпсіге еріп шатылып жүр (Ә.Найманбаев, Шығ.).
842.
САРАҢ сын. Біреуге бірдеңе бере қоймайтын, қолы тар (адам). Сұрағанда бермеген
Сараң емей немене; Кісі ақысын көп жеген Арам емей немене (Бұқар жырау). Кеңшілікте
жараспаған, Таршылықта бастырмайды маңайын, Сараң байдан сұрасаңыз ат майын,
Бермес үшін айта берер жоқ жайын (Шешендік сөздер). Арасын ашып көрсетпесе де, Әдиб
Ахмед адамды пендеден бөліп алады да, пендені пайдақор, сараң, дүниеқоңыздық сияқты
жат қылық иесіне жатқызып, адамды қайырымдылық, жомарттық, адамгершілік,
ақылдылықпен теңейді (Қаз. дала. ойшыл.). Әдиб Ахмедтің де, Абайдың да ұғымында –
пенде біреуге бірдеңесін тегін бермейтінметін – сараң. Оның табатыны да, мақтанышымы
да – малы (Қаз. дала. ойшыл.). Қас екеніңді қабағыңнан танимын, сараң екеніңді
табағыңнан танимын (Мақал). Мырза менен сараңды Өлшестіріп қарасаң Ылди мен зәулім
асқардай. Ғалым менен наданды Салыстырсаң білерсің Дария шіреп тасқандай (Базар
жырау, Шығ.).
843.
САРАҢДАУ 1. сын. Сараңдығы бар, қолы тарлау, қытымырлау. Құланбайдың
ұнамайтын бір мінезі – сараңдау. Құлаңасқаға шөпті сығымдап, шымшып қана береді
(М.Дүйсенов, Ант). Мұғаліміміз көңілі жайдары кездің өзінде де бағаға сараңдау болатын,
енді ашу үстінде несіне бөгелсін «бірлікті» сытырлатты да тастады (К.Асанов, Сағыныш).
2. ауыс. Жиі емес, сиректеу. Сараңдау көтеріліп өскен жас егін елдің көзін бірден тартты
(С.Бегалин, Ана қайраты).
844.
САРМОЙЫН сын. Жуан мойын, жалқау (адам). Сармойын! Ер жетті ғой балаларың,
Пәледен құдай сақтар бірер-жырым. Бұлардың күндіз-түні жанында бол, Жоқтатпай
сорлылардың аналарын! (А.Байтұрсынов, Шығ.).
845.
Достарыңызбен бөлісу: |