Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет324/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   348
18.08.2023 dis

САУЫҚ-САЙРАНШЫЛ сын. Ойын-күлкі, той-думанды ұнататын, тамашашыл
Жаңағы Жапекең ақсақал кезінде өнерлі сауық-сайраншыл адам болған еді (Бал дәурен). 
851. 
САУЫҚШЫЛ сын. Той-думаншыл, қызыққұмар, тамашашыл. Ашық көңілді
сауықшыл ел-жұрттың баласы да сауықшыл ер болмақ, Діндар елдің баласы діндар келеді. 
(Ж.Аймауытов, Шығ.). Мырзалар, аң құмарлар су жағалап қаршыға салып, сауықшыл 
жастар ауыл сыртында күресіп жүр (Ғ.Мұстафин, Көз көрген). Қазақтардың сауықшыл 
халық екенін, әсіресе, ән мен күйге өте құштар екенін ориенталист ғалымдар ертеден 
байқаған-ды (I.Омаров, Серпін). Сол күлкі шықпаса жарылып, Кең дүние кетпей ме 
тарылып. Кей-кейде сауықшыл боламын, Өскен соң шаттықкқ зарығып (К. Салықов, 
Жезкиік.). Алатау, туып өстім алабыңда, Жетісу желі жұпар самалында, Атанып әнші-ақын 
еркеледім, Сауықшыл қырғызы мен қазағына (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). 
852. 
САХАУАТСЫЗ сын. Ашкөз, қызғаншақ. Пайғамбарлар шағында Әлек қылған 
Құдайым Сахауатсыз байларды. Сыналар күнің алдында Таңда маһшар күнінде Жұрт 
жиналған той бар-ды (Кердері Әбубәкір, Қазағым.). 
853. 
САЯСАТҚҰМАР сын. Бәрін саясатқа айналдыратын, айлакер. Шыныңда да 
«саясатшы» деген атау орысшасы сияқты шынайы саясат адамын бейнелейтін болса, 
саясатқұмар деген сөз ақыл-парасаты төмен, пайымы таяз бірақ пысықсынған белсенді 
адамның кейпін білдіреді, ал «саяси» деген сөз өзінің тұпнұсқасы сияқты анықтауыш 
қызметін атқарады (Қ.Сағындықов).  
854. 
САЯСАТШЫЛ сын. Нені де болса саясатқа бұрғыш, саясат жөнінде көп айтқыш. – 
Жарайды қойшы әрі, басты қатырмай, саған ерем деп мен де саясатшыл боп барамын 
(А.Шамкенов, Табамын.). Бұлардың үлкен-кішісінің бәрінің әлдеріне қарамай, саясатшыл 
ы н а й деген ой келген мұны естігенде (О.Сәрсенбаев, Бақыт.). Берердей сау адамға ақыл-
дәрі, Бір айтқыр талай әнтек тақылдады. Әрине, саясатшыл сумақайды Түлкілер «төрге 
шық» деп мақұлдады (К. Салықов, Жезкиік). 
855. 
СӘЙКІ сын. Кербез, сылқым, әсемпаз. Ішінде емес, бар қызығы сыртында,– Деді біреу 
күлкі үйріліп мұртында. Сыртқа қарай жапырыла жөнелдік, Жедел басып сәйкілерде, 
сылқым да (C. Жиенбаев, Алтын қалам.). 
856. 
СӘНҚОЙ сын. Жылтыраған әдемілікті ұнататын әсем құмар. Кеңірдегін сорайтып, 
кеудесі ашық, Осы емес пе орынсыз сәнқой деген. Ойлашы, осы ақылға жараса ма, Емес 
пе ержетпеген бала-шаға? (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Маржан қырықтарға келіп қалса да, 
өзін әлі жаспын деп сезінетін желөкпе, сәнқой әйел еді (М.Иманжанов, Көк белес). Өмірбек 
дейтін сәнқой милионер жігіт бір күні біздің ауылдың үстінен өтіп бара жатып Бибігүлді 
кездестіреді (Б.Соқпақбаев, Балалық.). Бір жігіттей қайрат-күші бар, өзін сәнқой, кербез 
санайтын Жұмабекті қыздар түгіл, жігіттер де жақтырмайды (Ә.Әлішев, Батыр.). 
857. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет