302
858.
СӘНШІЛ сын.
Жылтырағанға жаны құмар, сәнқой. «Сәнқой» сөзі «әдемілікке әуес,
сән қуғыш» деген мағыналарды білдіретінін, оның «сылаң, сәншіл, әсемпаз»
сияқты
синонимдері барлығын ескерсек, бұл атаудың осы
ательенің атын шығарып емес, қайта
беделін түсіріп тұрғанын да аңғаруға болады («Сарыарқа самалы»).
859.
СЕЗІМСІЗ сын.
Қайырымсыз, мейірімсіз, енжар. Жүрексіз, жансыз, суық тас, Отты,
суды жуытпас. Мейлің жыла, мейлің күл, Сезімсіз жүрек сыр ұқпас (М.Хакімжанова,
Таңд.). Сезімсіз әйел – иіссіз гүл. (Ж.Аймауытов, Шығ.). Тасжүрек, ойсыз адам. Демеймін
мен бәрінің де рухы – жетім, құны – кем, Серімін селкілдеген сезімсізден түңілем («Рахмет
самалы»).
860.
СЕНІМСІЗ сын.
Опасыз, тұрақсыз, тұрлаусыз. – Мені
сенімсіз адам деп, қорқатын
болсаңыз, өз жөніме кете берейін (С.Омаров, Өмір.). Дұшпан көп, достымыз аз,
халық
сенімсіз, я, алла, тура жолға өзің баста! (М.Дулатов, Шығ.). Демейік қойлардың да ішін
аппақ, Оңай ма Арыстаннан алу ақтап? Шыққан соң сенімсіз боп, бұл қойларды Ал енді
Арыстанға қалай бақбақ?! (А.Байтұрсынов, Шығ.). Ұрыны сенімсіз көріп, қашып кетеді
деп, аяғына кісен салушы еді (М.Әуезов, Қараш-қараш.).
861.
СЕСКЕНГІШ сын.
Сескене беретін, тіксініп қалғыш. Сезікті адамның сескенгіш
келетін әдеті ғой (Ә.Әбішев, Жас түлек.).
862.
СЕСКЕНШЕК сын.
Жасқаншақ, қорқақ. Дененің қайда сүйек- буындары, Көзді ашып-
жұмғандай-ақ бұрылғаны. Созылып сағыздайын иілгенде, Жүрегі сескеншектің зуылдады
(Д.Еркінбеков, Шығ.).
863.
Достарыңызбен бөлісу: