Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет326/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   348
18.08.2023 dis

СЕСКЕНШЕКТЕУ сын. Жүрексіздеу, қорқақтау. Сескеншектеу бала. 
864. 
СЕСТІ сын. Түсі суық, сұсты. Айлалы, епті, салауат сесті, сегіз қырлы, бір сырлы 
бопты (К.Әзірбаев, Аңыздар сыры.). Сесті адамды әркім артық пір санар, Дертті жандар өз 
тағдырын пір санар (Ғ.Орманов, Сәт сапары.). Осы бір кезде ол Балықбай көзіне айбынды, 
сесті көрінді (С.Бақбергенов, Адам.). Ол состиған түрімен сесті көрініп кетті (А.Байтанаев, 
Қайнар.). 
865. 
СИПАҚШЫЛ сын. Сипақтап қалған, өз шешімі жоқ, батылсыз. Сылбыр редактор 
сипақшыл келеді, Сылдыр редактор с и пақ шыл келеді (М.Әлімбаев, Өрнекті сөз.). 
866. 
СИЫР МІНЕЗ Сүйкімсіз қылық (көрінген нәрсеге орынсыз соқтыққанда айтылады). 
Ағаштық ісімізді білмедік пе? Көңілін бұл нәрседен кірледік пе? Сықылды сиыр мінез 
жаман елміз, Орданың бір жерінесүйкендік пе? (І.Жансүгіров, Шығ.).  
867. 
СИЫР ТЕКТЕС Жөн сөйлемейтін, қисық, қыңыр. Өзі сиыр тектес, бір жан, жөнмен 
жүргенін көрген емеспін (А.Тоқмағамбетов, фр.).  
868. 
СОҒЫСҚҰМАР сын. Соғыс ашуға дайын тұратын, соғысты тілейтін. 
Соғысқұмарлардың бүкіл әлемдік қырғынды бастауға батылдары бармайды (М.Мағауин, 
Көк мұнар). Әкесі Ұлы жүздің Аққойлы деген атасынан еді, соғысқұмар, қаны бұзық боп 
өсті (Ж.Тілеков, Хинган асу.). Ойрандалмаған ордаң бар, Солар үшін, Алдыңа тостым 
нанымды, Соғысқұмарларды құртыңдар (Е.Ибраһим, Жас.). 
869. 
СОДЫРЛАУ сын. Мінезі сотқарлау, бұзақылау. Тұмарбай ұр да жық, содырлау жан 
болғанымен, сөз мәнін түсініп, астарын сезе қояды (Қ.Исабаев, Айқыз). Менің осы інім 
содырлау болып өсіп келеді (О.Сәрсенбаев, Таңбалы тас). 
870. 
СОДЫРЛЫ сын. Бейбастақтығы, бұзақылығы бар. Екі күнге созылған сесияда 
делегаттардың айрықша көңіл аударғаны бас секретарьдың содырлы әрекеттері жайлы 
болды (Ғ.Мүсірепов, Достық.). Содырлы жау, сойқан жау, Сияқтанып Балқан тау
Ұйықтағанда түсімде, Үрейімді алған тау (М.Әлімбаев, Жүрек.). 
871. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет