Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет339/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   348
18.08.2023 dis

ТЕРІСАЗУ сын. Өзінше бір қырсық, қыңыр. Мынау бір терісазу болмаса еді, – деді 
Олжабек ішінен (Ғ.Мұстафин, Шығ.). Бұрын орталарынан Кеңгірбайдай терісазу мықты 
биі шыққан ел (М.Әуезов, Шығ.). 
955. 
ТЕТІР-ТЕНТЕК зат. Бұзық, тентек. Мысалы, тасқын кезінде жұрттың мүлкін тонау 
басталған. Сондай тетір-тентекті тыюға ол қорқытатын әділ бұйрық берген 
(Б.Қыдырбекұлы, Маздаған шырақ). 
956. 
ТОЗАҚЫ сын. Содыр мінезді, сотқар, бұзақы. Ерте шапқан жарыстан, Шулатып 
кешке озатын. Боз тұлпарды өлтірген Нығмет қандай тозақы (К.Әзірбаев, Шығ.).  
957. 
ТОҢ МІНЕЗ Дүңк етпе, бір беткей, қиқар. Елдегі жемқор болыс, билердің бастығы 
болған Тезек төре ұрлық қылдырады, нашарға жәбірлік істейді, Тоң мінез, ұр да жық, елге 
жағымсыз болады (М. Әуезов, Әр жыл.). Керуен басы қайтып сөзге келмей, бойына біткен 
тоң мінезбен ішінен түйіліп, тез бұрылып кеткен-ді (Д. Досжанов, Жібек.). Дегені болмаса, 
дес бермейтін бір беттілігіңесалып көрмейсің бе?! – деп тоң мінез танытып қалды («Лен. 
жас»). 


311
958. 
ТОҢ-ТОРЫС сын. Тымырайып қатып қалған, томаға-тұйық, қыңыр. Тәкежанның 
Әзімбайы өзінің көп арам есеп, айла-тәсілін, сырты суық тоң - торыс мінездерін осы 
Есентайдан оқитын (М.Әуезов, Таңд. шығ.). Қандай ренжігенде де Дәулеттің қайтымы 
жылдамдығын білетін, үш-төрт күн тоң-торыс жүрсе де, бір сағатта өзі жұғысып, ерке бала 
мінезі ұстап кететін (М.Сүндетов, Құмда.). Біріне –бірі бөтен адамдай тура қарамай тоң-
торыс болып, үн-түнсіз отырғаны (Б.Мұқанов, Жалғыз жазу). Жайшылықта тоң-торыс
суық мінезді дударбас өзіне-өзі себебін айта алмастай халде күліп жіберді 
(Б.Мұхамеджанов, Өзіме де сол керек). 
959. 
ТОҢЫРАЙЫҢҚЫ сын. жерг. Кісіге жанасымы жоқ, сырдаң(адам). Бұлар 
тоңырайыңқы жандар көрінеді (Қазақ тілі. аймақ. сөздігі). 
960. 
ТӨРЕШІЛ сын. көне. Мансап сүйгіш, әкімқұмар. Ежелден т өр е шіл, бақшыл болып 
үйренген ел жуандары оқығандардың әлгіндей ауруын жарастықты істеп көріп жүрді 
(М.Әуезов, Қараш.). Ал, аламандықты алға ұстап жүрген мен емес, өзің сияқты 
қаратаяқтылар: ханшыл, бекшіл, төрешіл задалар (X.Есенжанов, Ақ Жайық). 
Тілемсековтің төрешіл, әкімқұмар, дөкір екендігіне бұл бір айғақ (Б.Қыдырбекұлы, 
Ешкім.). Оңбайдың төрешіл деп жүргені қара сұр жігіттің бетің бар, жүзің бар демейтін 
осы тікшілдігі болса керек (Ә.Кекілбаев, Құс қанаты). Анау әлгі, өкімет ондай төрешіл 
мінезді жақтырмайды (С.Сматаев, Ақ желек).  
961. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет