66
имандылықты,
әдептілікті,
ізгілікті,
салауаттылықты,
сабырлылықты,
биязылықты, қайырымдылықты көрсететін қазақы ұлттық мінез» [74, б. 13-18].
Қазақы тіршілікте
кісі сөзінің
адам, пенде, қонақ мағынасынан басым түсетін
«адамгершілігі, адамшылығы жоғары тұлға» деген мағынасы бар.
«Әттең,
қайтейін... сенің сондағы төрең кісі емес екен, сөзінен танып кетті ғой, – деді
Тәуке» (I.Жансүгіров, Шығармалары). Осыдан келіп,
кісі емес, кісілігі бар,
кісілігі төмен деген сөздер шығады. Өйткені
бұл сөздің бойында имандылық,
ізгілік, қайырымдылық, рахымдылық, ақылдылық, әділдік, жауапкершілік т.с.с.
адамшылық қасиеттер жинақталған.
Сондықтан «Қазақ кісілігін жоғалтпаған, жауының да озбырлығын
кешіресалатын халық» деген О.Сапиевтің сөзін Ә.Қайдар былай ашады: «бұл
қазақ болмысына тән: әрқашан да бойындағы кісілік қасиетін сақтап қалуын,
оның етек-жеңінің кеңдігін көрсететін кешірімділікке
тез баратын әдетін
көрсетеді (Егемен Қазақстан. 25 қыркүйек 1999)>» [1].
Кісіліктен өрбитін, кісіліктің одан ары сапалануы, адам жасының ақыл
парасаты толыққан, егде тартқан шағында пайда болатын мінезі
парасаттылық
болып табылады. Парасатты сөзі – толық адам, кемел адамға айналатын адамның
қасиетін көрсетеді. Жастарға немесе қыз келіншектерге парасатты деген сөз
айтылмайды. Яғни парасатты сөзі жасы үлкейген,
көбіне ер адамға және әйел
адамға, бәйбішеге айтылады. Ә.Қайдар “Қазақ – бір адамның құнын бір ауыз
сөзбен шеше алатын халық” деген тәмсілді <бұл қазақ халқының бойындағы екі
түрлі қасиетке байланысты: біреуі – сөздің нарқы мен парқын айыра білетін,
аталы сөзді пір тұтатын, оның құдіретті күші
алдында тақ тұрып, пәрменді
шешімін бұлжытпай орындайтын имандылық болса, екіншісі қисынды сөзден
тосылып, бұлтартпас уәжге тоқтайтын мәрттік пен парасаттылық.
Қылышын
қынабынан суырып, бас алуға, қан төгуге тас түйін болып қаһарланған батырды
да аталы сөз ғана тоқтата алған. “Саптыаяққа ас құйып, сабынан қарауыл
қарағандай” бір-бірімен арбасып отырған қазақ билерінің бітпес дауын да
шешетін бір ауыз сөз болған... Бұл да қазақ халқының менталитеттік бір қасиеті
болса керек>» [1, б. 40]. Қандай халықтан деп анықтауы осы парасатты халықтың
сипаты болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: