Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


АҚЫЛДЫЛЫҚты таңбалайтын бірліктер (68)



Pdf көрінісі
бет32/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   348
18.08.2023 dis

АҚЫЛДЫЛЫҚты таңбалайтын бірліктер (68): абайлағыш, ақ-қараны 
танитын, ақылшы, алды-артын аңдайтын, аңғарғыш, аңғарлы, аңғарымпаз, 
аңдағыш, аңдампаз, ауызбаққыш, бағдаршыл, байқағыш, байқампаз, байыбына 
барғыш, байымдағыш, байыптағыш, байыпшыл, бақылампаз, барлағыш, 
барлампаз, басбілгі, болжағыш, білгір, дана, данагөй, есті, жақсы мен 
жаманды айырған, жансебіл, жетелі, зейінді, зер салғыш, зерделі, зерек туған, 
кемеңгер, көкірегі ояу, көкірегі сезімді, көкірегінде көзі бар, көпті көрген
көреген, қия жазбас, қырағы, озық пікірлі, ойлампаз, ойлы, оң мен солын 
танитын, оялы, өсиетшіл, пайымшыл, сақ, саналы, сауысқаннан сақ, сезгір, 
сезгіш, сезікшіл, сезімді, сезімпаз, сезімтал, сезімшіл, сезінгіш, тануға шебер, 
танығыш, танымпаз, тебіренгіш, тебіреншек, тексергіш, топшылағыш, 
үңілгіш, ықыласты. 
Мысалы, Бақытгүл жүрегінің құпиясын көрсетпеуге тырысып, жүзін 
көзден жасыра беретін. Бірақ көз де аңдығыш, тез барлағыш (Н.Ғабдуллин, 
Сарғ. жап.). Есейіп қалған тәріздімін, Оқығым келеді-ақ, мектеп жоқ, басбілгі 
жанашыр жоқ (Ж.Орманбаев, Тұзақтал.). Бұл кемпір ұрғышыдан туған зерек, 
Кісі екен оқымысты жөні бөлек. Екеуін бір емшектен емізбеске Алланың бір 
хикметі болса керек (Ш.Құдайбердиев. Шығ.). Оялы жігіт, Орта ойдан, Алыс 
жүр басың аманда (Қ.Мырзалиев, Домбыра). Деген сияқты мәтіннің өзінде 
аталып отырылатын мінез сипаттар.
Ә.Қайдар қазақ аңғалдығы баладай, ақылдылығы – данадай деген ел 
аузындағы тәмсілді өтірік пен шынның, адалдық пен арамдықтың парқын көпті 
көрген қарттай пайымдап жатпай, кім не айтса соған оңай сене қалатын жас бала 
секілді, бірақ ақыл-парасаты сол мінезіне қарай тым қарадүрсін, қарапайым, 
жұпыны емес, терең де тегеурінді, даналық нышанын танытатын абзал 
қасиеттері бар дегенді тереңнен толғай білдіреді. Бұнда қазақ халқының бойында 
екіұдай қасиеттің бар екенін, бірі – аңғалдық, әр істі пайымдап, оның дұрыс-
бұрыстығына көзі жетпей жатып, жас баладай оңай сене қалуы, екіншісі – ойлау 
қабілеті, ақыл-парасаты сол баладай жұпыны да қарапайым емес, терең де 
тегеурінді даналық нышанын танытатындығын, қазақ халқының даналықпен 
өмір заңдылықтарын, философиялық ой түйіндерін байыппен дәлелдейтінін 
түсіндіреді [1, б. 15].  
Нұрлан Тайжан қарияны әкесінің досы деп қана сыйламайды, жақсы 
көреді, дүние қадірін түсінген дана шал, көргені көп аңшылық әңгімесін 
қызықтырып нәшіне келтіріп айтады (3.Шашкин, Сенім) [73]. Ә.Табылды дана 
тұлғаның «мен білемін» деп кеуде қақпайтынын, білетінін әдеппен, 


62
ұлағаттылықпен ұғындыратынын, сөзі қисынды, ойы терең, іс-әрекеті үлгілі 
болатынын, кішіпейіл болатынын айтады [74, б. 13-18]. 
Ислам негізінде жатқан мән: әрбір істі дұрыстығымен атқару, ол үшін адам 
баласына Алла тағала ақыл, сана, зерде беріп жаратқан. Халық ішінде "игі 
жақсылар" деп ақылды, мінезді адамдарды атаған, өз ұрпағын "жақсы болыңдар" 
деп тәрбиелеген [75, б. 44-55]. Қазақ мәдениетінде ақылдылық сабырлылықпен, 
байыптылықпен, саралай білетін қабілетпен байланыста түсініледі. Ол көбіне 
көрумен, байқаумен қатысты. Мысалы, абайлағыш, ақ-қараны танитын, алды-
артын аңдайтын, аңғарғыш, аңғарлы, аңғарымпаз, аңдағыш, аңдампаз, 
ауызбаққыш, байқағыш, байқампаз, байыбына барғыш, байымдағыш, 
байыптағыш, байыпшыл, бақылампаз, барлағыш, барлампаз, жақсы мен 
жаманды айырған, зейінді, зер салғыш, зерделі, қырағы, оң мен солын танитын, 
сақ, сауысқаннан сақ, сезгір, сезгіш, сезікшіл, сезімді, сезімпаз, сезімтал, 
сезімшіл, сезінгіш, тануға шебер, танығыш, танымпаз, тексергіш, 
топшылағыш, үңілгіш деген атауларда зат, құбылысты көкірек көзбен тани алу 
басым көрінеді.
Қазіргі білім мен техника заманында қазақ халқының бұл мінезі біліммен 
байланысты 
жаңа 
атауларды 
жасады. 
Сөйтіп, 
қазіргі 
қолданыста 
білімқұмарлыққа 
қатысты 
сөздер 
көп. 
Және 
қазақ 
мәдениетінде 
білімқұмарлықты адам мінезінің жағымды, жақсы сипатына балау басым. «Қазақ 
әдеби тілінің сөздігінің» 15 томдығынан жинаған мына сөздер синтетикалық 
жолмен көбірек жасалған: БІЛІМҚҰМАРЛЫҚ (49): ақылды, білгір, білгіш, 
білермен, білмір, білікті, білімдар, білімді, білімқұмар, білімпаз, біліскер, 
ғылымпаз, даңғыл, жан-жақты, зейілді, зейінді, зерделі, көзді, көзі ашық, көзі 
қанық, көкірегінде көзі бар, көп білетін, көп оқыған, қарақты, құймақұлақ, 
ойлампаз, ойланғыш, ойлы, ойшаң, ойшыл, оқымысты, өзіне де, өзгеге де 
талапшыл, саналы, сарапшыл, сауатты, сұңғыла, талабы таудай, талап 
еткіш, талап қойғыш, талапты, талапшыл, тыңдағыш, ұмтылғыш, үйренгіш, 
үйреткіш, үйретімпаз, іздемпаз, ізденгіш, ізденімпаз. 
Мысалы, Менің кешегі жәрдемшім, оқушым десең де болады, Нұрке 
Әжімов ақылды, білгір адам, сөз жоқ зерттеу әдісін ол дұрыс тапқан болу керек 
(I.Есенберлин, Айқас). Ал бір ескінің әңгімесіне даңғыл адам еді (Қаз. тілі. аймақ. 
сөздігі). – Осың дұрыс, – деп қоштады Темірхан. – Сонда қай заводқа 
бармақшысың? – Соны көзі қанық сендерден сұрағалы тұрған жоқпын ба? – 
деді Қалихайдар («Лен. жас»). Ілияс өте ақылды, жинақы, саяси жағынан 
барынша сұңғыла, партиялық тілмен совет әдебиетінің барынша халықтық, 
интернационалдық екенін айтты (С.Мәуленов, Үркер.). 
Білімқұмарлық қазақ үшін білуге құмарлықпен байланысты: білгір, білгіш, 
білермен, білмір, білікті, білімдар, білімді, білімқұмар, білімпаз, біліскер, жан-
жақты, зейінді, көп білетін, көп оқыған, сауатты, тыңдағыш, ұмтылғыш, 
үйренгіш, үйреткіш, үйретімпаз, іздемпаз, ізденгіш, ізденімпаз. Екіншіден 
оймен байланысты: зерделі, көзді, көзі ашық, көзі қанық, көкірегінде көзі бар, 
қарақты, құймақұлақ, ойлампаз, ойланғыш, ойлы, ойшаң, ойшыл, оқымысты, 
саналы, сарапшыл, сұңғыла. 


63
Атауларының көптігі жағынан келесі топ момындық деген ұғымға 
жинақталды. Бұл қазақ халқының табиғатына жақын жағымды мінез болып 
табылады. Академик Ә.Қайдар бұл қазақ менталитетіне байланысты көп 
айтылатын сипаттама екенін, оның шындыққа жанасатынын, бірақ момындық 
ынжықтық емес екенін, бұл арадағы «момындықты» мұсылмандық тұрғысынан 
«имандылық, инабаттылық» деген мағынада қабылдаған жөн екінін дәл 
анықтайды [1]. 
«Қазақ әдеби тілінің сөздігінде» осы ұғымды беретін мынадай тіркестер 
бар. МОМЫНДЫҚ (63): алаңғасар, аңғал, аңғырт, аңқау, аңқау-аңғал, ашық 
ауыз, бетегеден биік, бұйдалаған тайлақтай, бұйығы, есектен де жуас, жуас, 
жуас-қоңыр, жусаннан аласа, иланғыш, иленген терідей, иі жұмсақ, иіс алмас, 
келісімпаз, көнбіс, көнгіш, көндіккіш, көндімбай, көнтерілі, көніккіш, көнікті, 
көнімді, көнімшіл, көтерімді, қақ-соқпен ісі [жұмысы] жоқ, қақ-соқсыз, қой 
аузынан шөп алмайтын, қой мінезді, қойдай жуас [момын], қойдан қоңыр, 
қоймүрет, қойторы, қоңынан кесіп алса да, қулық-сұмдығы жоқ, қулық-
сұмдықсыз, қулықсыз, можан-топай, момақан, момын, мондыбай, мондыбас, 
моп-момақан, мұрнын тескен тайлақтай, нанғыш, нанымпаз, сенгіш, сенімпаз, 
сенімшіл, сып-сынық, тойған қозыдай [қозы секілді], тұйық, тығырықталған 
түйедей, тілалғыш, тірі жанға қиянаты жоқ, ұя бұзбас, ұяң, ызбарлы, 
ымырагер, ымырашыл. 
Мысалы, Осындағы бас көтерер азамат Сәмет Томайұлының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет