Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет48/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   348
18.08.2023 dis

аузынан сөзі түскен, аумақай, ауызбаққыш, ашықауыз, батылсыз, батылы 
[дәті] бармайтын, бейқам, бетқақты, божырақ, бозөкпе, болбыр, болпаш, 
бопай, бопсасыз, боркемік, бос, босбелбеу, бошалақ, былбыр, былжыр, егілшіл, 
ез, езгек, енжар, есектен де жуас, еті тірі емес, жалтақ, жалтаң, жалтаңкөз, 
жалыншақ, жалынымпаз, жасқаншақ, жасық, жетесіз, жуас, жүрегі [көңілі] 
шайлыққан, жүрегі дауалай бермейтін, жібі бос, жігерсіз, жігері жоқ, 
именшек, итіншек, кеудесінде оты жоқ, көк есек, көнбіс, көнімшіл, көңілі 
борпылдақ, көткеншек, күйзелгіш, күйрек, күйреуік, қажырсыз, қайратсыз, 


84
қамшысын алып беруге жарамайтын, қожбантопай, қойнынан бөзі түскен, 
қойпалақ, қорғалақ, қорғалаң, қорғалауық, қорғаншақ, қорқақ, қорыншақ, қуыс 
кеуде, қуыс қурай, құнжыт, мәми ауыз, мойығыш, мойылғыш, мұңайғыш, 
мұңайымшыл, мұңшыл, мұрнын тескен өгіздей, мырың, намыссыз, өлдебар, өлез, 
рухсыз, сарыуайымшыл, сипақшыл, сиырдың жас боғындай, су мұрын, сүйегі 
бос, сүйегі жасық, сылбыр, тайсақ, тартыншақ, түйе үстінен ит қапқан, тірі 
өлік,ұялшақ, үрту, шабал, шегіншек, шірік, ынжық туған, ынжық.
«Өмірден секем алып сескенген, қорлығынан қорыққан адам өз мақсатын 
орындай алмай опық жейді. Қорқақ адам ынжық болып, қоғамдағы орнын 
опыландырады. «Тәуекел түбі желқайық, жүзесің де, өтесің» дейді халық. Қолы 
іске бара алмай, ойы ақылға жете алмай, қолапайсыз болған адам, тіршіліктегі 
«тіршілігін» көре алмай, ыңғайсыздықтан ырықсыздық жасайды. Үйренер үлгісі, 
сенімді сүйінші жоқ, қорғансыз адам өз ойын орайына келтіріп, ісін ретіне 
келтіре алмай, қиналады да ынжық болады» [81, б.197-200].
Жалпы көнбістікті, момындықты қазақ халқының табиғатына тән 
қасиеттер деген сөз жиі айтылады. Қазақ ұлтының менталитеті туралы сөз 
қозғалған жерде үнемі ынжықтық аталады. «Бірақ қайсар рухты батырлардың 
ұрпағы саналған қазақ халқында бұл мінез қалай пайда болды? Қазақ жеріндегі 
Ресей империясының отаршылдық саясаты халықты рухани жағынан күйзеліске 
ұшыратты, оның діні мен діліне, әдебіне, әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне нұқсан 
келтірді. Халықтың тәуелсіздіктен айырылып, бодан болуынан ұлттық мінезде 
ұнамсыз қылықтар көбейе түсті. Солардың бірі – жасқаншақтық, ынжықтық 
«құлдық психология». Бірақ ынжықтық пен момындықты шатастыруға 
болмайды. Момындық қасиет – ақылды, парасатты адамда да бола береді. Ал 
ынжық адамда ақыл-парасат болмайды. Ынжық – айтқанға көніп жүре беретін, 
өз ойын айта алмайтын, өзін де өзгені де қорғай алмайтын, жасық, 
психологиялық тұрғыдан әлсіз адамды атайтын болған. Ертедегі «ынчақ» (кейде 
«ынчық») тұлғасы – қайғылы, қапалы мағынасында айтылған. Кейін моңғол 
тіліне ауысқанда «унжих» тұлғасына өзгеріп, «салбырау» мағынасында 
қолданылатын болған. Махмұд Қашқаридың «Түркі сөздігіне» сүйенсек, 
Иұншығ (Junшығ) – ынжық, хәлі нашар, осал деген мағынаны беретінін 
байқаймыз» [82, б. 111]. Алайда қазақ өз көзі бір нәрсеге анық жетіп тұрмай, 
анықтап алмай, кейде жауап беруге тартынуды, үндемей қалуды ынжықтық 
деуге болмайды. Ол керісінше, білермендікке, мен білемдікке салынбау, артын 
бағу деген сабырлы мінездің бір көрінісі болуы мүмкін. Дегенмен қазіргі уақытта 
ынжықтық – адамның бойындағы жағымсыз қасиетті танытатын, көнбіс, жігерсіз 
адамның бейнесін беруде қолданылатын тілдік бірлік болып кетті. Бұл мінез 
көбінесөзшеңдікке, ділмарлыққа, айтқыштыққа қарама қарсы қойылып 
айтылады. Мысалы: аузын буған өгіздей, аузынан сөзі түскен, қойнынан бөзі 
түскен, ауызбаққыш, ашықауыз, есектен де жуас. 
«Именуден, жасқанудан, батылсыздықтан, сескенуден, секем алудан пайда 
болатын бұл мінез ер азаматтың езгісін шығарып, ерлік бейнесін жасытады. 
Үлкеннен, күштіден, бастықтан именiп жасқаншақ адам жарқын іс-әрекет жасай 
алмайды. «Жасқаншақ жігіт оңбайды, жақсылық оған қонбайды», «жасқаншақ 


85
болма, жалынды бол, жалпы жұртқа мәлім бол», «жасқаншақтық – жанға қайғы», 
«жасқаншақ адам жау жеңбес» деп, халық жастарды жасқаншақ болмауға 
тәрбиелейді» [83, б. 7-9]. 
Қазақ дәстүрлі мәдениетінде бұл мінез сипатын жағымсыз деп таныған, 
соған байланысты атаулардың да жағымсыз реңкі бар. Ынжық болмай, пысық 
болуды, елдің алды болуды насихаттау мақсатында осындай жағымсыз мінез 
атаулары пайда болған. 
Қазіргі қазақ мәдениетінде момындық, ынжықтық, көнбістік, жасықтық 
мінез адамды көп нәрседен құр қалдырады деп, тіптен қашық болуды үгіттейді.
Атау беруде тіл тұтынушының прагматикалық діттемі болатыны белгілі. 
Ал адамдар арасындағы қатынаста прагматика, этика ұғымдарынсыз тіпті 
мүмкін емес. Қазақ тіліндегі мінез атауларының тезаурусын құрастыру 
мақсатында жинаған барлық бірліктерді қарастыра келгенде адамдар өзге 
адамның жағымсыз мінез сипатын атауда прагматикалық діттем тұрғысынан жиі 
атау беретіні байқалды. Мысалы, аузын буған өгіздей, аузынан сөзі түскен, 
қойнынан бөзі түскен, ауызбаққыш, ашықауыз, есектен де жуас, қамшысын 
алып беруге жарамайтын, сиырдың жас боғындай, су мұрын, сүйегі жасық, 
түйе үстінен ит қапқан, тірі өлік деген атаулар прагматикалық, бағалауыштық, 
субъективті ақпарат береді. Н.Уәли бұл ақпараттың қызметі (функциясы) 
реципиентке әсер ету, ықпал жасау және коммуникатор сөз арқауы болып 
отырған зат, құбылыс, уақиғаға өзінің қатысын (көзқарасын) білдіру екенін 
айтады. «Әсер, ықпал етушілік сөздің бір бөліктерінде (сегменттерінде) болуы 
да, сегментке бөлінбей, сөздің ұзына бойында болуы да, яғни мәтіндегі тілдік 
құрылымның тінін қуалап кетуі де мүмкін» дейді ғалым [84, б. 87]. 
Мінез атаулары прагматикалық тұрғыда пайда болып, жиі қайталана келе 
номинациялық тұрғыда қалыптасқан. Мысалы, қожбантопай, қойпалақ, 
қорғалақ, қорғалаң, қорғалауық, қорғаншақ, қорқақ, қорыншақ, қуыс кеуде, қуыс 
қурай, құнжыт, мәми ауыз, мойығыш, мойылғыш, мұңайғыш, мұңайымшыл, 
мұңшыл, мұрнын тескен өгіздей, мырың, намыссыз, өлдебар, өлез, рухсыз деген 
атаулардың барлығы өзгенің бойында байқалған мінез ерекшеліктерін бірде 
этикалық сипатта, бірде эвфемизмдік сипатта, бірде қарабайыр, тұрмыстық 
сипатта атау арқылы пайда болған.
Жағымсыз мінез атауларының көптігі жағынан төртінші топқа кіретін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет