алты қабат боп отырғаны (Ш.Құмарова, Қос шынар) [87].
Кісілік ұғымы адамгершілік, адамшылық ұғымымен парапар болса, кісілігі
жоқ, кісілігі ұстап деген тіркестерде керісінше адамның қоры түсінігі пайда
болады. Сонда тәкаппарлық мінез сипаты қазақ мәдениеті үшін өте жағымсыз
мінез болып саналатынын көруге болады.
Педагог зерттеуші Ә.Табылды қазіргі заманда көзқамандық мінез бар
екенін айтады. Елбезер, туажат, опасыз, отансыз адамның көзқаман болып
кететінін былай түсіндіреді: «Көзқаман (көзуман) адам – тегін білмейтін, басқа
елде тәрбиеленіп, сол елдің болмысын қабылдап, ататекті менсінбейтін тұлға. Ол
ататегін ардақтауды білмейді, қайта қорлайды, өзін өркениетті елде өскенмін деп
ойлайды» [88, б. 7-9].
Бүгінгі заманда ататегін білмейтін, ата жұртын көргісі де келмейтін,
халқының қадірін, қасиетін білмейтін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін «ескілік»,
89
«қараңғылықтың қалдығы» деп ойлайтын, өзге елдің сойылын соғып жүрген
қандастарымыз да ара-тұра көрініп қалады. Мұндайда қазақ «ер туған жеріне, ит
– тойған жеріне» деп, атамекенін танымайтын адамды итке теңегенін көреміз.
Қазақ тілінің онбестомдық сөздігіндегі келесі тілдік репрезеданттары көп ұғым,
ол – адамның сөзді артық пайдалануы, ділмарлық болып табылды. Оны
СӨЗШЕҢДІК деп алдық. Сөздіктен алынған бірлік саны 67: аузы-аузына
жұқпайды, ауыз жаппас, ашықауыз, әңгімелі, балпылдақ, бейапар, бейауыз,
бейбастақ, беймаза, беталды сөйлей беретін, ділдар, езбалдақ, езбе, езгіш,
езмалта, жел ауыз, жел сөзді, жеңіл ауыз, жыбырлауық, зуылдақ, зыпылдақ,
көбік ауыз, көбік езу, көкауыз, көкезу, көкмылжың, көкігіш, көкіме, көлпал,
көпірме ауыз, көпірме, қазба, қазбалағыш, қу ауыз, қу таңдай, қу тілді, қужақ,
қызылауыз, қызылкеңірдек, қызылөңеш, қылауыз, қылжақбас, қырт, лақауыз,
лақпа, лақуа, мазасыз, мәжілісқор, мыжыма, мыжың, мылжың, не болса соны
айтатын, өсекқұмар, өсекші, өсекшіл, сайрампаз, сөзге үйір, сөзсоқты, сөзуар,
сөзуарлау, сөзшең, сөзі көп, сөйлеуік, сыпылдақ, тантық, тіл мен жағына
сүйенген, тілбезер.
Қазақ халқы негізінен ділмар халық, сөзді өнер деп танитын халық екені
белгілі. Бірақ сөзді ысыраптап, артық пайдалануды, сөзшеңдікті ар санаған,
құптамаған халық. Сондықтан сөзшеңдікті жеңілтектікпен, ғайбатшылдықпен,
күнәмен байланыстырған. Бұл қатардағы атаудың көбі ауызбен байланысты.
Мысалы: аузы-аузына жұқпайды, ауыз жаппас, ашықауыз, балпылдақ, беталды
сөйлей беретін, жел ауыз, жеңіл ауыз, жыбырлауық, көбік ауыз, көбік езу,
көкауыз, көкезу, көкмылжың, көпірме ауыз, көпірме, қу ауыз, қу таңдай, қу тілді,
қужақ, қызылауыз, қызылкеңірдек, қызылөңеш, қылауыз, лақауыз, сайрампаз,
сөзге үйір, сөзсоқты, сөйлеуік, тіл мен жағына сүйенген, тілбезер.
Aғылшын тілінде де big mouth, bad mouth дeгeн сөздeр «өсeкшi»,
«жaлaжaпқыш» дeгeн мaғынa бeрeдi. Бұл жeрдe нaзaр aудaрaтын мәсeлe, bad
mouth дeгeн сөздi турa aудaрсaқ «жaмaн aуыз» дeгeн мaғынa бeрeдi, қaзaқшa турa
oсымeн мaғынaлaс «aузы жaмaн» дeгeн сөз бaр. Бұдaн лeксикaлық бiрлiктeрдiң
мaғынaсының eкi тiлдe дe ұқсaс eкeнiн көругe бoлaды. Осы тұрғыдан, 2023 жылы
Scopus халықаралық деректер базасы тізіміндегі XLinguae ғылыми журналында
жарияланған “Lexical aspect in language and culture communication” ғылыми
еңбегімізде толықтыра түскен жәйіміз бар [89, б. 216-223]. Сoнымeн қaтaр испaн
тiлiндe тiлi уытты әйeлдi «vibora» дeйдi, бұл жылaнның бiр түрiнiң aтaуы eкeн,
қaзaқ тiлiндe дe «тiлiңнiң уын шaшпa» дeгeн тiркeс бaр, бұдaн дa мaғынaлық
ұқсaстық aнық бaйқaлaды.
Жағымсыз мінез атауларының келесі тобы мейірімсіздікті құрайды. Қай
қай ұлтта да адамға шапағаты аз, қатігез, қараниет, балаға мейірлену, ата-
анасына жаны ашу, туысын туғандай қадірлей білу дегенді ойламайтын адамдар
болады. «Мейірімсіздік, көбінесе, қара ниеттіліктен пайда болады. Жақсылық
істеудің орнына, жамандық жасап, көре алмай «көрсоқыр» болып, қара ниет
адамгершілікті жойып алады. «Байда мейір, кедейде пейіл де жоқ, Адастырған
екеуін құдайым-ай» деп, Абай дана тас жүрек адамдардың қоғамдағы
қорлықтарын ашына сипаттайды. Тасжүректік – адамзатқа қас. Мейірімсіз адам
90
әділетсіз болады, жақсыны жақсы деп айта алмай, «іші күйеді», әдеп сақтамай,
әбігерге түсіп, айналасына арсыздықтың уын шашады» дейді педагог мамандар
[90, б. 34-35].
Бірақ қазақ халқы қашан да бұл қасиетті парасаттылықпен «Үлкенде мейір
болмаса – кішіде пейіл болмайды» деп, жақсылық алдымен үлкеннен шығуы
керек дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |