Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет49/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   348
18.08.2023 dis

ҚЫҢЫРЛЫҚқа қатысты сөздер. «Қыңыр – іс-әрекетінің жөнді-жөнсіз екеніне 
қарамай өз дегенінен қайтпайтын, бiрмойын, қиқар адам» деп анықталады [3, 
б.125]. Қыңыр сөзінің шығу төркіні жайлы қарасақ, В.Радловтың сөздігінде 
«кіңір» жабайы есек мағынасында көрінеді [85, б. 857].
«Қазақта өзің білме, білгеннің тілін алма» деген қарғыс мәнді сөз бар. Бұл 
«адам болма», «дамыма», «жетілме», «қараңғы күйде қал» деген ауыр қарғыс, 
сол себептен болу керек қыңырлық қазақ мәдениетінде жақсы қасиет 
саналмайды. Онбестомдықтан қыңырлыққа қатысты 74 табылды, олар: әлепет, 
безер, бірбет, бірбеткей, бірезу, бірмойын, бітеубас, егесшіл, жар көкірек, кеж, 
кежір, кер езу, кер есек, кер табан, керазу, керғайзаң, кержік желке, кертақыс, 
кертартпа, керіскек, керітартпа, кесір, кесір-кежір, кесір-кердең, кесірлі, 


86
көнімсіз, көтіне бақпас, қалша, қарыспа, қасарғыш, қасарма, қасарыспа, қиғыр, 
қида кездік, қиес, қиқар, қиқар-қырыс, қира кезікті, қиракезік, қиракөз, қисық, 
қитар, қитың, қиямпұрыс, қияңкес, қияңқы мінез, қияңқы, қияпар, қияпатты, 
қыңыр көкірек, қыңыр қабақ, қыңыр мойын, қыңыр, қырсық, қырсық-қыңыр, 
қырсықты, қырсықшыл, қыртима, оғаш мінез, оданы кісі, сыңар езу,сыңар жақ, 
теріазу, теріс азу, томырық, тоң мінез, тоңмойын, тоң-торыс, тырысқақ, 
үдір, шәргез, шойқы, шырғал, іштен қара [қыңыр] туған. 
Қыңырлық мағынасы қазақ лингвомәдениеттанымында бір сөзімен 
жәнесоматикалық атаулармен көп байланыста екеін белгілі болды. Мысалы, Бұл 
төсектен қайта тұра алмасына көзі әбден жеткен тәрізді. Жайшылықта 
бірбет, ожар Исабек тағдырына мүлде өшігіп апты (Д.Әбілев, Арман.). Дұрыс 
деме құр ойлап, Ақылға сынат, сабыр қыл. Жығылмайтын дәлел тап, Бірезу 
болма, өзімшіл (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Оған тағы ақша береміз дағы… Ал 
Әбділ ше? Бір беткей, бірмойын адам Әбділ ғой (Ж.Аймауытов, Шығ.) деген 
сөйлемдерде көрсетілгендей, бір жағына ғана ойысқан, басқа бағыттар не 
көзқарастар болуы мүмкін деген ой болмаушылықтан туатын мінездер 
байқалады. Сондай-ақ Қап, қап қапы болды-ау осы жол! Кезігіп қалды-ау керазу 
Есен (М.Әуезов, Шығ.). Қырсық, қисық, кертартпа. Боқмұрын: Елеместің әкесі, 
Отыз ұлдың кенжесі, Ерегіскен ерлердің Қайда қалмас кәлдесі, Кейін тартқан 
кедейдің Кержік болар желкесі, Желікпе, Төстік, жер жұтқан Ала қаптай 
кеудесі (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Нар жалқау кер табан Құсы күйшіл, ат шабан, 
Жырғалаң жоқ жобалаң (Д.Бабатайұлы). Сен де бір отырған көтіне бақпас 
екенсің (Қазақ тілі. аймақ. сөздігі.). Өз ішіндегі қиракөз, қыңыр мінезді 
Жайырбек... (Т.Рыскелдиев, Ұлы көш). Өйткені кейбір қыңыр көкіректер бар. 
Олар қаскөйлікпен, зорлықпен, арамдықтың есебінен басқаны ойлап көрген емес, 
барлап барған емес... (М.Әуезов, Таңд. шығ.). Талай жылдан бері 
шаруашылықты мінсіз басқарып келе жатқан, қиын жағдайда еңсесі түспей, 
тұйықтан шығар жолды іздейтін, тәжірибелі директор қазірде қыңыр қабақ 
көрсетпей, жарқылдай сөйлеп сергек отыр («Лен. жас»). «Желдей ескен 
машина тұрғанда ескіден қалған аттың керегі не?" – дейтін қыңыр мойынның 
дәл өзі (С.Сарғасқаев, Сұлутөр.). Мынау бір терісазу болмаса еді, – деді 
Олжабек ішінен (Ғ.Мұстафин, Шығ.) деген мысалдарда анық көрінгендей 
адамның қыңырлығы оның дене мүшесімен байланысты түсіндіріледі.
Қыңыр, кесірлі адам негізінде әдепсіз болады. Әдепсіздіктен қыңырлық 
көрсетеді. Мұндай мінезді адамды қазақ жаман мінезді кісі дейді. Адамның бар 
ісі пиғылына, пейіліне, мінезіне, көңіліне байланысты болатындықтан, ондай 
адам кесірленіп жүріп, өзі талай кесапат, кесірге ұшырайды. Мінезі қырсық 
адамның жұмысы да қырсығатынын, оңына айналмайтынын, ілгері басқалы 
тұрған ісі кері айналып жүретінін, ақылы шолақ, ісі олақ болатынын, жоқтан 
өзгеге өкпелейтінін, не болса, соған ұрыс шығаратынын, қарадай бұлданып, 
жүріп, ілгерілегелі тұрған ісін бүлдіретінін, өзі ғана ренжіп қалмай
қарсысындағы адамды, жан-жағындағы жақын жанашырларын да ренжітетінін, 
сонымен бәрі сәтсіз болып шығатынын, бұның надандық екенін, аурудың көбі – 


87
жаман мінезден жабысатынын, тіршіліктің бағасын қыңыр мінез кетіретінін 
айтады Ә.Табылды [83, б. 7-9]. 
Қазақ мәдениетінде құп көрмейтін теріс қылықтардың бірі – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет