Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет47/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   348
18.08.2023 dis

бұдыр, ақикөз, ала бүлік, ала жылан, аланиет, аласот, алауыз, апырақ, арам 
ниетті, арам пейіл, арам пиғылды, арам, атқын, аш бақа, әпербақан, басбұзар, 
баскесер, бейбас, бет бақтырмайтын, бетпақ, беттен алғыш, бөрібасар, 
бұзақы, бұзық, бұқа мінез, бүлдіргіш, бүлікшіл, долы, дүлей, есірік, жаналар, 
жанжалқой, жанжалқұмар, жанжалшыл, жаны қара, жат пейіл, жауыз адам, 
жауыз, жәбіршіл, жынды, жындыбас, жындысүрей, зиянкес, зорлықшыл, 
келсең келдің өзі, килігуші, киліккіш, килікпе, көк соққан, көкбет, көкірегі қарау, 
көр кеуде, қазанбұзар үй тентек, қазанбұзар, қақатұяқ, қан құйлы, қанға жерік, 
қанқор, қанқұйлы, қансүрек, қаны бұзық, қаны қара, қаныпезер, қанішер, қара 
албасты, қара жылан, қара пейіл, қарау, қарысқақ, қаскүнем, қастанды, қиық 
құлақ, қиянаткер, қиянатқор, қиянатшыл, қияңқы, қоскөй, құлқы бұзық
құлқыны жаман, құнезер, қырғи мінез, лаңшыл, лас кеуде, мазақшыл, мерез, 
мінезқор, ниеті бұзық, озбыр, оқыс мінезді, оңбаған, пасық, пейілі [ниеті] бұзық, 
сайдақы, сайқал, салдақы, соғысқұмар, содыр, содырлы, содыр-сойқан, содыр-
сотқар, сойқанды, соқтыққыш, соқтықпа, соқтықпалы, сотанақ, сотқар, 
таласқыш, тарпаң тайдай қылтылдап, тарпаң, тарпаңдау, тебіз, теліз, телі-
тентек, тентек, тентек-тебіз, теріс қылықты, тетір мінезді, тетір, тетір-
тентек, тозақы, төбелескіш, төбелесқор, ұрда-жық, ұртқал, ұрынғыш, шадыр, 
шадыр-шәлкес, шайқы-бұрқы, шайлау, шайпау, шақар, шалгез мінезді, шалгез, 
шалдуар, шалман, шалпы, шалыс, шаптықпа, шапылдақ, шарқая, шарықшы, 
шата, шатақ, шатаққой, шатаққұмар, шатақшыл, шатыраш, шаш ал десе, бас 
алатын, шая, шәдде, шәйпі, шәлкес, шәлкестеу, шәлкі, шәлтіріш, шәргез, шырт 
кететін, шырт сынар, шыртбас, шыртетпе, шыртима, ызбай. 


83
Қазақ мәдениетінде адамның жақсы-жаманы қанына байланысты, 
табиғаты, болмысына байланысты түсініледі. Сондықтан бұл топтағы сөздердің 
біразы қан сөзіне қатысты: қанға жерік, қанқор, қанқұйлы, қансүрек, қаны бұзық, 
қаны қара, қаныпезер, қанішер. Мысалы, «Әй, жолың кесілгір, менің жолымды 
кесіп қайда апарасың. Қанымды ішпекпісің, қанқор! – деді Тоқатай 
(Р.Райымқұлов, Бұрылыс.). «Сен, қанқұйлы, тамам елді жылатып болдың ғой, 
осы итаршылықты қоямысың?.. (М.Әуезов, Абай). Екеуі де жүрген бір қазан 
бұзар қансүрек (Ж.Алтайбаев, Сыпырғыш) [76].
Қанның таза болуы, генетикалық жағынан бұзылмауы ұлт үшін басты белгі 
саналады. Қан қазақ лингвомәдениетанымында қазақтықтың символы ретінде 
саналады. Қазақ мідениетінде әйел адамның бұзықтығы қанының бұзылып, 
жеңіл жүріске салынып кетуімен байланыстырылады. Мысалы: пейілі бұзық, 
сайдақы, сайқал, салдақы сөздері осыны дәлелдейді: Образдар көбінесе 
хайуандардың өздеріне тән пиғылдарын айқындай түсу арқылы жасалады. 
Мысалы: қасқыр — зорлық-зомбылық күш, түлкі – сайдақы, қу; аю – аңқау, 
алаңғасар ретінде сипатталады (Қ.Сиранов, Кино туралы.). Жастай қосылған 
қосағым орта жастан асқанда бір сайқалды құшақтап жатқанын көріп, 
жарылып кете жаздадым әуелгі кезде (З.Ақышев, Ақбел.) [80]. 
Мінез атауларының ішінде қара сөзінің де символдық мәні осы бұзықтық 
концептісіне кіретін сөздерді жасайды. Мысалы: қара албасты, қара жылан, 
қара пейіл, қарау. Жалпы әлемдік мәдениетте де қара түс жеккөрушілікті, қайғы, 
тіпті өлім символы.  
Атауларының жиілігіне байланысты екінші қатарға шыққан жағымсыз 
мінез атауларын ЫНЖЫҚТЫҚ деген топқа, концептіге біріге алады.  
Ынжықтық дегеніміз біреуге ойын ашып айта алмау, өзіне тиесіліні қайрат 
көрсетіп, иеленбеу, үнемі айналасынан жасқанып, жасып жүру, өзінесенімсіз 
болғандықтан өзгеден қорқатын, қолапайсызданып, қорғансыздың күйін 
кешушілік. Негізінен бала кезде қағажу көріп өскен адам жасқаншақ болады. 
Өзінесенімсіз болып жүру үнемі тұлғаның сағын сындырады, кейде өмірден 
соққы көрген адам да, сол соққының зардабын тартып, ынжық болады. Және 
ынжықтық білімсіздіктен де пайда болады. Іс-әрекетті, әр сипатты толық 
білмейтін адам, ыңғайсызданып, қорынып жүреді. Бұл топқа жасқаншақтық, 
жасықтық сипатының атаулары да кіреді. Осы мінез сипатына қатысты қазақ 
тілінде 100 бірлік жасалған: айбынсыз, алақарға, арқасыз, аузын буған өгіздей, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет