ҰРЫСҚАҚТЫҚ (35): айқайлағыш, арсылдақ, ашуқор, ашуланғыш, ашуланшақ,
ашулы, ашушаң, ашуы қатты, ашуы мұрнының ұшында тұратын, бажылдақ, байланысқыш,
бақырауық, барылдақ, бейауыз, бетпақ, бірбеткей, даукес, дауқұмар, даулағыш, дауылды,
долау, долуыр, долы, дөрекі, дуайпат, екі аяғын бір етікке тығатын, жанжалшыл, керіскек,
көк долы, көкбет, тыз етпе, ұрысқақ, шырт етпе, ызақор, ілінісе кеткіш.
ҚУЛЫҚ (34): айлакер, айлакес, айлақор, айлалы, айлашы, айлашыл, алаяқ, алдамшы,
алпыс алты айлалы, алпыс екі айлалы, амалқой, амалшыл, арбағыш, аттының аяғын,
жаяудың таяғын алған, әдісқой, әдісті, әдісшіл, басбақыл, қу, қулау, қулығын асыру,
қулықшы, қулықшыл, қушыкеш, суаяқ, сужұқпас, сужұқтырмас, сықаяқ, сырдан сыңар аяқ
өткен, сырқынды, тақыс, тәсілқой, үміттәйім, іші лас, сырты таза.
ТОЙЫМСЫЗДЫҚ (32): аларман, алпауыз, алымпаз, алымсақ, ашкөз, жалмақай,
жалмауыз, жебір, жемқор, кең көмей, қанағатсыз, қарарсыз, қисапсыз, қомағай, құдай
құлқынын алған, құлқын мінез, құлқын саусақ, құлқынқұмар, құлқынның құлы, құлқын-тамақ,
құлқыншыл, құлқыны ашылған, құлқыны жаман, мешкей, нысапсыз, обаған, обыр, өңешқұмар,
парақор, парашыл, тойымсыз, ынсапсыз.
АРАМДЫҚ (32): азғырғыш, алаяқ, арам, арамза, аяр, әзәзіл, әккі, жылан жүрісті,
жылмысқы, жылпы, жырындықор, залым, зұлым, зымиян, кәззап, кезеп, көлгір, қақатұяқ, қу
аяқ, қу қаптал, қу тұяқ, қырқар, мекер, мұттахам, мүнафиқ, мүттайым, мысықтілеу, ниеті
жаман, пәле, пәлекет, сұм, сұрқия.
ҚЫЗБАЛЫҚ (30): алақызба, албырт, арқасының қозбасы бар, асыққыш, аужар,
байыбына бармайтын, байыпсыз, берекесіз, дойыр, желпеңбай, күйгелек, қызба бас, қызба
қанды, қызба мінезді, қызба, қызбалы, қызбалықты, қызуқанды, ожар, сабырсыз, тауаны
тар, тік мінезді, ұрма мінезді, ұстамсыз, ұшқалақ, үстірт ойлы, шадыр, шамданғыш, шәдде,
шыртбас.
ІШТАРЛЫҚ (28): ала тай, бақкүндес, бақталас, бейілі [пейілі] тар, бұзғыш,
жарылып өлердей, көкірегі тар, көре алмайтын, күндегіш, күндес, күнші, күншіл, қызғаншақ,
қызғаныштан өзегі өртенген, қызғанышты, өзегіне құрт [шоқ] түскен, өрісі тар,
сахауатсыз, тар мінезді, тарыншақ, іштар, іші әлем-жәлем, іші жарыла жаздаған, іші
күйген, іші тар, іші у жалағандай болған, ішіне [ішегіне] пышақ айналмайтын, ішіне қыл
[шынашақ] айналмайтын.
Достарыңызбен бөлісу: |