Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет100/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   348
18.08.2023 dis

берiк ұстанатын, әдеп сақтайтын. Ол – үшiн әдiл, әдепті, үлкен-кiшiнi құрметтегiш 
болуың керек (Ә.Нұршайықов, Менiң Қазақст.). Ол ерекше мiнезi жоқ, жол-жобаны 
бiлетiн, әдепті, жолдасын сыйлай алатын әйел (С.Бақбергенов, Кентау). Бекжан мына 
мәңгүртке ашуынан айыға алмай тесiле қарап тұрды да, өзiн-өзi барынша әдепті ұстауға 
тырысты (Қ.Мұханбетқалиев, Тоғай.). Бiрақ сырты әдепті кiсiнiң жүрегi салқын болады 
деп ойлау лайық емес. Менiң жүрегiмде де ыстық қан бар. Мен махаббатты қатты 
бiлемiн (Ж.Аймауытов, Шығ.). 2. Қимылы жинақы, қозғалысы жарасымды, сыпайы 
тұрпатты. Жiгiттердiң көз қарасына лайық болайыншы дегендей кiшiпейiл әдепті, 
сонымен қатар аздап ойнақылау да боп көрiнетiн (С.Бақбергенов, Қарға там.). Сұңғақ 
денелi, сұлу, сүйкiмдi, ұяң емес, ашық, ордаң емес, әдепті болатын (Ғ.Мүсiрепов, 
Белдерде). Мақышақ сақал келіп, қонақтарды аттандырып, бұрынғыдай әдепті жылы 
пішінмен қоштасып қала берді (М.Әуезов, Қараш.). 3. Тәрбиелi, тәлiмдi, көргендi. 
Қанша ақылды, бiлiмдi, әдепті, естi болғанмен, әйелге жарастықты сипат –сезiм ғой 
(Ж.Аймауытов, Шығ.). – Өркенiң өссiн, қарағым. Қандай әдепті бала едiң (Р.Тоқтаров, 
Ертiс.). Толқын мен Наурыз мәдениеттi, әдепті жандар. Наурыз бейнесi 
мәдениеттiлiгiмен, бiлiмдарлығымен Сұлтанмахмұт тұстарын еске түсiредi («Қаз. 
әдеб.»). 4. Iзеттi, ибалы, инабатты. Ел қамы үшiн өлуге жанын сайлап, Соғым десе 
тұрмайды қойса байлап, Жауға батым, жақынға және әдепті, Кiшiнi – iнi, үлкендi – 
ағатайлап (Шәкәрiм, Өлеңд.). Билiгiң берекелi болса көркем, Басыңа тұра алмайды 
бақыт қонбай. Сұлудың әдептісi, жасығы бар, Өсекшi байжануға машығы бар 
(Ә.Найманбаев, Шығ.). 5. Биязы, сыпайы, орынды, келiстi (сөз). Таңғажайып бұл қалай 
хат, Мағынасы – алыс, сөзi жас? Сөзi орамды, әр түрi хат, Және әдепті, және рас (Абай). 
Бұл жiгiт орта бойлы, қияпатты, бетiнде азырақ қорасан дағы бар, жаңа мұрт шығып 
келе жатқан, сөйлеген сөзi сыпайы, әдепті, киiмi ноғайшалау Ғали есiмдi бiр затедi 
(М.Дулатов, Бақытсыз Жамал). Сөйлесе, сөзі әдепті әм мағыналы, Күлкісі бейне бұлбұл 
құс сайрайды. Жұп-жұмыр, ақ торғындай мойыны бар, Үлбіреген тамағын күн 
шалмайды (Абай, Тол. жин.).  
70. ӘДІЛ [ар. عاﺪل] сын. 1. Шындық сүйгіш, алалық жасамай, ақиқатқа сәйкес 
әрекетететiн. Арамтамақ, ақбілек, Қол астын жемей қолдай ма? Басшы әділ болмаса, 
Жұртқа әділдік орнай ма? (Жамбыл, Тол. жин.). Астыртын жамандасуға айлакес, 
сырқынды болғанмен, мынандай әділ қазының алдында ашық шындыққа бара 
алмайтын (М.Әуезов, Абай жолы.). Мейiрiмдi ұстаз, әділ ақылшы болу – әрбiр 
мұғалiмнiң абыройлы борышы («Халық мұғ.»). 2. Турашыл, әдiлеттi, шыншыл. Кей 
адам ешбір тоймас, құйсаң толмас, Қақпанға ондай адам түспей қоймас. Әділ жұрт 


154
ғасыр бойы сынап келген, Жақсының ел сыйлаған атын жоймас (К.Әзірбаев, Таңд. 
шығ.). Ойлап қарасаң, өмiрдiң өзiнен асатын әділ, одан турашыл ештеңе жоқ 
(С.Омаров. Жүйрiк.). – Ынсап, рахым, ар, ұят, сабыр, сақтық – Талапқа алты түрлi ноқта 
тақтық. Алтауының iшiнде ынсап әділ, Өзгесiнiң тiзгiнiн соған ұстаттық 
(Ш.Құдайбердиев, Шығ.). 3. Адал, таза, жалғандықты бiлмейтiн. Әділдің озар адымы, 
Адал жан шығар төбеге. Тентек адам шыға алмас Төбе түгіл сөреге (Қабан жырау, 
Алтын қазық). Бала – әділ үкiмшi, ол жалтақтықты, жалғандықты бiлмейдi 
(З.Серiкқалиев, Ақыл.). Егер зәуi ғалам әділ ниетiне қайшы ағаттық iстесе өзiн-өзi 
қатты кiнәлап, сол ағаттығынан әбден арылғанша жаны жай таппайды (З.Жәкенов, Таң 
самалы). 4. Ақиқатқа, шындыққа сәйкес, тура, жөн, дұрыс. Әзіл айтсаң да, әділ айт 
(Мақал-мәтел). Тауыса алман дүние кебiн айтып, санап Хәлiм аз iс ететiн әділ қарап 
(А.Байтұрсынов, Шығ.). Соған қарсы келмей-ақ қойсаң қайтеді. Ол өзімдікі әділ дейтін 
кісі ғой (Т.Ахтанов, Дала сыры). Егер, айтатын болсаң, әділін неге айтпаймыз 
(Ә.Әбішев, Жас түлек.). | 
71. ӘДІЛЕТТІ сын. Әділетті жақтайтын, турашыл, қайырлы. Ой сонда неше толғау 
шимай салмақ, Қайтсе жөні келер деп өлшеуге алмақ. Дәл солай қылайын деп ұнағанда, 
Әділетті жүрегің бір қозғалмақ (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Осы дәулер тұсында Көкетай 
деген хан екен. Өз шағында халыққа Кәдірі баржан екен. Әділетті, қайырлы Әлінше 
көпкен-ақ екен. Өзіне тете інісі Төкетай деген салекен. Екеуінен жалғыздан Екі ұл бала 
бар екен (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Әділетті төре жоқ, Түсетін шөре-шөреге. Ақынның 
елі сондай деп, Үлгісі жақсы қандай деп, Болыңдар елге өнеге (Қабан жырау, Алтын 
қазық). 
72. ӘДІЛЕТШІЛ сын. Турашыл, ақиқатшыл. Адал, шыншыл, әділетшіл болу жөнінде 
біреудің ала жібін аттамау, біреуді сыртынан даттамау, сыпайы да инабатты болу 
жөнінде көп жақсы сөздер айтқанымызбен, өзіміз тура керісінше жасайтын кездеріміз 
көп (С.Байжанов, Сыр.). Жас жандарды мейірімді, әділетшіл, ұстамды болуға 
шақырады («Қаз. әдеб.»). Әлде жаудың, әлде жауыздың, әлде кекшілдің, әлде әділетшіл 
ердің қолымен жылы қанға малынған да шығар (С.Бақбергенов, Менсізді.).  
73. ӘЗІЛКЕШ сын. сөйл. Қу тiлдi, қалжың әңгiме айтқыш. Жайшылықта қуақыланып 
жүретiн әзілкеш досының қыз алдында абдырап Құдай ұрғанын қарашы (Н.Ғабдуллин, 
Өмiр.). Ғайни қалжыңшыл, әзілкеш, сонысына қарап жеңілтек деген атты оған таға 
алмайсың (Ғ.Сланов, Жанартау). Жолдастар жабылып, Оқыдық сол хатты. Қалыппыз 
сағынып, Әзілкеш солдатты (С.Мәуленов, Жолдас). 
74. ӘЗІЛҚОЙ сын. Әзiл-қалжыңға жаны құмар, қуақы, күлдiргiш. Байпаңдап қаздай қарт 
ана, Абысын-ажын әзілқой. Алпысты тастап арқаға, Ашты ма бүгін думан-той? 
(Қ.Аманжолов, Таңд.). Лезде жеңіл көтерген, Қойсаңшы, шіркін, жастықты. Әзілқой 
құрбы Бекен де, Әзілдеп жатыр бастықты (М.Мақатаев, Шығ.). Көлік күші жеткілікті, 
адам күшін таба алмай, Жәрдем сұрап шапқылайтын бригадир Қоғамбай, Осынау бір 
тынымсыз жан қамшылаған торы атын Әзілқойтын, әріменің жақын жездем болатын 
(М.Шаханов, Ғасырлар.). 
75. ӘЗІЛҚҰМАР сын. Әзілдескіш, әзілкеш, әзілқой. Төрге отыр деп төре қылған әзілқұмар 
жеңгем бар (Т.Молдағалиев, Шақырады көктем).  
76. ӘЗІЛШІ зат. сөйл. Әзілшіл, әзілқой, қалжыңбас адам. Артистер әнші де, домбырашы 
да, әзілші де, қалжыңшыл да (С.Мұқанов, Саяхат.). 
77. ӘЗІЛШІЛ сын. Қалжыңқой, күлдiргi. Сергей ағайдың әзілшіл жайдары мінезі, 
қазақуар әңгімелері сондай көңілін көтеріп тастайды (С.Бегалин, Бала Шоқан). Ұйғыр 
әйелдері әдетте қалжыңшыл, әзілшіл, ретті жерде мысқылшыл, сықаққой келеді 
(С.Мұқанов, Алып. адым.). Жан емес Ақан, сірә, жабырқағыш, Жүрегін езген әлгі, 
зәбір-запыс. Сауықшыл жас еді ғой, жаны сері, Әзілшіл, билегіш те, ән шырқатып 
(Қ.Бекхожин, Үш кезең). 
78. ӘЙНЕК КӨҢIЛДI бейн. Ақниеттi, пиғылы таза (адам). Айнымайтұғын нағыз 
еркектің елі бар, Ауылым менің жидесі тәтті, жері бал. Әйел де керек, әйнек көңілді 


155
жақсы әйел, Достарың келсе, төркінім келді деп ұғар (Т.Молдағалиев, Шақырады 
көктем).  
79. ӘККІС сын. жерг. Сезімтал, сезгіш. – Осыншама жақын жерден қалайша мүлт 
жіберемін. Талай қуғын-сүргінді көрген әккіс неме бір жерде жасырынып жатқан 
шығар (С.Балғабаев, Шөл). Қатындар да, әккiс-ау, әуелi сипап көрiп, сый таныма 
секенiн бiле қойып, қайтып оған маңайлатудан қалған едi (О.Сәрсенбаев, Таңбалы тас). 
80. ӘЛЖУАЗ сын. Әлсіз, осал, қауқарсыз.  
81. ӘНДЕМДІ сын. Күшті, қуатты, қайратты, қарулы. Аспанға да өрлеп шықпаған, 
жерде де қалып қоймаған, жедеғабыл қиын іске келгенде жанын аямайтын, қорқып 
кейін шегінбейтін, әндемді жауынгер (С.Омаров, Қызыларай). – Мен сіздің атыңыздан 
оязға, тіпті оның үйінде жатқан губернатордың өзіне қағаз жазайын, сіз әндемді атпен 
анау Қаусат сияқты жігіттердің бірін шапқызып, сол хатты қалаға жеткізіңіз, – деді 
Мәди Текешке (Ә.Әбішев, Найзағай). Ат тартар, айғайға шабар әндемді жігіттер де 
осында («Қаз. әдеб.»). 
82. ӘНЖЕМДІ сын. Бапты, мықты, әлді, қарулы. Мінген аттарымыз әлді, соңымызға 
ерткен екі итіміз де әнжемді еді (Ә.Көшімов, Жас аңшы). Рас, әлдеқалай әнжемді 
біреуді серік ете қалса, кімге де болса тиісіп, төбелесе кетуге ықыласты-ақ (Б.Шаханов, 
Қаратау.). 
83. ӘҢГІМЕҚҰМАР сын. Әңгімені жақсы айтатын, жақсы тыңдайтын, сөзшең, 
сөзуар. Жақай әңгімеқұмар, сөзуар болатын (М.Ақынжанов, Ыбырай.). Баршын 
тартқан батыр тұлғалы Жүкең әңгімеқұмар, айтқыш, аңқылдаған ақжарқын жүрегімен 
бізді осы «Тентекке» дейін шығарып салды (С.Бегалин, Замана белес.). 
84. ӘҢГІМЕШІЛ сын. Әңгіме айтқанды ұнататын, ділмар, әңгіме айтқыш. Бұл жолы 
Шоқанды Тақырбас Атығай ұлы алып жүрді. Бейсеннен жасы көп кіші, өте бір сергек, 
әңгімешіл жігіт еді (С.Бегалин, Бала Шоқан). Бар жанымен, балаша, Күле тұғын әдемі. 
Әйтеуір бір тамаша Әңгімешіл шал еді (C.Жиенбаев, Алтын қалам). Әлгі бір әңгімешіл 
шалдар да сөзді неден бастарын білмей «імм, імм, шай алыңыз, кәне» деп қысқа-қысқа 
үн қатып отыр (Д.Исабеков, Қара шаңырақ). 
85. ӘРЕКЕТШІЛ сын. 1. Іс-қимылды алдын ала ойластырып, амал-айла, әрекет 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет