150
35.
АЛДЫ-АРТЫН АҢДАЙТЫН Жан-жағын байқайтын, бажайлайтын, абайлайтын.
Алды-артын аңдамайтын лақпа мінезден құр емес (Б.Майлин, Шығ.).
36.
АЛЫМДЫ 1. сын.
Қайратты, қарымды, күшті, әлді, қуатты. Үсен болысқа үзбей
шабарман болған, қазір де жаңа болыс Байсақалға сол қызметін көрсетіп келе жатқан,
алымды, жылпос, шаршау дегенді білмейтін бір оқшау жан (Б.Нұржекеев, Жау
жағадан.). Елдің тағдырын өз қолында аларлық алымды да батыр, шетелдерге ықпалы
бар адам іздестірілу қажет болды (Е.Домбаев, Жаман Жәутік). Алымды жігіттер әлгі
жәшіктерді тұзбен аралас ақ күміс
килькаларға толтырып, қатарластыра қалап жүр
(Ә.Сәрсенбаев, Капитан.). 2. ауыс.
Ұшқыр ойлы. Үлкен адамның кең алымды ой
орамынан кем соғып, келте қалмау үшін біз де орағыта сөйлеуге тырысамыз
(Ж.Ысмағұлов, Адам.). Сайысып сынасуға бірі-бірін, Тереңнен сөз асылын теретұғын.
Шешендер ойы алымды, сөзі шырын, Домбыра қызықты етіп айтыс күнін (Айтыс).
37.
АНТЫНА БЕРІК Уәдесін жерге тастамайтын, айтқанында тұра алатын, уәдесіне
мықты. Сөзіңе, антыңа берік болуыңа жастайыңнан үйрен. Сөзге беріктік – өз мерей-
абыройың (М.Әлімбаев, Тәрбие.).
38.
АҢҒАЛ КӨЗ Аңқау, арамдығы жоқ адам. Топты ұйытып: «Тоқиық, деп, қардан бөз»,
Киімсізге жаны ашымас жаннан без. Күн көзіндей жыланды да жылытқан Тап осындай
мөлдір бейіл, аңғал көз (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә.).
39.
АҢҒАРҒЫШ сын.
Сезімтал, байқағыш, аңғарымпаз. Ыбырайдың аузын аштырмаған
Етекеңмен кім белдесер, – деседі ел, – деп Шыңғыс өзінің аз сөзде асыл мағына
жатқанын аңғарғыш ойын көрсетті (С.Бегалин, Бала Шоқан). Архивтен Жаяу Мұсаның
өте білімді де аңғарғыш адам болғанын дәлелдейтін бағалы материалдар табылды
(Қаныш аға//Естеліктер). Сөзге доғалдау болса да, қисық сөзді,
көкейге қонбайтын
былжыр ақылды тез аңғарғыш Әйбек күндей күркіреп «Ой ішіңді ұрайын, ақылыңды
да…» деп үлкен кішіге қарамай зекіп тастауына шәк жоқ (С.Жүнісов, Ақан cері).
40.
АҢҒАРЛЫ сын.
Бір істің алды-артын болжағыш, аңғарымпаз, байқағыш. Бұның
біріншісі, ең молы – қазақтың халық әдебиетінің мұра-тумалары, екіншісі – шығыс
әдебиетінен келген ең аз сезілетін белгілер, үшіншісі – Абайды мәдениетті, үлкен
аңғарлы ақын етіп көрсететін батыс әдебиетінің үлгі өрнектері (М.Әуезов, Шығ.). – Әй,
аңғарлы, ақылды әжем, қамқоршы әжем. Сен қандай қасиетті адам едің? (А.Лекеров,
Қырда.).
41.
АҢҒАРЫМДЫ сын.
Сезімталдығы, аңғарғыштығы бар. Кузнецов сөзінен, көз-
қарасынан Отан қорғау заводының не жасап, не қойып
жатқанын басқа адамдарға
қарағанда, әлдеқайда аңғарымды екенін байқатады (Ө.Қанахин, Дәмелі).
42.
АҢҒАРЫМПАЗ сын.
Сезімтал, аңғарғыш. Әйтпесе халық мынадай болып жатқанда
өкпе айтуға бола ма?! Іздеп келгенін айтсаңшы, дұрыс-ақ. Бала күнінен аңғарымпаз еді
(Қ.Сәрсекеев, Қараша қаз.). Повесть жазушының сергек, аңғарымпаз қаламынан туған.
Күнде көріп жүрген қоғамдық құбылыстардан адамгершілік мәселе көтере білген
(«Қаз. әдеб.»). Әйел заты сыншыл да аңғарымпаз ғой. Айша үй ішін көзімен бір шарпып
өткенде-ақ ұсақ-түйекке дейін көріп қалған еді (Т.Ахтанов, Қаһарлы күн.).
43.
АҢДАҒЫШ сын.
Сезгіш, байқағыш, аңғарымпаз. Бақтыгүл жүрек құпиясын
көрсетпеуге тырысып, жүзін көзден жасыра беретін. Бірақ көз де аңдағыш, тез
барлағыш (Н.Ғабдуллин, Сар. жапырақ). Шырағың тартса күңгірт ішіңдегі, Аяйды
аңдағыш т ы ң түсінгені. Жүргені, жүгіргені жас жігіттің Көрінер қызығындай түсіңдегі
(Ә.Тәжібаев, Шығ.). Әсия мұндай көп көріністерді елегіш, аңдағыш мәдениетті әйел
қалпымен қазіргі кездесу жағдайы, адамды барынша орынды, жауапты ұшырасу екенін
аңғартып отыртты (М.Әуезов, Өскен өркен). Ол ат жалын тартып мінгеннен бері мал
бақпаған, адам баққан аңдағыш әккі емес пе? (Б.Аманшин, Көкжар).
44.
АҢДАМПАЗ cын.
Аңғарымпаз, байқағыш. Өзі аңдампаз адамдай-ақ ақылды, әрбір
тізгін қағысыңды, тақымыңның қимылын бағып, сергек келе жатады жарықтық
(Б.Аманшин, Көкжар). Вагондағы жолаушы тірлігі – терезеге қадалған аңдампаз
151
көңілдің айналаңдағы болмысқа деген ықыласты ынтығуы. Оның байқамайтыны,
елемейтіні жоқ («Қаз. әдеб.»).
45.
АҢҚЫЛДАҚ сын.
Арамдығы жоқ, ақкөңіл. Ұйқы басып, есінеп, керіліп-созылудан тез
арылу қажеттігін көрсететін белгі, тіпті Байжан бейнесінен, әсіресе осы ақжүрек,
аңқылдақ, қонақжай,
бір шағым қулығы да жоқ емес, шақпа сөзге үйір, тұла бойы
қазақы жаннан да молынан табылады («Қаз. әдеб.»). Ашық мінезді, аңқылдақ Оспан бір
ауық үнсіз ойланып қалды да: – Е…е!.. Бала әкесін сағынған екен. Бір малын жасармыз,
– деді даудырап (З.Асабаев, Ар соты). Төрегелдинмен сөйлесіп көрсем, «аузын ашса,
қарны көрінеді» дегендей, аңқылдақ, ақжарқын біреу (С.Мұқанов, Есею жыл.).
46.
АППАҚ ауыс
. Адал, таза. Ақ жүрек, аппақ пейіл, асқақ үнді, Ақынға әрбір үйден дос
табылды. Халықтың жүрегінде орын барда Ол қайтсін бақ деп ұғып басқа орынды
(Т.Молдағалиев, Шақырады көктем). Баласың бір міні жоқ, аппақ кісі, Барлықты
заманаға жабасың да. Мінеки Құдай сүйген пейіліміздің. Аз берген жақсы Құдай
жазысына (С. Торайғыров, Таңд.). Ізденгіш жансың көргемін, Көңлің аппақ, күшің мол.
Табасың ойдың кем жерін Қорытса ұзақ ішінде ол (Ғ.Қайырбеков, Таулар).
47.
АРЛАНҒЫШ сын.
Намысқор, арын биік ұстайтын. Ар сақтағанның жөні осы деп,
беталды арланғыш болып неге керек («Лен. жас»).
48.
АРЛЫ сын.
Ұятты, намысқой. Бұрынғы бар кісілер болды жарлы,
Бардан жарлы
болғандар болады арлы. Күңнен – қатын, құлдардан – иесі бар, Тақа жаман демейді
малы барды (Шал ақын, Өлеңд.). Дәмін татып байдың да, Жарлының да, Дауын естіп
арсыздың, Арлының да Ердік біздер жақсыға, Жаманға да, Көрдік біздер бәрін де,
Барлығын да! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан). Тыныш жатып, көзін сатып, біреуден
тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек – ол арлы адамның ісі (Абай,
Тол.жин.). Шыдап тұру зорлыққа Арлы жанға ұнамас! (М.Жұмабаев, Шығ.).
49.
АРЫ ТАЗА Күнәсіз, бейкүнә, адал. Сейітжан кіреукесіз адалдығын,
ары таза
азаматтығын молырақ әңгімелемек болдық («Қаз. әдеб.»). Жаны, ары таза Құнанбаланы
бармақ басты, көз қысты әрекетке итермеледі (С.Омаров, Қызыл.). Есек дәме аңшыдай
қақпан артқан, Аралыштап, жақсы емес сақпан атқан. …Сыншының ары таза болса
керек Алдында жатқан ана-оу ақ парақтан!!! (М.Мақатаев, Шығ.).
50.
АРЫНШЫЛ сын. сөйл.
Арынды, арындаған, арыны күшті, арындап сөйлейтін. Деп
Қараш көтерілді қолын нұсқап, Арыншыл арқа-басы тұр құрыстап. Әлі де айтар еді –
бөлді сөзін, Есіктен қағаз ұстап кірген Ысқақ (Қ.Бекхожин, Үш кезең). Қатты налып,
тағдырдың тас кемеріне арыншыл арман толқындары ұрады (Д.Әбілев, Арман.).
Еркектің қыз басыңмен сөзін айтып, арыншыл көргенім жоқ сендей жанды (Бозінген).
51.
АРЫСТАН ЖҮРЕКТІ Ержүрек, батыл, тайсалмайтын. Кәркиден пілдей қуатты,
Тағы арыстан жүректі (Абай, Шығ.жин.).
52.
АСҚАҚСЫЗ сын.
Менмендігі жоқ, өр көкірек емес. Айсұлудың бір алуан таза момын,
асқақсыз, ұшқарысыз, сөлекеті жоқ жақсы жүрек, ұнамды, үйлесімді мінезі болатын
(М.Әуезов, Өскен өркен).
53.
АСЫЛ ЖҮРЕК поэт.
Пәк, таза, жаны жайсаң (адам). Жүрегі асыл, жаны жайсаң,
Аңыз болған мекеніне. Екті ме әлде қария шал, Дүниеден өтерінде (Т.Молдағалиев,
Шақырады көктем). Дүниеге адам болып жаралған соң, Білімсіз құр жүрісің бейне есек.
Ақыл – қанат, ғылым – дос, иман – серік, Асыл жүрек бермейді,
шайтанға ерік
(Ә.Найманбаев, Шығ.). Балжанның осы уақытқа дейін ешкімге мәлім емес сырлары аян
болды жігітке. Ол – қыздың айнымас асыл жүрегі (Н.Әбуталиев, Жаңарған.).
54.
АУЗЫН АШСА, ІШІ [КӨМЕЙІ] КӨРІНЕТІН Айласыз, еш қулығы жоқ аңқылдақ,
ақкөңіл. Құрманбек күні бүгінге дейін аузын ашса, іші көрінеді дерлік, айласыз,
ақкөңіл, аңқылдақ, театрдан басқа білері жоқ, бар өмірін соған бағыштаған адам
(С.Мұқанов, Есею жыл.). Мұрат еш нәрсе жасырып қалмайтын, бар ойын жайып салып
отыратын, аузын ашса, көмейі көрінетін ақкөңіл жігіт екен (Біздің оттар.).
55.
АУЗЫНА БЕРІК Сыр шашпайтын, артық сөйлемейтін адам. Сембі керек десе,
көршілермен де әңгіме қылмайды. Аузына берік: – Бала үкіметтікі, іс халықтікі, – дейді
152
де отырады (3.Шашкин, Сенім). Ретсіз сөздің керегі не? Аузыңа берік бол, абайлап
сөйле дегенім қайда? Әр сөздің айтылатын өз орны болады (Ә.Нұрмаханова, Шығыс
шынары.).
56.
АУЫЗБАҚҚЫШ сын.
Сөз аңдағыш, сөз төркінін еріннің емеурінінен танығыш.
Көкбай әдеттегі ауызбаққыш, қабақ танығыш қалпымен Абайдың жаңағы сөзін
көтерген кісі болды (М.Әуезов, Абай жолы). Осында отырғандардың кілең ауызбаққыш
парасатты жандар екені көрініп тұр, – деп бастады сөзін облыстан келген мейман
(«Мәдениет және тұрмыс»).
57.
АУЫЗДЫҒА СӨЗ, АЯҚТЫҒА ЖОЛ БЕРМЕЙТІН 1. жағымды.
Ділмәр, шешен,
Достарыңызбен бөлісу: