Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет99/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   348
18.08.2023 dis

сөзге жүйрік, пысық адам туралы. Бір кезде ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермеген қария 
–қазір тек тірі аруақ (Ғ.Мұстафин, Көз көрген). Марқұм Жанұзақ әкем ауыздыға сөз 
аяқтыға жол бермейтін ділмар, әзіл-қалжыңға жетіктігінен ешкімді беттете қоймайтын 
(«Жетісу»). Ауыздыға с өз, аттыға жол бермеді деп, міне осындай сөзге жүйрік ділмар 
адамды айтамыз (Қаз. әңгім.). 2. жағымсыз. Ешкімнің айтқанына көнбейтін, көкбет, 
долы адам туралы. Құдайым әдеп-ибадан жұрдай, ауыздыға сөз, аяқтыға жол 
бермейтін көкдолы ұрысқақтан сақтасын («Жұлдыз»). Ол бейбақ, ауыздыға сөз, 
аяқтыға жол бермей, айтқанға көнер емес («Қазақст. әйелдері»). 
58. АУЫР МІНЕЗДІ Салмақты, байсалды, сабырлы, көнтерілі. Жеңіл мінезді ауыр ой 
ауырлатады. Ауыр мінезді жеңіл ой жеңілдетеді (Ғ.Мұстафин, Көз көрген). Ол кісі тау 
қозғалса да қозғалмайтын ауыр мінезінен мен күтпеген қылық көрсетіп, нар денесін 
селкілдете қарқылдап күлді (К.Баялиев, Дегелек.). Әзмұқан ауыр мінезді, маңғаз, ер 
кісінің сұлуы дерлік жігіт еді (Б.Момышұлы, Офицер.). 
59. АХЛАҚТЫ сын. Мінезді, ақылды, әдепті. Ахлақты адам көбейсе, Отанның күзетшісі, 
қорғаны болмақ (Ж.Аймауытов, Шығ.). Әлгінде осында келген адам ақлақты көрінеді 
ғой, өзің де байқаған шығарсың («Жұлдыз»). Тегі, жолымыз болар, сен байқадың ба, 
ахлақты көрінеді ғой, – деді Берік бол (М.Дулатов, Шығ.). 
60. АШЫҚ ЖҮЗДІ Ақша бет, аққұба, жылы шырайлы. Аласы аз, қара көзі айнадайын, 
Жүрекке ыстық тиіп салған сайын, Үлбірген ақ етті, ашық жүзді, Тісі әдемі, көріп пе ең 
қыздың жайын (Абай, Тол. жин.). – Иә, білемін, –деді орта жастағы, ашық жүзді, қырма 
сақал, орта бойлы сары кісі (С.Бегалин, Мектеп.). Қайратты шомбал дене темір-шойын, 
Ұстайды жасырыңқы ұзын бойын. Түзу бас, ашық жүзді, айқын шырай, Кең жауырын, 
сұңғақ, күшті, берік мойын (С.Сейфуллин, Өлеңд.). 
61. АШЫҚ ҚАЙЫҢ жерг. Ақкөңіл, жайдары. Жеңге, құрбыларға әзілқой, ақ көйлек
ашық қайың боп, Абай мәжілісін бұл ауылдың барлық жанына еркін, қызық мәжіліс 
еткісі келеді (М.Әуезов, Абай). 
62. АШЫҚ ҚОЛДЫ Қолындағысын бересалатын, қолы ашық. Күләб саудагердің 
зиратына аялдап, құлыптас көлеңкесіне тізе бүкті. Бұл өзі аңқылдақ, ашық қолды жан 
еді (Д.Сапаров, Өткен күн.).  
63. АШЫҚ МІНЕЗДІ Ақжарқын, аңқылдақ (адам). Түріне қарап татар демесең, тіліне 
қарап айыра алмайсың: «қайным» деп күлімсіреп тұратын елдегі ашық мінезді «мырза» 
жеңгейлер сияқты (Б.Майлин, Азамат.). Жарқын Махметті ашық мінезді, ақ көңіл, адал 
дос деп бағалаушы еді (Н.Ғабдуллин, Қызық дәурен). Бүкпесіз, ашық мінезді Шәкір 
даңғырлап сөйлеп келеді (Б.Соқпақбаев, Жекпе-жек). 
64. АШЫҚ РАЙЛЫ Ақжарқын мінезді, жайдары. Осындай ашық райлы жандармен 
кездесуге олар ғана емес, ұстаздар қауымы да құштар-ақ («Лен. жас»). 
65. АШЫҚ-ЖАРҚЫН сын. Жайдары, көңілді; ақжарқын. Осы бір минуттарда үйге 
келген Қамбар күндегідей ашық-жарқын емес еді (К.Оразалин, Ақ жазық). Біз бір 
ауылға бөлінген екеу едік. Қасымда өзіммен түйдей құрдас Досымбек дейтін ашық-
жарқын студент бар (С.Омаров, Тастағы жазу). Бұған мінезіндегі қарапайымдылық, 
ашық-жарқын еркелік қосылғанда, Гүлжиһан бейнесін кімге де болса сүйкімді 
көрсетері хақ еді (Қ.Жұмаділов, Соңғы көш). 


153
66. АЯЛЫ сын. Мейірімді, қамқор, қайырымды. Көздері зәрсіз екен. Адал жандардың 
жанары осындай аялы болатын шығар. Рас, тістері ұсақтау, сирек екен (Ш.Мұртазаев, 
Қара маржан.). Ажалдан аман ап қалар Аялы жандар қорғалап, Ақынның аты аппақ ар, 
Түсіре көрме арға дақ (И.Сапарбеков, Бозқараған). Мен сот болып, шартты, жеңіл 
жазамен тұтқын үйінен босанғанымша осы бір аялы, асыл жанды адамның қол астында 
шәкірт боп жұмыс істедім (Ө.Тұрманжанов, Адам.). 
67. ӘБЖІЛ [ар. لجاع] сын. Іске епті, қимылы ширақ, икемді. Ол көбiне-көп қасындағы 
сайраншыл әбжіл жiгiттермен билеп, көңiл көтердi (О.Сәрсенбаев, Сағым). Ол дауға да, 
жауға да алдырмайтын әбжіл, шешен екен (К.Әзірбаев, Аңыз.). // Тез, шапшаң, 
жылдам. Ақ шәйнектiң жанында екi пияла тұр екен, бiрiншi хатшы әбжiл қимылдап, 
өз қолымен шәй құйып бердi («Жас Алаш»). 
68. ӘДЕП КӨРГЕН Тәлім-тәрбие алған, көргенді. Ол молданың өзi әдеп көрген
ғұламалардан, ишандардан, бұрынғы өткен жақсылардан баһза алған һәм ұстазынан 
рұқсат алған («ДУГ»). Жасынан оқу оқып, көпті білген, Несиелі сөз жоқ, әдеп көрген. 
Сенен асып, басқаны таңдамас ем, Жүрегің мендік болып, қолға тисең! (С.Торайғыров, 
Таңд.). Мектепте балаларым оқып жүрген Тағлым ап, үйреніп, әдеп көрген 
(И.Жылқайдаров, Жастар.). 
69. ӘДЕПТІ сын. 1. Қоғамда тұрақталып қалыптасқан әдеп ережелерi мен нормаларын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет