Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет97/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   348
18.08.2023 dis

солын танитын, көзі ашық. Ақ-қараны танып қалғаным ағатайымның арқасында емес 
пе еді. Қайран ағатайым... (бетін басып жылайды) (М.Дулатов, Шығ.). Көпшіл болған 
көкешім деп, Көп өсиет айтқан анам. Тәрбиелеп титтейімнен, Ақ-қараны танытқан анам 
(Ү.Кәрібаев, Таңд.) Мен солар арқылы ақты-қараны танып, қосымша құн дегеннің не 
екенін, сондай-ақ капиталистерге көп ақшаның қайдан келетінін түсіне бастадым 
(М.Қаратаев, Далада.). 
22. АҚНИЕТ сын. Ақжүрек, арамдығы жоқ. Адаспайсың ақылды, арлыға ерсең, Жолай 
көрме жылмайы сопы көрсең. Тапқыр, адал, ақниет адамдардың Алданбайсың артынан 
ере берсең (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Ақниет, адал ойлар түкке тұрмай, Барады ешкім 
оған мойнын бұрмай. Әділдік орнамасқа көзім жетті, Дүниеден ет жейтұғын ауыз 
құрымай (С.Торайғыров, Алаш ұраны). // Жақсы тілек, әрекет. Ақниетімді қисыққа 
жорып, өкпелетпе мені, Рауаш! – деді Айжан (3.Шашкин, Сенім). Арнаймын ақниетпен 
еңбегімді, Жараса көпшіліктің керегіне. Із қалса еңбегімнен айтар едім, Өмірге 
ризамын деп өлерімде (Ақын жырлары). Шайылған көз жасымен жердің бетін, Өткізіп 
тым өлшеусіз өкіметін, Жауыздық жалғандықпен қаптағанға, Адалжол, ақниетті арам 
жеңіп, Жазықсыз жанды қинап, қанды төгіп, Бұзықтық түзуіңді таптағанға 
(А.Байтұрсынов, Шығ.). 
23. АҚПЕЙІЛ сын. Тілегі оң, ниеті адал. Отырған мені тосып ханымымен. Ақпейіл 
ықыласына тәжім еттім (Батырлар жыры). Бәрінен де сол артық сертте тұрса, Ақпейіл, 
сөзге берік тұлымдылар. Болады кімге теріс ойласаңыз, Халыққа қайырымды 
жұғымдылар (Қабан жырау, Алтын қазық). Шығып ап оқбойы жер, қарап кейін 
Ойлады: «Бірдеме оған деп кетейін» Әй, Нәбік! Кім екенім білдің бе енді? Атыңмен 


149
қоштас, аңқау, сорлы ақпейіл! Тұра тұр, – Нәбік айтты, – тоқтап солай! (А.Байтұрсынов, 
Шығ.).  
24. АҚТАРЫЛҒЫШ Аңқылдақ, аңғал, барын айта салатын. Көптен бері тілеген арманы 
осы болғандықтан, бар қолқасын бір-ақалған кісідей мәз Бақтығұл мырза кедейдің 
ақтарылғыш мінезіне ауысты (М.Әуезов, Қараш.) 
25. АЛАҚАНЫ АШЫҚ Кеңпейіл, жомарт, береген. Ала көйлек, ақкөңіл, Алақаны ашық, 
кеңпейіл. Ағайын мен абысынға, Көрсетпеген бір зейіл. Насихаға теңеу жоқ, Бұл 
сөзімде желеу жоқ (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).  
26. АЛАҚАНЫ КЕҢ Береген, жомарт, қолы ашық. Дәулеті мол, дастарханы бай, алақаны 
кең болсын деп қойған ғой бұл атты (Б. Соқпақбаев, Менің атым.).
27. АЛАҚОЛСЫЗ сын. Көпке бірдей, ешкімді алаламайтын, әділ. Қадірі қалың, малы көп, 
Қылмаған кімге себепті? Алақолсыз мырза еді, Кем-кетікті елепті (Абай, Тол. жин.). 
28. АЛАМАН Жаужүрек, алған бетінен қайтпайтын, қайсар адам. Қармыстың 
батырлығында шек жоқ. Қармыс – асқан батыр. Бірақ Қармыс – аламан батыр. Екі жүз 
елу жәумет – жаман ниетті аламан, Қармыс – жақсы ниетті аламан. Екі жағының 
құлқында айырма аз (Х.Досмұхамедұлы, Таңд.). Рысқұлқанша аламан болса да, он 
солдаты ойсырату оңай шаруа емес қой (Ш.Мұртаза, Жұлдыз.). 
29. АЛАҢҒАСАР сын. Қулығы жоқ, алды-артын байыптамайтын аңғал, аңғырт адам. 
Ойнақтайсың, от басасың, тұрмайсың, Бірбасымның текке аласың мазасын. 
Білмеймісің, табалайды дұшпаның, Алаңғасар алып жүрдеп жазасын (М.Дулатов, 
Шығ.). Ал енді жалқы ойын, яғни жалғыз ойнау баланың алаңғасар, еліктегіш болмай, 
өз ісіне ынталы, тиянақты болуына пайдалы (М.Жұмабаев, Шығ.). Алаңғасар итіңді 
Құдай атып, Терең зындан түбіне кетті батып: – Ойбай, түлкі, келе гөр, мен қалдым, – 
деп, Айғай салып ұлыды орда жатып (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Кейбір алаңғасарлар, 
қапелімде не болып, не қойғанын түсініп алмай, «әйтеуір, мылтықтан қорықпайтын не 
бар дейсің?» деген бос далбасамен тарс-тұрс атып жатыр, атып жатыр (Ә.Кекілбаев, 
Шығ.). 
30. АЛАСЫЗ сын. Бөтен ойсыз, бүкпесіз, қалтқысыз. Бұл байлау абақтыдағылардың 
аласыз бір ниетпен, зор ашумен нық байлаған байлауы еді (М.Әуезов, Қилы заман). Той 
әзірлігі қауыртта қызу. Көрші-қолаңның үлкен-кішісі аласыз көңілмен аяғынан тік 
тұрған (І.Қожабаев, Қансонар). Маған ыстық ниетпен ұзақ, тесіле қарайды да, 
бұрынғыдай аласыз бала көңілмен жанаса алмайды (Ұ.Доспанбетов, Кәрі қобыз.). 
31. АЛҒАУСЫЗ сын. Қалтқысыз, қулықсыз, бүкпесіз, ашық. Сол көзден өзіне деген 
алғаусыз жан сүйіспеншілігін, ыстық сезім сәулесін айқын таныған сияқты еді Райс 
(З.Шүкіров, Жас жесір). Бірақ біз де тірлікте жалғыз рет жаза басқанымыз болмаса, 
Алланың адал құлы, адамның алғаусыз ұлы едік (К.Сегізбаев, Беласқан). 
32. АЛҒЫР сын. Өжет, пысық, тез қабылдағыш, зерек. Мектебімізді алдыңғы қатарға 
шығару үшін, ақылды бас, алғыр басшы керек (С.Омаров, Өмір.). Ыбырай, Абай, 
Шоқан, Жамбылдарды, Алмастай өткір ойлы алғырларды, Ана ғой әлпештеген, ер 
жеткізген Осындай керемет зор даңғылдарды (К.Райбаев, Жаңа толғау). Олжабай 
үшінші класта. Пысық, сабаққа алғыр (Ә.Әлішев, Ат тұяғы.). Қанша алғыр десек те
Асылбек тесол директорлардың бірі (І.Есенберлин, Шығ.). 
33. АЛДЫ БАР, АРТЫ ЖОҚ Жаманшылығы жоқ, зілсіз, кексіз, ашуы тез қайтатын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет