Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет197/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   348
18.08.2023 dis

ХАЛЫҚТЫҢ АДАМЫ БОЛДЫ Көпшіліктің қалаулы кісісі, ел қамын жеген 
ер болып өсті. 
710. 
ХАЛЫҚШЫЛ сын. Халықшылдық ағымының жолын ұстанған, соны 
қолдаушы. Халықшыл ақындардың ішіндегі алдыңғы қатардағы Сәбит. Сәбиттің өлеңі 
қысқа, дәмді. Аз сөзге көп мағына сыйғызғыш, сөзді ойына құл қылған, тілі тәтті дәл 
келеді (Ж.Аймауытов, Шығ.). Ол Түркия, Үндістанның халықшыл газеттерінесөз жаза 
бастайды (М.Дулатұлы, Шығ.).  
711. 
ХАРИЗМА [грек. charism] зат. саяси. 1. Аса дарындылық; қандай да бір 
тұлғаның қисынмен түсіндіруге келмейтін, айналадағыларға қатты ықпал ету, әсер 
ету мүмкіндігі. Харизма ұғымы харизмалық үстемдік, харизмалық көшбасшылық 
сияқты саяси түсініктердің негізі болып табылады (Саяси түсінд. сөзд.). 2. пед. Жеке 
тұлғада оған бас игізетіндей және оның мүмкіндіктерінесөзсіз сенетіндей қасиеттер 
бар деп білу. [Бұл феномен топтасу процесінде өз мұраттарын жеке бір адамға түгелдей 
дарыған деуге бейім шағын және әсіресе үлкен топтарға тән]. Харизма көбіне 
экстремальды тарихи жағдайларда пайда болады. (Қаз. тілі термин. Педагогика.). Діни 
психологияда харизма құдайдың рақымы деп бағамдалады. Харизмаға өтпелі сипат 
берушілік, оны мұрагерлеріне тарату, иерархиялық тұрғыдан орнықтыру әрекеттері 
болады (Қаз. тілі термин. Педагогика.).  
712. 
ХАЯС [ар.] зат. Ұят, ар. Ғадаләт рафғат болуға кімде-кімнің әділеті жоқ болса, 
оның хаясы жоқ (Абай, Шығ.). 
713. 
ХӘЛӘЛ [ар.] к і т а б. Адал. Хайырлы хәлал зайып болып шығып, Шүбәсіз көз 
алартпай жүрсең сеніп (М.Дулатов, Шығ.). Хәлал қатын болады осы қалай, келеді 
көңіліңнің хошы қалай? (М.Дулатов, Шығ.). 
714. 
ХИКАЯШЫЛ сын. Ғажайып оқиғаларды айтқыш, әңгімешіл. 
715. 
ХОЛЕРИК зат. псих. пед. Эмоциялық қозуы өте шапшаң, өзінің сезім күйін 
бірден байқататын, қызу мінезді адам; темпераменттің бір түрі. Бұлар – холерик 
темпераментінің өкілдері, Павлов оларды жылдам, тез әсерленгіш, жалындап атып 
тұратын жауынгер тип деп атады (К.Жарықбаев, Психология). Ол класс намысы үшін 
күресуге даяр, класта достары көп, темпераменті – холерик («Қазақст. мект.»). 
Холериктер көңіл ауаны күрт өзгергіш, шамшыл, шыдамсыз болып келеді, эмоциялық 
тұрақтылығы босаң, кейде ұрыншақ та болуы мүмкін (Қаз. тілі термин. Педагогика.). 
И.Павлов холерикті күшті, байыпсыз тип деп санаған (Қаз. тілі термин. Педагогика.). 
716. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет