Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет200/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   348
18.08.2023 dis

ШАҢДАЯҚ сын. сөйл. Қыдырымпаз, ел кезгіш. Бұл кісіні бір ел кезген шаңдаяқ 
екен деп ұғып қалма, жұмыспен жүрген адам (Қазақ тілі. аймақ. сөздігі). 
735. 
ШАПАҒАТТЫ сын. Мейірімді, рақымды, қайырымды. Һәр екісі де 
Мархаматты, шапағатты болмақтықты айтып бұйырды, бұл рахым болса керек (Абай, 
Тол. жин.). Жанарынан шапағатты жалқын сәуле шашырап, Олар ұзақ кеңес құрды 
Ақжәмиді қасына ап (М.Шаханов, Ғасырлар.). Терің сіңген Төрде ілулі шапаның, Бірі 
болдың ұрпағыңа Шапағатты атаның (С.Мәуленов, Алыс кет.).  
736. 
ШАПАҒАТШЫЛ сын. Рақым, мейірім жасағыш, жақсылық етуші. Ақ 
сәулесін бірдей себетін шапағатшыл дала таңы білінді (Д.Досжанов, Зауал). Жылытпас 
енді күннің шырын нұры, Байқайсың бөрінен де бұрын мұны, Тек қана шапағатшыл от 
жүректер Жылытып жүрер күзде бірін-бірі (Қ.Жұмағалиев, Перзент.). 
737. 
ШАРАПАТТЫ сын. 1. Қайырымды, мейрімді. Екінші және тапсырдым 
Шарапатты өткен бабама. Бұлайша деп ұлына Батасын берді Базарбай (Батырлар 
жыры). Шарапатты адамдар атты деді, Енді Кенен тұрмайды, жатты деді. Әндерінің 
барлығы осы күні Жарамай еш нәрсеге қапты деді (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). 2. Пайдалы, 
тиімді. Мына Ертіс шарапатты тұрақ саған, Жағады шырқау жұлдыз шырақ соған. Сол 
Ертіс ернеуінен күмбірлесең, Құймайтын дария бар ма жырақ саған (Т.Айбергенов, 
Мен. ғашық.). 
738. 
ШАРУАШЫЛ сын. Шаруаға бейім, шаруақор, еңбекқор. Мен өзіңдей 
шаруашыл, Жұмсақ илеу үйлі ме? Көгалды қуып ән салып, Өлеңнен қолым тиді ме? 
(Абай, Тол. жин.). Бағына қарай, Қараотың әйелі де шаруашыл адам болып шығады 
(С.Мұқанов, Аққан жұлдыз). Ол – шаруашыл, еңбек сүйгіш, жұмысты тындырып 
істейді («Халық мұғ.»). 
739. 
ШАТТЫ сын. Көңілді, қуанышты, Дәмеш кештің осылай шатты басталғанына 
риза (З.Шашкин, Теміртау.). Бақытты, шатты заманда Домбыраны қолға алдым, Бойым 
бекіп жасарып, Бұрынғыдан оңдалдым (Пернедегі терме.). Қуанышты шатты күн, Ел 
ұмытпас тәтті күн Донбасты алып қайтадан Жауды қуған сәтті күн (К.Әзірбаев, Таңд. 
шығ.). 
740. 
ШАТ-ШАДЫМАН сын. Көңілі көтеріңкі, масайраған, мәз-мейрам. Жігітек 
масайрап шат-шадыман боп жатыр (М.Әуезов, Таңд. шығ.). Туған жерім – тұғырым, 
Шөбі дәрі, суы бал, Арқасында халықтың Шат-шадыман көңілім бар (К.Әзірбаев, Таңд. 
шығ.). Өте берді, өте берді желмаядай желіп күн, Шат-шадыман гүлдеді өмір 
бұтағындай өріктің Қайсарбай да белін буып, бекініп, Шаңырағынан жылу тапты 
Көріктің (М.Шаханов, Ғасырлар.). 
741. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет