БЕЙІЛІ [ПЕЙІЛІ] ТАР Қызғаншақ, қытымыр. Мен мұндай қайдан қалдым бейілі
тарға (Қозы Көрпеш.). Сең соғар, дария толқып, үйірім жарға, Құдай-ау, жолықтырма,
бейлітарға! Таңда жоқ, бүгінгі дос, деген сөз бар, Қалайық амандасып ағаларға...
(Ж.Аймауытов, Шығ.). Әйтеуір кешірімнің бары жақсы өзінің. Соған қарағанда пейілі тар
деуге болмайды (Ж.Еділбаев, Буырқанған бұлақтар.).
207.
БЕРМЕН БЕТ, ӘРМЕН ЖҮРЕК Қу, екі жүзді, арам. Бермен бет, әрмен жүрек адам
болу керек, әкет әрі, – деп, суретті қызының алдына лақтырып тастады (М.Дүйсенов,
Қалыңдық).
208.
БЕТҚАҚТЫ сын. Жалтақ, жалтаң, жасқаншақ. Неге ұрасың баланы? Ұра берсе
бетқақты, жалтақ болып өседі бала (М.Дүйсенов, Меймандар).
209.
БЕТПАҚ 1. Айтқанға көнбейтін қиқар, қисық, бірбеткей, долы. «Япырай, Перизатай,
сен осындай бет пақ па едің. Бетпақ болмасаң, айтқанға неге ғана көнбейсің (Ә.Әбішев,
Жас түлек.). Сол күшпен талай бетпақ тойтарылды, Сыбағам кеткен жұртта қайтарылды.
Тас болып ұйықтаушы едім Түкті сезбей, Тастасам айтып-айтып айтарымды!
(Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан). 2. Қарабет, ұятсыз, жүзіқара, арсыз. – Мынау неткен
бетпақ еді, жүзі жанбайды, ғой, – деп абысын-ажын жағасын ұстады (I.Жансүгіров, Шығ.).
Ол бір бетпақтың Құдай бетін көруге жазбасын (Б.Майлин. Шығ.). Құлқының құрып сенің
отырса да, Малшыға кеп мінілген бір байталың. Қайқы төс, қисық мұрын, қалың қабақ,
Дидарың құрсын бетпақ, мен қайтамын (О. Шораяқов, Шайыр).
210.
БЕТСІЗ сын. Арсыз, ұятсыз, әдепсіз. Торғын: – Неменесонша, Жанайдың асты-үстіне
түсіп өле-өше қалғаның. Ол сенің байың емес. Ұялмайсың ба, мына жұрттан, бетсіз
(С.Мұратбеков, Көкорай). Тіфу, бетсіз-ай! Жармаспа енді! – дедім божыны мен де ұстап, –
егер Текебай, жармастың бар ғой, әлім келсе, сені мен қан қыламын! (С.Мұқанов, Мөлдір
махабб.). – Шіркін! Бұл не деген бетсіз еді, жас басынан тақылдап, – деді Ермак (Б.Майлин,
Шығ.). Екеуінің де сөзі бұған ұнамайды, тікенше қадалады. Не деген бетсіз адамдар өздері!
(Ж.Нәжімеденов, Ақ шағыл).
211.
Достарыңызбен бөлісу: |