БАУЫРЫ ҚАТТЫ Мейірімсіз, қатал, ешкімді аямайтын. Артына белгі қалдырмай,
Бауыры қатты тас өлім. Жыламаймын десе де, Шыдарлық па осы өлім? (Абай, Тол. жин.)
185.
БАЯ сын. Ашуланшақ, бақырауық, беймаза. Енді Нұрабектің үйін айналдырайық, – деді
Сарыбала. Ол – кәдімгі «жарық Нұрабек», «сақау Нұрабек» атанған бишара, бая шал
(Ғ.Мұстафин, Көз көрген).
186.
БАЯПЫР сын. Мазасыз, беймаза. Жібектей сызылған Лакшми ана абысыны сияқты
баяпыр емес, қашан болсын жайдары, жарқын (Қ. Сатыбалдин, Қараторғай). Байбалам
салып, баяпыр мінез көрсеткенмен, түбінде айқаса кетер күш қайсы (С.Омаров,
Қызыларай).
187.
БӘЙЕКТЕГІШ сын. Құрдай жорғалап қошемет көрсеткіш, жарамсақтанғыш.
Қыздар жігіттің неғұрлым көңіл аулағыш, өбектегіш, бәйектегіш келгенін ұнататынын
білмейтіні ме? (Б.Аманшин, Жар мұңы).
188.
БӘЛЕ БАҚҚАН Дау, шатақ, арамдық қуған. Жау болып, бірін-бірі күнде шапқан,
Жасы-қарты бәрі де бәле баққан. Соқырға жан-тәнімен басын ұрып, Көздісін көмір қылып
отқа жаққан (С.Торайғыров, Шығ.).
189.
БӘЛЕсын. сөйл. жағымсыз. 1. Еті тірі пысық, қу, бәлекет. Апыр-ай, батшағардың
бәлесін-ай. Күнді емес, ортақ табысты сорып жүр екен ғой, – деді Баймағамбет
(Ғ.Мұстафин, Миллионер). – Қарай гөр дәмесін, – деп ересек бала күзетші қартқа қарады.
– Қадалған жерінен қан алатын бір бәле, – деді қарт (М.Иманжанов, Адам.).
190.
БӘЛЕҚОР сын. Жалақор, бәле қуғыш. – Жоқ, ойбай, атай көрме. Бәлеқор зәнталақпен
жағаласып өле алмай жүрген жайым жоқ (О.Сәрсенбаев, Таңбалы тас). Біреулер Жәлелді
«Парашыл, есебін тауып екі асайтыны бар, кісілігі жоқ, қатты, қытымыр, қызғаншақ
бәлеқор, жалақор, арызшыл» деп те атайды (А.Тоқмағамбетов, Фельетон.). Ақкемпір
бәлеқор, мекер қатынның сөзін құлағына ілмеді (Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер).
191.
Достарыңызбен бөлісу: |