БЕЙБАУЫРМАЛ сын. Кісімен араласудан қашақтап жүретін, тас бауыр, тас
жүрек (адам).
201.
БЕЙҚАМДАУ сын. Тыныштау, алаңсыздау, жайбарақаттау. Уборщица момындау,
бейқамдау адам болатын (С. Мұқанов, Таңд. шығ.). Қайсар өзеннен қайта өтіп барады. Әлі
де бейқамдау, асығыстау, ақ көңіл қалпы (Ғ. Мүсірепов, Кездесп. кет.).
202.
БЕЙҚАМСЫЗ сын. Алаңсыз, қаннен-қаперсіз. Білмейді ол жүруіңді бейқамсыз,
Мүгедек пе осы адам, байқаңыз. Өйткені оның жаны емес мүгедек, Күшті адам деп біз
осыны айтамыз (Қ. Көпішев, Әке құшағы).
203.
БЕЙМАЗА [ир. ىب هزم] сын. 1. Мазасыз, тынышсыз. Олай десем, кешір, – деді Сәлім
келіншегін маңдайынан сүйіп,– Мен өзім ауруға беймаза адаммын (М. Дүйсенов, Гүлжан.).
Қайда кеттің? Беймаза шешең құлағымды сарсытты ғой – деді (Ә. Сәрсенбаев, Сағым). 2.
Дамылсыз, тынымсыз, тұрақсыз. Беймаза мынау заманға, Берік қып қойдың тосқауыл.
Ұраның сенің әмәнда: Адамға адам – дос бауыр (М.Мақатаев, Шығ.). 3. псих. Мазасыз,
тынымсыз, мінез бітістерінің түріне жататын астепикалық сезім. Беймаза адамдарда
эмоциялық күш түсу, ұстамсыздық, ызаланғыштық, тұрақсыздық, жанжалға үйірлік,
ашушаңдық сияқты бірқатар ортақ белгілер болады (Қаз. тілі термин. Педагогика). 4. ауыс.
Жайсыз, жағымсыз. Науқасы тым-ақ беймаза. Сырты ажарлы, іші жау, Тәрізі жаман
тамақсау (I. Жансүгіров, Шығ.). Сол кезде оның құлағына және бір беймаза сөздер
шалынды (Т. Әлімқұлов, Сейтек.). Шырт ұйқыда жатқан Дәрмен беймаза дауыстан шошып
оянды (I. Жансүгіров, Шығ.).
204.
БЕЙМАЗАЛАУ сын. Мазасыздау, тынышсыздау. Бірақ бүгін, әлгі бір ауырып жатқан
бала беймазалау болып, тіпті қасынан шығармай, жаңа қазір ғана қайтып келемін – деді (С.
241
Сейфуллин, Әңгім.). Әлде қайдан пайда болған, қазір сатушы болып орналасқан әйелі бар.
Екеуі де әдепсіздеу, екеуі де беймазалау (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.).
205.
БЕЙПАРЫҚ [ир. ар. ىب قرف] сын. Парықсыз, берекесіз. Байқамай барған сөзді, аңғырт
басып, Бейпарық, келте бәһәм парасаттан. «Шаршама есі жоққа» деген сөзім, Көрсетші,
қай реттен саған айтқан (Айтыс). Орынды сөзге әркез құлақ аспас, Ақылсыз нағыз жарымес
бейпарық (Кете Жүсіп, Өлеңд.).
206.
Достарыңызбен бөлісу: |