Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


КҮЙРЕКТЕУ сын. Жасықтау, боркеміктеу. Оның мінезі күйректеу (Ауызекі)



Pdf көрінісі
бет272/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   348
18.08.2023 dis

КҮЙРЕКТЕУ сын. Жасықтау, боркеміктеу. Оның мінезі күйректеу (Ауызекі). 
515. 
КҮМПІЛДЕК сын. Алыпұшпа мақтаншақ, бөспе. Бәрі де ұйқысызды ойлатады, 
Күнімен толғап жырды ми қатады. Есіңе келіп түнде бір күмпілдек, Жүйкеңді жұлқиды да 
ширатады (Қ.Бекхожин, ІІІардара). Малға мықты күтім деп, Мүмкін бе, сірә, мүмкін деп, 
Қой біткен қоңды, оңды деп Есеп берді күмпілдек (М.Рашев, Бұйымтай). 
516. 
КҮНДЕГІШ сын. Өзгенің жақсылығын көре алмайтын, қызғаншақ, күншіл. Ол от 
бізге белгілі Майдельден тұтанды. Өзінен өзгені күндегіш ол, Атбасар жәрмеңкесінен 
абыройлы қайтқан... Шоқанды күндеді, әлдеқалай «азиятқа», оның ішінде жаны жек 
көретін «киргизға» ондай абыройды қимады (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз). 
Сұлтанмахмұттың өнерін күндегіш Есдәулет манадан бері тыжырынып отыр еді (Д.Әбілев, 
Ақын.). 
517. 
КҮНШІЛ сын. Ішітар, қызғаншақ, көре алмайтын, күндегіш. Дәлелсіз сөз — соққан 
жел, ұшқан тозаң, Таза ақылдың алдында жоқ қой құны. Мисыз, күншіл, бірезу, өзімшілдер 
Аласұрсын, асқақтап, қозса жыны (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Жарым күншіл, көз 
салдырмайд жан-жаққа, Жібермейді жұмысқа да, мансапқа. Сондай ерке, оны құшып, 
керіліп, Күндіз-түні күңірене бер тек жат та (М.Жұмабаев, Шығ.). Шын шын бар, қате шын 
бар, улы шын бар, Әлгі айтқан өтірікте қандай мін бар? Елді сынап, өз мінін елемейді Өлі 
жүрек, өзімшіл, күншіл мұндар! (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Замандастар, тұстастар әділ 
болуы қиын, өйткені незаманнан қаймығады, ақынды заман өлшеуішпен өлшейді
сыншылардың көбі не ақынды жақтаушылар, не жамандаушылар, не бықсыған күншілдер, 
не сол ақынды ат қылып мініп алып, әбүйір-атақ іздеп, көзге түсем деушілер болуға мүмкін 
(Ж.Аймауытов, Шығ.). 
518. 
КІДІКШІЛ сын. Кілт етпе мінезді, өкпелегіш. Кем-кетік көңлі жарым адам кідікшіл 
болады (Т.Ахтанов, Боран). 
519. 
КІДІЛЕУ сын. Кейігіштеу, өкпешілдеу, тіктеу. Менің бір мінезім – кіділеумін 
(Н.Сералиев, Қаңтар). Қарт қойшының мінезі кіділеу екенін Александр Антонович енді 
ғана ұқты (Көктем лебі). 
520. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет