Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет283/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   348
18.08.2023 dis

ҚИЯПАТТЬІ 1. сын. Қармаулы, мінезі қиын, бірбеткей. Бойына біткен балуандық қара 
күш қана емес, адамдық күш-қасиеті де өзі тұстас жастардан озық болатын. Өзін алдырса 
да, жолдасын жауға бермейтін қияпатты жігіт (Д.Әбілев, Арман.). Асып-саспай тұрды кәрі 
кемеңгер, Қияпатты ой кенет сірә азған ба? (Қ.Көпішев, Ақмаралды асулар). Мұндағы ел 
кезінде сенің кейбір қылық-қияпетіңе ренжісе де, кейін сол зейін-зердең үшін кешіріп еді 
(Мәдениет және тұрмыс). 2. ауыс. Үрейлі, қорқынышты. Қияпатты сол бір үнде ашынған, 
Қайғы меңдеп, Көңілдер бар басылған (Қ.Жұмағалиев, Сақара).  
583. 
ҚОЖБАНТОПАЙ сын. жерг. Жуас, жігерсіз, жасық. Осындай әйел сенің теңің бе? 
Аяулым-ай, ардақтым-ай, қайдағы бір қожбантопайды қайдан тапқансың? (Қ.Сатыбалдин, 
Қараторғай). Айгүлдің онда ойы жоқ. Түйсігі шамалы, бар болмысы қожбантопай 
Тойбазармен тұрмыс құрғанда көрген күні не болмақ? (Қ.Сатыбалдин, Қараторғай). 
584. 
ҚОЛЫ САРАҢ Қолы тар, жомарттығы жоқ. Жігітке қисық қылық мінменен тең, 
жараспас жас бойына сынменен тең. Надан бар көңіл қара, қолы сараң, Қараңғы жүрегі 
оның түнменен тең (Ә.Найманбаев, Шығ.).  
585. 
ҚОЛЫ ТАР Сараң, қатты, берері жоқ кісі. Қайдам, келіннің дастарқанын әлі 
көрмедік, қолы тар емес пе, шырағым, – деп, бір жағы әзілге сап күліп қойыпты («Қаз. 
әдеб.»). 
586. 
ҚОПИ сын. жерг. 1. Менмен, тәкәппар. Аманғали қ о п и ғой нағыз (Қазақ тілі. аймақ. 
сөздігі). 2. Мақтаншақ. Ой, қопи ғой ол, келе алмас (Қазақ тілі. аймақ. сөздігі).  
587. 
ҚОРҒАЛАҚ сын. Жасқаншақ, именшек, қорғаншақ. Сен басар ізіңді батыл баспай
қорқа соғатын қорғалақ әдетіңнен айырылмай-ақ қойдың-ау. Бұл болмайды (А.Байтанаев, 
Асан.). Ал одан сескеніп, именшек, қорғалақ болсаң, онда тіпті оңбайсың. Көзге ілінбей 
тасада қаласың (Т.Ахтанов, Дала сыры). Зағипаның шешесіне ойын ашық айтпай, қорғалақ 
келуінің бір себебі бар: соңғы кезде Есей бұған хат жазбай, қара үздіріп сусып кетті 
(Ә.Нұрпейісов, Күткен күн). 
588. 
ҚОРҒАЛАҢ сын. Жасқаншақ, ұялшақ.Біздің бала да сөйтеді, бәрінікі сол, – деді 
Ақсұлу. – Сендер іше беріңіздер, шай ыстық. – Әйел “Біздің баланы” еш қорғалаңсыз, 
түйткілсіз айтты (Т.Тілеуханов, Өмір арнауы). 
589. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет