277
578.
ҚИЯНКЕС сын.
Қияңқы, қияпар, бұзық, кесір. Әкесі демекші, Сарыбастың қиянкес
мінезі, қыршаңқы тілі елге аңыз болып кеткен (Т.Дәуренбеков, Біз әлі кездесеміз). //
Қияңқы, кесір адам. – Ой, қиянкес, бүлдірдің бе? Берейін мен жазаңды! –
деп басыма
тепкіледі (С.Машаңов, Жылдар.).
579.
ҚИЯҢҚЫ МІНЕЗ Кесірлі, қасарыспа қылық, қыңырлық. Әйел түгіл, ер адамды бетіме
қаратпаймын дейтін қияңқы мінез қажының қарсы жауап есітсе, қатуланып кетерін,
сонсын небір сұмдықтарды ойлап табатынын Тәжі жақсы сезіп отыр (Қ.Салғарин,
Жаныңда жүр.). Саматтың, көбінше,
өз айтқаны болмаса, көнбейтін бір беткей, қияңқы
мінезін бұрын Еркін жақсы білетін (Ф.Дінисламов, Көл жағасы.).
580.
ҚИЯҢҚЫ сын.
Мінезі қыңыр, бұзақы, сотқар (адам). – Әуелі балаңды өзің алдайсың,
әке. «Боқта!» – деп, біреуді боқтатып: ... кәпір, қияңқы, осыған тимеңдерші, – деп, оны
масаттандырасың. Осы ма берген тәрбиең? (Абай, Тол. жин.). Әсіресе есік жақ түкпірде
жатқан ересек жігіт, ай қияңқы болар. Тілі де шалдауар екен (С.Жүнісов, Өшпейтін іздер).
Өзі сері, әрі қияңқы «Өтеш молдамен шариғат таласуға келеді»,– дескен лақап етек алып
жайылып кеткен екен... (С.Телжанов, Қайып қарт.). Әке-шешесі қияңқы адамдар емес еді
(Ж.Аймауытов, Шығ.).
581.
ҚИЯПАР сын.
Кеж, бірбеткей, қыңыр, қырсық. Қабақтың
осы бір басбілді орынсыз
қияпар қылығы бастықтың шымбайына батып, ебедейсіз жағдайға түсті де
қалды
(Б.Тельман).
582.
Достарыңызбен бөлісу: