278
жатқанын
оқып қоятындай,
оқи сала бетіне қарап, саусағымен
нұқып тұрып қарқ-қарқ
күлетіндей, сол күлкіден
аспан айрылып, жер қопарылатындай өзінің де жүрегі
жарылардай, есінен танардай көрінетін де тұратын (М.Мағауин, Көк мұнар).
Бөрібаев
көзінің жанарын төңкеріп, Мадиярға сыншыл пішінмен қарап отыр. Мадияр әкеден жастай
жетім қалды. Қорғаншақ, ұялшақ болып өсті (С.Омаров, Өмір асулары). Жасқаншақ жарым
ырысынан ажырайды, Қорғаншақ өз-өзінен қожырайды (Мақал-мәтел).
591.
ҚОРЖЫНЫНА ҚОҚЫМ ТОҚТАМАЙТЫН Құтсыз, берекесіз, ырысы жоқ, жолы
ауыр (адам). Жарықтық қайын атасы қоржынына қоқым тоқтамайтын берекесіз, қазанына
қақ тұрмаған кедей еді (Қ.Ысқақов. Қараорман.).
592.
ҚОРҚАҚ сын. 1.
Өжет те өткір емес, батылы жоқ, жүрексіз, су жүрек, жасқаншақ,
үрейшіл. Момыннан жаман қорқақ жоқ, «қу», «пысық» деген ат қойды (Абай, Тол. жин.).
Кемітпеген тіпті қорқақ күйеуінің парқын да, Ұлылық бар сол әйелдің даңқында... Бірақ
мақтау қажет те емес алтынға (М.Шаханов, Ғасыр.). Әзберген қырсық мінезді, қыршаңқы
тілді болғанымен қуыс кеуде қорқақтың бірі болатын (М.Әуезов, Қараш.). //
Жүрексіз,
жасқаншақ, батылы жоқ адам. Ол ерлікті ерекше дәріптеп, қорқақтар мен үрейшілдерді
жан-тәнімен жек көрді (Ә.Нұршайықов, Ақиқат.). – Қорқақтарың осы бастан қалыңдар.
Кәне кім? – деп бәрімізге шүйіле қарағанда да ешқайсымыз селт еткеніміз жоқ (С.Жиренов,
Туған үй). Ата-баба көрмеген Қорлықты кештік кіл қорқақ. Үрейден үрей өрлеген Күн –
ылайсаң, түн – бұрқақ (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ.). 2. Ө
зі-өзіне сенімсіз, табансыз, күйрек.
«Ел» дейтін адал басшы әзір сирек Көпшілігі табансыз, қорқақ, күйрек. Ел үшін құрбанға
шалса разы, Кім бар еді, ту ұстаған елін сүйреп? (С.Торайғыров, Шығ.). Шараң қанша енді
соның бәрімен, Қоштасатын шақ келді. Кимекпісің қорқақ атын ноқта ғып, Қалсын десең
еркек атың сақталып, Есіңді жый, айнам менің, есіңді жый, қамықпа, Ел мазағын көтеруден
өлім ауыр болып па?! (М.Шаханов, Ғасыр.). Қайтеді сөйлесуге тілде шорқақ. Мұндайда
болып шықты ол да қорқақ. Барады кеудесіне сыймай жүрек, Қарады жан-жағына жалтақ-
жалтақ (Т.Молдағалиев, Шақырады.). Көзім қорқақ көруге сұлулықты, Бойымдағы от бітті,
жылу бітті. Дереу
жария боласың жалпақ елге, Жасай
қалсаң егер де бір ұрлықты
(Т.Молдағалиев, Шақырады.). 3.
Дызықтап, өз-өзінен байыз таппай жүретін,
қорқашоқтау. Жөн таппас жанның қорқақ елгезегі; Жақын тұр жаудың құлар бір кезеңі;
Ақ
патша шырматылып жатыр қазір, Шортандай ауға ілінген желбезегі (Н.Ахметбеков,
Амангелді).
593.
Достарыңызбен бөлісу: