127
тіліндегі лексикалық бірлігі алдыңғы қатарлы, заманауи болып көрінетін
түсінік алға шығып кеткендігі дәлелденді.
Екінші тарау бойынша қорытынды
Зерттеудің дерек көздері ретінде «Қазақ әдеби тілінің сөздігі»
онбестомдығынан (2007 – 2013 жж.), мүмкіндігінше, ұқыптылықпен жиналған
барлық мінез атауларының саны – 1800 болды. Оның ішінде жағымды мінез
атауларының саны – 756, жағымсыз мінез атауларының саны – 1044. Олардың
ішінде негізінен бір құрамнан тұратын сөздер және сөз тіркестері, тұрақты
тіркестер және ішінара мақалдар бар. Жиналған жағымды мінез сипатының
атауларының алдыңғы қатарында адамның өзге адамға қатынасына бағытталған
мінез сипаты көбірек болып шықты. Қазақ мәдениетінде сангвиник
темпераментінен шығатын мінез атаулары бағаланатыны белгілі болды.
Алдымен саны жағынан көп болған өзгеге жағымды қатынас жасау, жақсылық
ойлау, таза көңілмен өмір сүру деген сапа жоғары бағаланады.
Ақкөңілділік
концептісі мен қатар
батырлық, ақылдылық, момындық, байсалдылық,
әдептілік, білімқұмарлық, шешендік концептілерін таңбалаған бірліктер қазақ
халқының осы кезге дейін өзіне тән сипаты ретінде айтылып жүрген сапаларды
көрсетті.
Қайырымдылық, пысықтық, бауырмалдық, жомарттық, ұқыптылық,
алғырлық, намысқойлық, ағайыншылдық, әсершілдік, әзілқойлық, имандылық,
шыншылдық, жайлылық, сыйымдылық, шыдамдылық, жақсы, кеңпейілділік,
бірсөзділік, қонақжайлылық, еңбекқорлық деген лексикалық топтар да шынайы
нәтижені айқындайды.
Қазақ тілінде жағымсыз мінез атауы жағымды мінез атауларынан көп.
Бұның себебін тілтұтынушылардың, жалпы көпшіліктің теріс қылықты
айқындап, атау бере отырып, ұлтты жақсылыққа үндейтін тәрбиесіне
байланысты.
Жағымсыз
мінезді
танытатын
концептілердің
тілдік
репрезентанттарын көбінен азына қарай орналастырғанда былай болып шығады:
бұзықтық, ынжықтық, менмендік, тәкаппарлық, қыңырлық, сөзшеңдік,
әдепсіздік, мейірімсіздік, тұрлаусыздық, жеңілтектік, мақтаншақтық,
даңғойлық, кінәмшілдік, сараңдық, тексіздік, жалқаулық, ақылсыздық,
шолжаңдық, мазасыздық, ұрысқақтық, қулық, тойымсыздық, арамдық,
қызбалық, іштарлық, қыдырымпаздық, қорқақтық, салақтық, аңқаулық,
енжарлық, жалақорлық, өтірікшілдік, жағымпаздық, мансапқұмарлық,
ебедейсіздік, көрсеқызарлық, өзімшілдік, зарылдауықтық, берекесіздік,
надандық,
әділетсіздік,
мысқылшылдық,
тұйықтық,
нәсіпқұмарлық,
абыржығыштық, жанаярлық, ұмытшақтық, жалпақшешейлік, күмәншілдік.
Қазіргі ХХІ ғасыр қазақ мәдениетінде жаман мінездерге қарағанда жақсы
мінездердің жиі қолданылуы коммуникацияны жақсарту, мақтау, мадақтау,
көтермелеу, рух беру, қадірін білу мақсатында, сонымен бірге жағымпаздық,
айлакерлік,
саясат мақсатында, адамдар арасында жасанды қарым қатынас
жасауда пайдаланатын құрал ретінде қолданылады.
128
Қазіргі дискурста мінез атауларының варваризмі әсіресе жастар
мәдениетінде сөздің, сындық атаудың орыс тіліндегі лексикалық бірлігі алдыңғы
қатарлы, заманауи болып көрінетін түсінік алға шығып кеткендіктен және тілге
деген салақтықтан ғана қате қолданылады, орыс тіліндегі мінез атауларының
қазақ тілінде бір емес, бірнеше төл атаулары бар.
Достарыңызбен бөлісу: