9 Тақырып: Өндіріс кезеңінің аудиті
Дәрістің мазмұны:
Кесте 3 - Өндіріс циклі аудитінің негізгі мақсаттарына жету деңгейінің сипаттамасы.
Бекіту категориясы
|
Операциялар тобы
|
Шот сальдосы
|
Бар болуы немесе көрінуі
|
Көрсетілген операциялар өндіріске көшірілген материалдарды, еңбекті өтеуді және қосымша шығыстарды, сондай-ақ бітпеген өндірісті ағымдағы кезең ішінде дайын өнімге ауыстыру болып табылады.
|
Бухгалтерлік балансқа енген қорлар нақты іс-жүзіндегі бар өткізілген өнімнің өзіндік құны жыл ішінде қойылған (сатылған) тауарлардың құны болып табылады.
|
Толықтық
|
Кезең ішінде пайда болған барлық өндірістік операциялар түп-түгел көрсетілуі тиіс.
|
Қорға бухгалтерлік баланс жасалған кездегі бар барлық материалдар, өнім және көмекші материалдар, өткізілген өнімнің өзіндік құнына-кезең ішінде сату жөніндегі барлық операциялар дың салдары кіреді.
|
Құқықтар мен міндеттемелер
|
Кәсіпорынның өндірістік операциялар нәтижесінде алынған қорларға құқы бар.
|
Есеп беруші кәсіпорынның бухгалтерлік баланс жасалған кездегі қорларға заңды құқы бар.
|
Бағалау мен бөлу
|
Өндірістік операциялар дұрыс тәртіппен журналдарда көрсетіледі, жинақталып қорытылады және таратылады.
|
Қорлар тиісті тәртіппен өзіндік құнның немесе нарықтық құнның ең аз бағасы бойынша көрсетіледі. Өткізілген өнімнің өзіндік құны шығын есебінің қолайлы тәсілін дәйекті қолдануға негізделеді.
|
Ұсыну және ашып көрсету.
|
Өндірістік операциялар туралы толық ақпарат жіктеу мен ашып көрсету де кіретін қаржылық есептің ұсынылуын растайды.
|
Өткізілген өнімнің өзіндік құны мен қорлар қаржылық есепте тиісті тәртіппен ұқсастырылуға және жіктелуге тиісті. Бағалау мен кепілдікке беру немесе қорларға тапсыру негізіне қатысты ашып көрсетулер жеткілікті деңгейде ұсынылуы керек.
|
Аудиттің өткізу циклі мен табыстарды табу мақсаттарына жетуі бақылау көбіне өндіріс циклін тексеру процедураларымен сәйкес келеді. Өндіріс циклінің аудиті ең күрделі және көп еңбек сіңіруді қажет етеді, іс-тәжірибесі жүзінде әрқашан клиенттің саласы мен бизнесіне байланысты өзіндік ерекшеліктері болады. Сондықтан өндіріс цикліне тексеруді ойдағыдай жүргізу үшін өндірістік процестердің, басқару процедураларының, шаруашылық операцияларының, оларды есептеу мен ішкі бақылау ерекшеліктерінің тексерілетін мәнін түсінудің маңызы зор.
Жөнелтуді (барлық жіберілген жүктерді тіркеу) аяқтау хронологиялық тәртіппен жазылған немесе алдын ала көшірілген көліктік жүкқұжаттармен расталады. Жіберілетін мерзімі өткен тапсырыстардың жеке есебі жіберілген ретінде әлі белгіленбеген санкциялы тапсырыстарды анықтауға көмектеседі.
Көптеген жағдайларда ішінара толтырылған шот-фактураны жұмыс нұсқаулығының бөлігі ретінде дайындау пайдалы. Кейде ол буып-түю, орау және жөнелту процестері толық біткенге дейін жазылмайды, ондайда көліктік жүкқұжаттың көшірмесі негізгі құжат болып қызмет етеді. Кез келген жағдайда бақылау әдістемесінің түйіні аяқталмаған операцияларды анықтау мен қарау үшін материалдары бар папкілерді әрбір бөлімнің өз жұмысын орындауы туралы белгілерді оқтын-оқтын салыстыруда. Тексеру барысында аудитор ішкі бақылаудың, мысалы, сұраулар тізімі сияқты қосымша жұмыс құжаттарын жасайды.
Ішкі бақылаудың сұраулар тізімінде осы жүйеге тән сұрақтар мен жауаптарға арналған бағаналар («қолданылмады», «иә», «жоқ» және аудитор белгісі) болады. «Жоқ» деген жауап бақылаудың осал жақтарын көрсетеді. Бухгалтерлік есептің нақтылы тәртіпке салынған жүйесінде немесе шаруашылық операциялары циклдерін тиімсіз бақылауда шот-фактуралардың көшірмесі мен қорытындыларды шығару жөнінде жағдайды едәуір бұрмалау пайда болуы мүмкін. Сатып алу мен өнімді өткізу циклдары аудитіне сонымен қатар көрсетілген жағдайлар мынадай ахуалдардың туындауына себепкер болады:
- шоттар жазылмаған, тиелмеген тауарлар кірістермен, дебиторлық борышты кемітуге әкеледі;
- санкцияланбаған тиелімдерде жүзеге асыру берешегін өндіру сірә бола қоймайтын шоттың пайда болуына душар етеді,
- шот-фактуралардағы байқамаған қателер кірістерді, дебиторлық және кредиторлық борыштарды кеміту немесе ұлғайтуды туындатады;
- операцияларды синтетикалық және аналитикалық есепте тіркеудегі қателіктер тиісті қалдықтарды бұрмалауға әкеледі.
Сондай-ақ қорытындыны шығарудағы қателіктер мен тежеулер дебиторларды шоттары бойынша борышты өндіру немесе жабдықтаушылар мен кредиторлар алдындағы өздерінің міндеттемелерін уақтылы қтеу мүмкіндіктеріне әсер етеді.
Сатып алу циклі шығыстардың ең ірі циклінің іс барысында мүлік шығарылатын немесе алынатын, ақша мен капитал жинақталатын мәліметтердің барлығының бөлігі болып табылатындықтан, оларды орындау міндеттемелер де туындайды, онда алғашында сатып алу, иелікке алу және жұмсау циклінің аудиті негізгі мақсаттарына жету деңгейін анықтау үшін іріктемелі тексерулер жүргізіледі.
Сатып алу, иелікке алу және жұмсау циклінің аудиті бар болу мен көріну, құқықтар мен міндеттемелер, бағалау немесе бөлу, ұсыну мен ашып көрсету сияқты қаржылық есептің сапасын айқындау принциптері мен белгілеріне (критерийлері) сәйкес бейімделіп, жүргізіледі.
Операцияның «толықтық» белгісіне (критерийіне) сәйкестікті анықтау үшін, сонымен бірге, мыналарға көз жеткізу қажет:
а) жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу есебінің шоттарында көрсетілген міндеттемелер кәсіпорынның жабдықтаушыларға берешек актив пен тауарлық-материалдық құндылықтарды (ТМҚ) нақты, толық көлемі болып табылады;
ә) қаржылық есепте іс жүзіндегі иелікке алынған ұзақ мерзімдік активтер мен ТМҚ-ның барлығы көрсетілген;
б) негізгі құрал материалдық емес активтер мен ТМҚ объектілерін кіріске алу олардың түсуі нақты іс жүзінде болған есепті кезеңде көрсетіледі;
Достарыңызбен бөлісу: |