Байтикенова аудит Қысқаша лекциялар жинағы Мамандығы: 5В050800 Есеп және аудит Оқу бөлімі: күндізгі, сырттай (орта, орташа арнайы және жоғары білім негізінде) Өскемен 2017


Мәні бойынша аудиторлық процедураны орындау –



бет14/24
Дата19.05.2022
өлшемі209.86 Kb.
#457450
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24
Аудит лекциялар жинағы

Мәні бойынша аудиторлық процедураны орындау – бұл барлық жоспарланған аудиторлық процедураның нақты іске асуы. Әр тақырып бойынша жүргізілетін аудиторлық процедуралар мен оларды орындаушылардың толық тізбесін және тізбектілігін көрсетіп, тексеру бағдарламаларын рет – ретімен жасау қажет.
Аудиттің нәтижелері бойынша келісімшартта анықталған мерзім ішінде тапсырыс берушіге ұсынылатын есеп беру жасалады.
Шаруашылық операциялардың аудиттелуі барасында олардың шынайлығы, заңдылығы және өндіріске қажетті нәрселер осылардың бәрі көрініс табатын құжаттардың негізінде тексеріледі.
Аудит кешенді және тақырыптық формаларында, талдамалық, логикалық, экономикалық - математикалық және басқа да тәсілдерді қолдану арқылы операциялар мен құжаттарды өзара, кезекпелі тандап тексерулер түрінде жүргізілуі мүмкін.
Аудитор анықталған кемшіліктер, алдау фактілері мен жіберілген қателіктер туралы кәсіпорын басшысына хабарлап, шындыққа жанаспайтын ақпаратты түзеу бойынша ұсыныстар беруі керек.
Қорытынды кезенде аудиторлардан мыналар талап етіледі:
а) аудиторлық файыл түрінде жұмыс құжаттамаларын ресімдеуді аяқтау;
б) тексерілген ұйымның басшысына аудиттің нәтижелері туралы жазбаша ақпарат дайындау;
в) тексерілген объектілер туралы өз пікірін негіздеу және қалыптастыру;
г) аудиторлық есеп беруді белгіленген форма бойынша дайындау;
д) анықталған аудиторлар мен ішкі бақылау жүйесіндегі кемшіліктерді, олардың болдырмаудың мүмкін жолдарын, аудит объектілерінің жұмыс істеу тиімділіктерін арттыру және оңтайландыру туралы клиентті хабар ету.
Ірі халықаралық және отандық аудиторлық формалардың іс-тәжірибесін талдау көрсеткендей, қаржылық есеп беру аудитінің процесі он шақты кезеңге бөлінуі мүмкін. Нақты компанияларды тексеру ісін ұйымдастырудың тәртібі мен стратегиясы әр түрлі болғанымен, көптеген жағдайларда олар бірдей жүйемен жүргізіледі.
ТМД елдерінің озық тәжірибесін есепке ала отырып, қаржылық есептілік аудиті процесін төрт кезеңге бөлуге болады: ақпарат жинау, жоспарлау, аудитті жүзеге асыру мен есеп берудің мүмкіндігі.
Қаржылық есеп беру аудитінің бірінші кезеңінде тексерілуге тиіс фирманың іс-әрекетін жүргізу жағдайындағы іскерлік ортасы жете зерттеледі. Фирма басшылығы осы орта жағдайларына сәйкес есеп бергенде мынадай мәселелерді көрсету керек:
1) фирманың клиенттері қандай?
2) өнімнің жаңа түрлерін жасау жүргізіле ме?
3) өндіріске қажетті ресурстарды сатып алу жағдайы;
4) өндірістік процестің ұйымдастырушылық сипаты;
5) өнімді (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізу.
Қызмет бабындағы жылдық есеп беру түсіндірмелік хатында кәсіпкерлік іс-қызметтің барлық ерекшеліктері ашып көрсетілуі керек. Сонымен бірге іс жүзінде шығарылатын өнімді жөнелту мен тұтынушыларға қызмет ету де атқарылады.
Қаржылық есеп беру аудитінің екінші кезеңі технологиясының, негізгі процедуралары аудиторлық тәуекелділіктің деңгейін бағалау, тексерудің стратегиясы мен жалпы жоспары мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) компания-клиенттің объектілері мен іс-қызмет циклдерін тексерудің нақты бағдарламасын жасау;
2) аудиторлық тәуекелдіктің елеулілік деңгейін анықтау;
3) баланс баптары мен Бас кітаптың баптарын тексеру, шығындар және қаржы нәтижелерінің шоттары мен сәйкестендірілетін шоттарды анықтау, шығындарды өнімнің, жұмыстың және көрсетілетін қызметтің өзіндік құнына жатқызудың дұрыстығын тексеру;
4) өнімнің, жұмыстың және көрсетілетін қызмет көрсету мен кірістерін алу циклінің аудиті;
5) сатып алу циклінің аудиті;
6) өндірістің және ресурстарды жұмсау циклінің аудиті;
7) еңбек ақыны есептеу мен төлеу тәртібін тексеру;
8) таза пайданы жасау мен қолдану тәртібін тексеру;
9) бюджетке салық төлеудің уақтылығы мен есептеудің дұрыстығын тексеру;
10) меншікті капиталды қалыптастыру мен қолдануды тексеру;
11) міндеттемелерді өтеудің дұрыстығы мен уақтылығын тексеру;
12) дебиторлар және кредиторлармен есеп айырысуды тексеру;
13) ұзақ мерзімді активтердің аудиті (негізгі құралдар, қауымдасқан компанияларға, еншілес және тәуелді ұйымдарға ұзақ мерзімдік инвестициялар);
14) ақша мен басқа ағымдағы активтердің аудиті (касса, ағымдағы және валюталық шоттар, құнды қағаздар мен қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, тауарлы-материалдық босалқылар) және т.с.с.
Үшінші кезеңде құзыретті мәліметтер мен фактілерді тексерудің мәні мен объектілері жағдайы туралы тәуелсіз пікірді білдіру үшін жинау мен бағалау іске асады. Бұл кезең бұрынғымен, яғни стратегияны, жалпы жоспарды және аудит бағдарламасымен өзара тығыз байланысты. Аудитті орындағанда тексеру стратегиясын, жоспарын және бағдарламасын қайта қарау мен түзеу қажеттілігі туындауы мүмкін.
Аудитордың назары қаржылық есеп көрсеткіштерінен гөрі, зерттелетін фирма басшылығы негізге алып жасаған тұжырымдарға бағытталуы керек. Қаржылық есептемені аудиторлық тексеру барысында бухгалтерлік балансты, кірістер мен шығыстар, ақша қозғалысы, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есептерді жасаудың дұрыстығы, есеп саясаты жайлы ақпарат пен түсіндірме хаттың анықтығы белгіленеді.
Мысалы, аудитор әдеттегі іс-қызметтен салық салуға дейінгі табыстың есептеудің дұрыстығын анықтау мақсатымен кірістер мен шығыстар туралы есепті тексереді. Жиынтық табыс тұтастай кәсіпорын мен оның жеке құрылымдық бөлімшелері мен іс-қызмет түрлері бойынша қаржылық нәтижелілігімен анықталуы тиіс. Егер кәсіпорында мұндай ескертулер жүргізілмесе, аудитор оларды өзінің тұжырымдарын негіздеу үшін өздігінен атқарады.
Сонымен қатар аудитор мыналарды тексеруі тиіс:
1) жарғы капиталы көлемінің өзгеруі туралы кәсіпорын иелерінің шешімдері орындалу толықтығын;
2) синтетикалық және аналитикалық есеп мәліметтерінің актив, меншікті капитал және баланста көрсетілген міндеттемелердің шоттары бойынша теңбе-тең болуын;
3) қаржылық есеп беруге дебиторлық және кредторлық борыштың, болашақ кезеңдердің кірістері мен шығыстарын кіргізудің түп-түгелдігін, активтерді бағалаудың дұрыстығын.
Әдетте, кәсіпорынға 50%-тен астам кіріс немесе айналым әкелетін барлық операциялар: тоқсан немесе қаржылық жыл соңында тіркелген ірі мәліметтер мен операциялар; соңғы бес жылда орташа есеппен есептелгендерден ерекшеленетін коэфиценттер мен бақылау цифрлары; айналым құралдарымен жағдай; акциядағы бағаны ұстау үшін кірістер мен шығыстарды шұғыл көтеруге қажетті негізсіз фактілері; кәсіпорынға сот шағымының себептері мен сипаты, әсіресе акционерлердің талаптарына байланысты және т.б. аудиторлық тексеруге жатады.
Акционерлік кәсіпорындардың аудиті тексеру көлеміне мынадай баптарды, процестерді және жағдайларды кіргіумен ерекшеленеді.
1) акционерлік капитал (қаржы түрлері бойынша);
2) рұқсат етілген, шығарылған және төленбеген акциялар саны;
3) өтелмеген акциялардың құны;
4) атаулы (номиналды) құн мен әрбір акциядан түсетін табыс;
5) тексерілетін кезең ішіндегі акционерлік капиталдың шоттары бойынша қозғалыс;
6) дивиденттерді бөлудегі құқықтар, артықшылықтар және шектеулер;
7) артықшылықты акциларға шоғырланып (куммулятивті) жинақталған дивиденттер бойынша борыш;
8) құнды қағаздарды өткізуден алынған түсім;
9) опциондар мен келісімдер бойынша сату үшін резервтегі акциялар.
Есепті мәліметтердің мәнділігін талдаудан соң аудиторлық қатенің тәуекелділігін, яғни ықтималды мәліметтерге сүйенгендіктен, аудитордың тұжырымы қате болып шығуы мүмкін. Мәліметтердің мәнділігін бағалай отырып, аудиторлық қатенің ықтималдығын анықтаған соң бухгалтерлік тексеру және соған байланысты күш пен құрал шығыны бойынша жұмыс көлемін елеулі қысқартуға болады. Аудиторлық жұмыстың тәуекелдігіндегі қателік деңгейін бағамдау кезінде, жіберілген қателікті іздеп табу мүмкігшілігі мен бақылап қадағалау жүйесімен тығыз байланысты. Осы жүйенің өз ішіне ғана белгілі аудиторлық тәуекелдіктің көлемін бағалай есепке ала отырып жүзеге асқаны дұрыс.
Аяқтау кезеңінде тексеру нәтижесі жинақталып қорытылдаы, резервтер анықталады, тұжырымдар негізделеді және жасалып, қалыптасады, табылған кемшіліктерді жою және шаруашылық жүргізуші субъектілердің іс-қызметінің тиімділігін арттыру мен оңтайландыру жөнінде ұсыныстар жасалады. Соынмен бірге бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілік жасау жөнінде тектес (типтес) қателерді табу мен жіктеуге ерекше назар аударылады.
Аудиторлық тексерулер тәжірибесі бухгалтерлік есептегі ең маңызды кемшіліктер бастапқы құжаттарды ресімдеу мен өңдеуге және белгіленген стандарттар мен ережелерді бұрмалаған есеп регистрлерін жүргізуге байланысты екендігін айғақтайды. Мәселен, бастапқы құжаттарды ресімдеудің типтік кемшіліктері мыналар:
1) деректемелерді толтыруда қалдырып кетулер,
2) жасалған немесе өтеген ай-күн, жылды көрсететін белгінің немесе мөртаңбанның болмауы;
3) түсінік берілмеген түзетулер;
4) ұқыпсыз толтыру;
5) нөмірленудің, жауапты адамдардың қолдары болмауы және т.с.с.
Нәтижесінде құжаттардың заңды күші қамтамасыз етілмейді, оларды қайтадан пайдалану мен теріс пайдалануға мүмкіндік ашылады.
Кәсіпорын бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарында қарастырылмаған шоттар мен аралық шоттарды кіргізетін немесе олардың кейбірін жүргізуден негізсіз бас тартатын жағдайлар да орын алады.
Әсіресе еңбекақыны, өндіріс шығындарын және қаржылық нәтижелер есебінде көптеген кемшіліктер табылады. Кейбір кәсіпорындарда есептік төлемдік тізімдемелер (ведоместер) ай сайын және әр тоқсан үшін топтастырылмайды, ал оларда көрсетілген есептелген еңбекақы мен ұсталымдар, соның ішінде салық сомалары үдемелі жиынтықпен есептелмейді. Жеке шоттар, жеке құрамның (персоналдық) еңбекақы есебі карточкалары болмауы салықты дұрыс ессептеуді, анықтама беруді және т.б. қиындатады. Еңбек ақыны кейде қолхаттар немесе жете ресімделмеген шығыстық кассалық ордерлері бойынша төлейді.
Есепті кезеңдер арасындағы айырмаларды бөлудегі қателіктер негізінде жаңа өндіріс пен кәсіпорынды игеруге, жыл ішінде негізгі құралдары жөндеуге шығатын біркелкі емес шығындары өтеу мен қате көрсетуге, маусымды салалардағы дайындау бітіру жұмыстарына жұмсалатын шығыстарға, сондай-ақ демалыс ақысын және т.б. төлеуге шығатын шығындарды есептеу мен төлеуге байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет