Байтикенова аудит Қысқаша лекциялар жинағы Мамандығы: 5В050800 Есеп және аудит Оқу бөлімі: күндізгі, сырттай (орта, орташа арнайы және жоғары білім негізінде) Өскемен 2017


Тақырып 12 «Ұзақ мерзімді активтердің аудиті»



бет21/24
Дата19.05.2022
өлшемі209.86 Kb.
#457450
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Аудит лекциялар жинағы

Тақырып 12 «Ұзақ мерзімді активтердің аудиті»


Дәріс сұрақтары:

  1. Материалдық емес активтердің аудиті

  2. Негізгі құралдардың аудиті



Дәрістің мазмұны:

  1. Материалдық емес активтердің аудиті

Соңғы кездерде шаруашылық субъектілердің мүлкінің құрамында отандық бухгалтерлік есептің жаңа объектісі болып табылатын материалды емес активтердің үлсі жоғрлай бастады. Оларды жоспарланған мақсатта қолдануға жарамды жағдайға дейін жеткізу бойынша шығындар және жасауға, сатып алуға шығндар сомасының есебінде және есеп беруде көрсетіледі.
Материалдық емес активтер аудитының бағдарламасы кестеде көрсетілген.

Кесте 6 - Материалдық емес активтер аудитының бағдарламасы



Аудит процедуралары

Ақпарат көздері

1

2

1 Баланс көрсеткіштері Бас кітабының
мәліметтеріне МЕА бойынша
сәйкестігін тексеру

Баланс 2730, 2740 шоттары бойынша Бас кітап

2 Балан көрсеткіштерінің Бас кітабынының мәліметтеріне МЕА бойынша сәйкестігін тексеру

Бас кітап, есеп регистрлері, 12,10 журнал-ордерлер, «МЕА амортизациясы сомасын есептеу» әзірлеме кестесі және бастапқы құжаттар

3 Кәсіпорынның бұл объектіге меншіктілік құқығын растайтын МЕА бар екендігі туралы алғашқы құжаттарды тексеру

Патент, лицензия, авторлық куәлік, сызба, жоба, үлгі, лицензиялық келісім-шарттар, ас рецептурасы, геологиялық карталар және т.б.

4 Түскен МЕА бағалауының дұрыстығын тексеру

Келісім-шарттық бағалардың хаттамалары, сату-сатып алу шарттары, аудиторлық қорытынды, сарапшының қорытындысы және т.б.

Кестенің жалғасы

1

2

5 МЕА кіріске алу есебіндегі көрсетуінің дұрыстығын тексеру

Қабылдау-тапсыру актісі, 1,2,3,4,6,7,8 журнал-ордерлер, Бас кітап

6 МЕА аморизацияны есептеуінің дұрыстығын тексеру

«МЕА-ның амортизациясының сомасын есептеу» әзірлеме кестесі, 10 журнал-ордер

7 МЕА істен шығару есебіндегі көрсетулерінің дұрыстығын тексеру

Қабылдау-тапсыру актісі, 10 журнал-ордер

8 МЕА түгендеу қорытындыларындағы шоттарда көрсетулерінің дұрыстығын тексеру

Түгендеу тізімдемесі, салыстыру ведомості, түгендеу актісі, 12 журнал-ордер

2. Негізгі құралдардың аудиті


Ұзақ мерзімді активтердің ең маңызды түрі болып негізгі қорлар табылады.
Нарықтық қатынастың дамуына байлансты есепте түбегейлі өзгеріс болды. Олар негізгі қорды бағалау және қайтабағалауды; тозуды есептеуді; негізгі қорды жөндеуге жұмсалымдарды жазуды; мүлікті жалға алумен байланысты операцияларды қозғады.
Негізгi құралдар субъектiнің материалды-техникалық жарақтану базасын құраудың негiзiн қалыптастырып, қызме­тiндегi жетекшi бағыттарды іске асыруда маңызды рөл атқара­ды. Негiзгi құралдарды сақтау, есепке алу жене пайдалану ерекшелiктерiнен оның аудитiнiң мақсаты туындайды. Яғни аудитiнiң мақсаты - негiзгi құралдардың сақталу oрындары бойынша iшкi жене сыртқы қозғалыстарың құнына, пайдалы қызмет ету мерзіміне енгізілген өзгерістерінің дер кезінде бухгалтерлiк есепте дұрыс көрсетiлгендiгiн жене оларды қоры­тынды есептегi мәлiметтерiмен сәйкестiгiн тексеру болып табы­лады. Аудиттер алдына қойған мақсатына жету үшiн тексерудi талап eтeтін басты мiндетгердi анықтап алуға тиiс.
Негiзгi құралдардың сақталу, есепке алу және пайдалану есебiнiң аудитiнiң басты мiндетi:
- негiзгi құралдардың нақты қолда барлығына жене сақталуына бақылаудың қамтамасыз етiлгендiгiн;
- еңбек құралдарының негiзгi құралдарға дұрыс жатқызыл­ғандығын, олардың жiктелуi, меншiктiк қатынасы және өндiрiс үрдiciне қатысу сипаты бойынша топталғандығын;
- есепте негiзгi құралдардың дұрыс бағаланғандығын;
- есепте негiзгi құралдардың кipic және шығыс операция­ларының дұрыс көрсетiлiп құжатталғандығын;
- есепте негiзгi құралдарға тозудың жене жөндеудiң дұрыс есептелiп құжатталгандығын;
- негiзгi құралдардың дұрыс жене тиiмдi пайдаланылғанын;
- бухгалтерлiк есеп пен қорытынды есепте нақты қолда бар негiзгi құралдардың жене олардың қозғалысы туралы мәлiмет­тердiң дұрыс көрсетiлгендiгiн тексеру болып табылады.
Аудитордың мiндетi қолда бар негiзгi құралдардьң сақ­талуын бақылаудың қалай ұйымдастырылғандығын тексерумен шектелмейдi. Оларды сақтаудың қамтамасыз етуге байланысты атқарылған iс-шараларды да тексеруге міндетті. Ол үшiн: шаруашылық басшылығының бұйрығында нeгізгі құралдар­дың сақталуына жауап беретiн материалды жауапкершiлiктi түлғалардың тағайындалғандығын; тағайындалған түлғармен олардың толық материaлды жауапкершiлiгi туралы жазбаша шарт жасалғандығын; негiзгi құралдардың сақталуына тексеру жүргiзстiн түрақты жұмыс iстейтiн түгендеу комиссиясының тағайындалғандығын; жылдық қорытынды қаржылық есеп жасаудың алдында түгендеу жүргiзiлгендiгiн; түгендеудің нәти­жесiнің дұрыс құжатталғандығын жане оны қарау мерзiмiнiң сақталғандығын негізгі құралдардың кем шығу, жоғалған, бүлiнген фактiлер орын алған жағдайда кiнәлi түлғаларына қандай өкiмшiлiк шаралары қолданылғандығын анықтауға мiндетті.
Аудитор жоғарыда аталған басты мiндеттердi тиянақты орындау үшiн негiзгi құралдардың сақталу жане пайдалану есебiнiң аудитiнiң бағдарламаларын жасауға тиiстi. Бағдарла­мaда тексерiлетiн мәселелер, жоспарланған аудиттiң ic-әрекет­тepi, ақпарат көздерi жане тексеру мерзiмi анықталуы тиiс.

Кесте 7 – Негізгі құралдардың тексеру бағдарламасы



Аудит процедуралары

Ақпарат көздері

1

2

1 Баланс көрсеткіштерінің Бас кітаптың негізгі құралдар баптары бойынша мәліметтерімен сәйкестігін тексеру

Бухгалтерлік баланс, Бас кітаптағы 2410-2420 шоттар



2 Негізгі құралдардың синтетикалық және аналитикалық есебін жүргізудің дұрыстығын тексеру

Бас кітап, 10 және 12 журнал-ордерлер,тозу сомасымен негізгі құралды қайта бағалау есептеулері бойынша әзірлеме кестелер, алғашқы құжаттар



3 Негізгі құралдардың қойылған және пайдаланатын орындарында бар болуы мен сақталуын бақылауды қамтамасыз етуді тексеру

Кәсіпорын басшысының тұрақты жұмыс істейтін инвентаризациялау комиссиясын және МЖА тағайындау туралы бұйрықтары, МЖА-мен келісім-шарттар, түгендеу тізімдемесі (опись) және салыстыру ведомстілері, түгендеу актілері, қабылдау-тапсыру актілері, есептің инвентарлық карточкалары мен негізгі құралдардың инвентарлық тізімі (олардың тұрған және пайдаланатын орындары бойынша) және т.б.

4 Негізгі құралдардың қозғалысы бойынша алғашқы құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығын тексеру

Қабылдау актісі (НҚ-1); жөнделген, қайта құрастырылған және жаңартып, жетілдірген объектілерді қабылдау-тапсыру актісі (НҚ-2); негізгі құралдарды есептен шығару актісі (НҚ-3); көлік құралдарын есептен шығару актісі (НҚ-4); негізгі құралдардың есебі инвентарлық карточкалардың тізімдемесі (НҚ-10); негізгі құрал қозғалысының есебі карточкасы (НҚ-12); т.б

Кестенің жалғасы

1

2

5 Негізгі құралдардың жіктелуін жасаудың дұрыстығын тексеру

Техникалық құжаттама (паспорт, ерекшеліктері, іріктеп жинақталған ведомость және т.б.) НҚ-1, НҚ-2, НҚ-3, НҚ-4, НҚ-6, НҚ-13 және т.б.

6 Негізгі құралдарды бағалау мен қайта бағалаудың дұрыстығын тексеру

Келісім-шарттық баға хаттамалары, сатып алу-сату келісім-шарттары, негізгі құралдарды қайта бағалаудың әзірлеме кестелері, НҚ-1, НҚ-2, НҚ-6 және т.б.

7 Негізгі құралдарды кіріске алудың дұрыстығын тексеру

Техникалық құжаттама, НҚ-1, НҚ-2, НҚ-6 және т.б., 1-8 журнал ордерлер, Бас кітап

8 Негізгі құралдардың тозуын есептеу мен көрсетудің дұрыстығын тексеру

Есеп саясаты жөніндегі бұйрық, негізгі құралдардың тозуын есептеу жөніндегі әзірлеме кестелер, нормативті құжаттар, 10 журнал-ордер, Бас кітап: 2420 және 8410 шоттар.

9 Негізгі құралдарды жөндеуге кеткен шығындардың негізділігін және оларды бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетудің дұрыстығын тексеру

Есеп саясаты жөніндегі бұйрық, жобалық-сметалық құжаттама (ақау (дефект) ведомостілері, сметалар және т.б.); орындаған жұмысты қабылдау-тапсыру актілері, мерьігерлермен келісім-шарттар, басқа алғашқы құжаттар, аналитикалық есеп мәліметтері

10. Жалға алынған негізгі құралдар бойынша жал төлемін есептеу шоттарда көрсетудің және т.с.с. операциялардың дұрыстығын тексеру

Жал шарттары, жалға алынған (ұзақ мерзімді жалға алынған) негізгі құрал-жабдықтар есебі карточкасы (НҚ-12а).

11. Негізгі құралдардың істен шығуын есепте дұрыс көрсетілуін тексеру

НҚ- 1, НҚ-3, НҚ-4, НҚ-6, келісім шарттар, ағымдағы түгендеу қорытындылары, 12-журнал-ордер, Бас кітап.

12. Негізгі құралға қатысты салықтар есебімен есептеудің дұрыстығын тексеру

Есептеу ведомсотілері, 5-8 Журнал –ордерлері, Бас кітаптағы 3100 бөлімінің шоттары, салықтар бойынша есеп аырысулар.

13. Негізгі құралдардың техникалық жағдайы мен тиімді пайдалануын сараптау

НҚ-ны тиімді қалыптастыру мен пайдалану (қор қайтарымдылығы, экстенсивті, интенсивті және интегралды жүктеме және т.б.) көрсеткіштерінің сараптамалық есептеулер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет