Байтикенова аудит Қысқаша лекциялар жинағы Мамандығы: 5В050800 Есеп және аудит Оқу бөлімі: күндізгі, сырттай (орта, орташа арнайы және жоғары білім негізінде) Өскемен 2017


Тақырып: Қаржылық қорытындының қалыптасуы мен сату кезеңінің аудиті



бет19/24
Дата19.05.2022
өлшемі209.86 Kb.
#457450
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Аудит лекциялар жинағы

10 Тақырып: Қаржылық қорытындының қалыптасуы мен сату кезеңінің аудиті
Дәрістің мазмұны:
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің тауарлық-материалдық қорларының құрамдас бөліктерінің бірі – дайын өнім. Оны шығару, сақтау, өткізу дегеннің өзі - субъектінің шаруашылық іс-қызметінің жалпы жиынтық процестерінің жекелеген процесі. Дайын өнімнің жағдайын бағалау тауарлық-материалдық қорды басқарудың функционалды аудиті аясында не болмасаоның іс-әрекетінің жеке циклін іріктемелі тексеру ретінде өткізіледі. Соңғы жағдайда тексеру бәрінен гөрі ішкі бақылау жүйесіне қатысты және ревизия сипатты болады.
Дайын өнімнің қозғалысы жөніндегі есептік мәліметтер негізінде алынған ақпарат қаржылық есептілікті жасау үшін, соның ішінде, кірістер, шығыстар, айналымдық активтер мен басқа маңызды бөлімдер позициялары бойынша негізгі болып табылады. Өнімді өткізу циклінің аудитіне қаржылық есеп берудің де, функционалды аудиттің де міндеттері тән.
Құжаттық мәліметтері ескерілмеген өнімді шығару мен өткізуді анықтау мақсатымен тексере келіп, қайсыбір жалғыз құжатпен шектелуге болмайды. Мұндай фактілер жөніндегі аудиттің қорытындысы оның тұжырымдарын толығымен негіздейтін құжаттық мәліметтердің жиынтығына сүйенуі тиіс. Дәл солайша, тек кәсіпорын қоймасында өзіндік (меншікті) өндірістің дайын өнімінің артық болуы туралы мәліметтер де жеткіліксіз. Дегенмен бұл барлық өнімнің ескерілмегенін айғақтай алады.
Тексеру материалдарында ескерілмеген дайын өнімнің шығырылуы мен өткізілуін дәлелдейтін, соның ішінде, материалдық құндылықтардың ескерілмеген артықтары, көмекші материалдардың, шығарылған өнімнің есептелген санына қарағанда артық шығуы үшін, жұмысшыларға еңбекақы төлеу фактілері; автоматтық есептегіштердің көрсеткіштері, дайын өнімді тасып шығаруға рұқсат және т.б. бар болуын растайтын басқа да көрсеткіштерді келтіру қажет. Сондықтан аудитор бұл мәселелерді зерттей келе барлық құжаттаманы, бұрынғы тексеру қорытындыларын оқып білуі тиіс және ескерілмеген өнімді шығару мен өткізу жағдайлары бар екендігі немесе жоқтығы туралы негіздемелі тұжырым жасау керек.
Шығындар туралы мәліметтердің функционалды аудиті үшін, мысалы тұтас кәсіпорынға қанша материал жұмсалғанын білу жеткіліксіз. Өнділілген өнімге мәнді талдау жасауц үшін әрбір цехтағы, учаскедегі, бригададағы, яғни пайда болу орындарында өзгешелікті номенклатура (атаулар тізімі) бойынша материалдардың шығысы туралы ақпарат қажет. Бұл мақсаттқа шығындарды шығыстардың калькуляциялық баптары бойынша жіктеу мен осы шығындардың функционалды аудиті қызмет етеді. Функционалды аудит пен елеулі талдау тәсілдерінің көмегімен өндірістің мақсатын, орнын анықтап және шығыстарды қатаң бақылауды ұйымдастыруға, олардың азайту резервтерін табуға және тауарлық-материалдық қорларды қолданудың тиімділігін арттыруға болады.
Аудитор дайын өнімді тиеу мен өткізу жағдайын тексерір, мыналарды анықтауға тиіс:

  1. Дайын өніммен жабдықтауға арналған шарттар жасалған ба және оларды рәсімдеу дұрыстығы.

  2. Өнімді тиеуге арналған құжаттарды ресімдеудің дұрыстығы.

  3. Тиелген өнімнің бағасын ресімдеудің дұрыстығы.

  4. Банкке тиелген өнім үшін төлем талап-тапсырмасын ұсынудың мерзімділігі.

  5. Егер өнім тікелей жабдықтаушының қоймасынан босатылатын болса, өнімді босатуға арнклған құжаттарды ресімдеудің дұрыстығы.

  6. Дайын өнімді тиеу мен өткізу есебін жүргізудің дұрыстығы.

  7. Өнімді тиеу мен өткізу жөніндегі бухгалтерлік өткізбелерді жасаудың дұрыстығы.

  8. Синтетикалық және аналитикалық есеп жазбаларының 1210 «Алынатын шоттар» және 6010 «Дайын өнімді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін табыс» шоттары бойынша сәйкестігі.

Өнімді шетелдік валютамен төлеу үшін экспорттық операцияларды өткізудің өз ерекшеліктері бар. Валюта бағамының құбылуы бағамдық айырма сомасы пайда болуына әкеледі. Ақшалай қаражаттың түскен уақыты мен ұлттық валютамен өткізу уақытындағы мәмілелік құн баламасы арасында экспорттық операциялар бойынша бағамдық айырма пайда болады. Осылайша, бағамдық айырмалар не сатып алушылардың борышын арттырады, не болмаса кәсіпорынның кірістері мен шығыстарына тиісінше ықпавл етіп, оны азайтады.
Ақпарат функционалды аудит өткенге дейін қасақана бұрмалануы және елеулі ауытқулар болуы мүмкін. Ағымдағы активтердің қозғалысы туралы ақпараттың анықтығына қарама-қарсы тексеру, ішкі бақылау жүйесін, бастапқы құжаттарды, синтетикалық және аналитикалық есеп, қаржылық, статистикалық және жедел есептіліктің тіркелімдерін бағалауды өткізу қажет.
ТМҚ түгендеу мен оның қорытындысын талдау заттарды сатып алу, өнімді өндіру мен өткізу циклдері функционалды аудит кезінде жеке шара болып табылады. Түгендеуді өткізу үшін құрамын кәсіпорын басшысының бұйрығымен бекітілетін түгендеу жұмыс комиссиясы құрылады. Түгендеу басталмас бұрын қойма меңгерушісінен бухгалтерияға материалдық құндылықтардың кірісі мен шығысына арналған барлық құжаттар тапсырылғаны туралы қолхат алынады. Бір материалдарға жауапты адамның қорларды әр түрлі оқшауланған бөлмелерде сақтағанда олар сақталу орындары бойынша дәйектілікпен түгенделеді. Қорлардың бар-жоғы тексерілген соң бөлмеге кіру пломбыланады және комиссия басқа бөлмеге жұмыс істеу үшін көшеді.
Қоймадағы материалдық құндылықтардың нақты бар болуын оларды міндетті түрде қайта есептеу, қайта таразылау және өлшеу жолымен тексереді. Тауарлық-материалдық қорларды түгендеу нәтижелерін, түгендеу тізімдемесіне (актісіне) жеке әрбір атау бойынша кіргізеді. Тізімдеме бір дана болып жасалады. Есепте ескерілмеген материалдық құндылықтар айқындалғанда, комиссия оларды тізімдемеге кіргізуі тиіс. Түгендеу біткен соң тізімдеме салыстырмалы ведомость (тізімдеме) жасалуы үшін бухгалтерияға беріледі. Түгендеу қорытындылары шешім шығаратын түгендеу комиссиясы мәжілісінде қаралады.
Кәсіпорын қорларының сақталуын қамтамасыз ету мәселелерін қарағанда, өндіріс пен қоймадағы ескерілмеген шикізат пен материалдардың артық шығуы негізінде, сондай-ақ бұрын пайда болған жасыру, соның ішінде тауарсыз құжаттар бойынша шикізаттар мен материалдарды кіріске алумен байфланысты туындаған кем шығуларды жасыру оларды заттай алу, ескерілмеген өнімді өндіру мақсатымен жасалатынын назарда ұстау керек. Шикізаттар мен материалдардың артық шығуы кәсіпорында бұл құндылықтардың әр түрлі сатыдағы қозғалысында: қабылдағанда, сақталғанда, қоймадан цехқа беруде, өндіріске есептен шығаруда және т.б. пайда болуы мүмкін.
Сонымен қатар өнеркәсіп орындарында тауарлық-материалдық құндылықтардың артық шыққанын заңсыз иемдену мен жасаудың мынадай тәсілдері қолданылады:

  1. Тым арттырылған норма бойынша есептен шығарылған шикізат пен материалдарды қымқыру; шикізат пен материалдарды өндіріске нақты жүзіндегі шығыс бойынша емес, кей жағдайда көтермеленген болып табылатын, бекітілген нормамен белгіленген қажеттіліктер есебіне қарай есептен шығару.

  2. Ескерілген өнім өндірісі үшін қолданылатын және заңсыз иеленген артық шығулар.

  3. Шикізат пен материалдарды өндірісте есептен шығаруда шығыстың орташа нормаларын қолдану.

  4. Өнімді шығаруда техникалық шарттарды бұзу, өте төмен сападағы шикізатты қолдану салдарынан өнім сапасының нашарлауы, бір компоненттерді екіншісімен ауыстыру.

  5. Шикізат пен материалдарды іс жүзіндегі және бар болатындай шығыс нормаларынан асатындай, нақты іс жүзінде орындалмаған жеке технологиялық операцияларды шығынға негізсіз есептен шығару.

  6. Шикізат пен материалдарды жабдықтаушылардан қоймаға қабылдағанда толық кіріске алмау.

  7. Кірістік құжаттарда шикізат пен материалдардың сапалық көрсеткіштерін олардың шынайы іс жүзіндегі мәліметтеріне қарағанда төмендетілуі.

  8. Қабылдау, тиеу, тасымалдау, оларды қоймаға, базаға, аймаққа және теміржол станциясына тасу кезінде тауарлық-материалдық құндылықтардың кем шығуы, сынуы, ағуы және бүлінуіне арналған коммерциялық және ішкі актілерді негізсіз жасау.

  9. Жабдықтаушыдан шикізат пен материалдарды ілеспе құжаттарда көрсетілгеннен гөрі көп мөлшерде тасып әкелу немесе құндылықтардың (басқа жақтағы тауарлар) мүлдем құжатсыз ресімделуі.

  10. Ілеспе құжаттарда көрсетілген қалдықтардың орнына жақсы сападағы шикізат пен материалдарды алу.

  11. Ыдыстың (тара) салмағын оны өлшеу туралы актіні жасағанда артық жазу.

  12. Материалдарға оның саны немесе салмағын ұлғайту мақсатымен басқа немесе төмен сападағы біртектес зат қосу.

  13. Бір құндылықтарды екінші құндылықтармен құжаттарды ресімдеудің және т.б. ауыстыру жолымен артық шығатындай етіп жасау.

Ескерілмеген шикізат пен материалдардың артығын жасау мен иелену тәсілдерінің келтірілген тізбесі, атап айтқанда, көрсетілген тәсілдер Қазақстанның көптеген өндіріс кәсіпорындарында аудит өткізу іс-тәжірибесінде ең жиі кездеседі.
Функционалды аудиттің жұмыс бағдарламасында қоймалар мен материалдық құндылықтардың сақталған жерлерін тексеру оларды белгілеу бойынша қолдануға жарамдылығын; өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау; дабыл берудің, өлшеу шаруашылығының және басқа да өлшегіш құралдардың бар болуын анықтау мақсатымен жеке қарастырылады. Сонымен бір мезгілде материалдарды өндіріске босату жүйесі, олардың санын анықтаудың дұрыстығы, цех басшыларының тарапынан бақылаудың жағдайы, тиісті бастапқы және жиынтық құжаттарда босатуды көрсетудің уақыты мен дәлдігі тексеріледі.
Материалдық құндылықтардың сақталуын бақылаудың ажырағысыз бөлігі қойма есебін тексеру болып табылады. Комиссия жұмысының іс-тәжірибесі көрсеткендей, қойма есебін жүргізуде негізгі бұрмалаулар материалдық құндылықтар түрлері бойынша теріс қойма қалдықтары («қызыл сальдо») бар болғанда, жекелеген кірістік құжаттар бойынша материалдардың түсуі жөніндегі жазбалардың жоқтығынан, қойма есебі карточкаларының мәліметтерінің айырмашылықтары, есептен шығарылатын құжаттар санын аса көтеру, қалдықтарды қате санаудан тұрады. Материалдық құндылықтардың сақтауын қамтамасыз етудің шартты міндеті – дұрыс ұйымдастырылмаған күзет. Оның жағдайында функционалды аудит материалдық құндылықтарды әкелу мен тасып шығаруды; күзет қызметкерлеріне рұқсатнама ресімдеу мен тіркеудің белгіленген тәртібін сақтауды; олардың қолданылған рұқсатнаманы бухгалтерияға уақтылы қайтаруын; басқа шарттарды орындауын ішкі бақылаудың іс жүзіндегі жүйесін кенеттен тексеруден басталады. Мұнда әр түрлі бұрмалаулар кездеседі: материалдық құндылықтардың бір рұқсатнамамен екі рет алып шығу; бұған құқы жоқ адамның қолы қойылған рұқсатнамамен тасып шығару.
Өндірістік іс-қызметте бұрмалаулар мен қызмет бабын теріс пайдалану анықталғанда рұқсатнамалар бақылау материалы ретінде пайдаланады. Олардың мәліметтері шот-фактураларда жапсырмада және басқа ілеспе құжаттарда көрсетілген, тасып шығарыоған құндылықтардың іс жүзіндегі санымен, ассортиментімен, сапасымен және құнымен салыстырылады. Тауарлық-материалдық қорлардың сақталуын бақылауға кәсіпорынның тексеру жүргізуінің мезгілін, толықтығын және дұрыстығын тексеру кіреді.
Сарапшылық іс-тәжірибені талдау шикізат пен материалдарды ЭЕМ (электронды есептеуіш машиналар) өңдеу жағдайында есептік мәліметтерді бұрмалаудың негізгі тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді. Мыналар да оған қосылады:

  • есеп мәліметтерін машинограммада кірісті төмендету немесе шығысты тым көтермелеу жолымен бұрмалау;

  • бастапқы құжаттарға код беру процесінде қасақана қателер мен жалған құжат жасау;

  • шикізат пен материалдар есебін бұрын өңдеуден өткен немесе жалған құжаттардың мәліметтерін ЭЕМ-ға енгізу жолымен бұрмалау;

  • бастапқы құжаттарда шифрлар мен номенклатуралық нөмірлерді бұрмалау;

  • есеп мәліметтерін бастапқы құжаттардан көшіру сәтіндегі бұрмалаулар.

Ақпаратты машиналық мәліметтерді көшіріп таратуда жіберілген қателерді анықтағанда хронологияляқ жазбалардың есеп регистрлері болып табылатын, машинограммалар шығарылатын бастапқы құжаттарды тексеру ұсынылады. Материалдарды ЭЕМ-да есептеу кезінде ықтимал ұрлықтарды дәлелдейтін белгілер мыналар:

  • ЭЕМ-ға өңдеуге жіберілген бастапқы құжаттарда түзетулердің болуы мен талап етілетін деректемелердің жоқтығы;

  • машинограммалардағы түзетулер;

  • бақылау машинограммаларда дебиттік және кредиттік айналымдар жиынтығының үйлеспеуі;

  • құжаттар мен машинограммалар ішіндегі қарама-қайшылықтардың болуы.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет