Байтикенова аудит Қысқаша лекциялар жинағы Мамандығы: 5В050800 Есеп және аудит Оқу бөлімі: күндізгі, сырттай (орта, орташа арнайы және жоғары білім негізінде) Өскемен 2017


Тақырып: «Сатып алу кезеңінің аудиті»



бет17/24
Дата19.05.2022
өлшемі209.86 Kb.
#457450
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24
Аудит лекциялар жинағы

8 Тақырып: «Сатып алу кезеңінің аудиті»


Дәрістің мазмұны:
Жүргізу толықтылығына қарай аудит кешенді, функционалды және локалды болады. Аудит түрлерінің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Функционалды аудит ретінде әр түрлі сатыдағы процесс, цикл және шаруашылық іс-қызмет түрлері бойынша белгілі бір басқару функцияларын атқару жағдайын мақсатты түрде бақылау түсіндіріледі. Операциялық аудиттің осы түрінің маңызды сипаттамалары арасында ең алдымен зерттеудің тереңдігі мен аудиторлардың бизнесті басқарудағы әр түрлі функциялары бойынша еңбекке мамандану мүмкіндігін атап айтқан жөн. Функционалды аудит шеңберінде менеджмент, маркетинг, қаржы, бухгалтерлік есеп, экономикалық талдау, еңбек, материалдық және қаржылық ресурстарды басқару жағдайын ішкі шаруашылық бақылау функцияларын орындауды тексеру жасалады.
Функционалды аудит өндірістік ресурстарды қолдану мен процестерді, сатылы және циклдерді қалыптастыру бойынша жүргізе алады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жабдықтау, өндірістік қаржылық іс-қызметінде өндірістік ресурстарды басқару функцияларын орындаудың іс жүзінжегі нақты жағдайын зерттеудің кешенді тәсілі ең пайдалы болып такбылады.
Тауарлы-материалдық қорларға (ТМК) сатып алу циклінің функционалды аудитін қаржылық есеп берудің мәліметтерін және белгілі бір кезең ішіндегі олардың қозғалысы туралы алғашқы құжаттарды қарастырудан басталады. Бастапқы есепті ұйымдастыруда қабылдауды, құжатты рәсімдеуді, тиеу-тасу жұмыстарын, материалдық ресурстардың қозғалысын, сақталуын және ұтымды қолданылуын бақылау мен орналастыруды тікелей жүзеге асыратын қойам шаруашылығы қызметкерлері маңызды рөл атқарады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілерді сатып алу, өндіріс және дайын өнімді өткізу циклдерінің функционалды аудитінің маңызды кезеңдері мыналар:

  1. Материалдық ресурстармен жабдықтауды ұйымдастыру жағдайын тексеру.

  2. Қалыптасқан тауарлық-материалдық қорларды басқару жүйесін талдау.

  3. Қорлардың жағдайын және олардың қолданылу деңгейін бағалау.

  4. Қойма шаруашылығын ұйымдастырудың жағдайын тексеру.

  5. Тауарлық-материалдық қорлармен жасалатын операцияларды есепте көрсетудің дұрыстығын тексеру.

  6. Қорларды түгендеудің жүйелілігі мен дұрыстығын зерттеу.

  7. Тауарлық-материалдық құндылықтарды қолдануды ішкі бақылау жағдайын бағалау.

  8. Жабдықтау-дайындау іс-қызметі есебін, басқаруды және талдауды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Тауарлық-материалдық қорларды құру мен сақтау белгілі бір шығындарға кездеседі. Шынында, Қазақстанның кен өндіру өнеркәсібінде жабдықтау-дайындау іс-қызметіне қатысты шығындардың жалпы сомасы оған жасалған материалдық ресурстар қоры құнының 30%-на жуық болды. Бұдан шығатын қорытынды, шаруашылық жүргізуші субъектілердің материалдық құндылықтарға деген қажеттілігін ең аз шамадағы шығындармен қамтамасыз ету мақсат болып қойылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің тауарлық-материалдық қорлары есебі мен ішкі бақылау жағдайының функционалды аудиті бағдарламасы:

Кесте 2 - Қорларды сатып алу мен басқарудың функционалдық аудит бағдарламасы



Аудит процедуралары

Ақпарат көздері мен бағалау критерий

1

2

1.Материалдық-техникалық қамтамасыз ету мен бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды талдау

Жылдық, тоқсандық және ағымдағы есеп, сонымен қатар жедел мәліметтер

2. Бастапқы есепті, бухгалтерлік регистрді және қорлардың қозғалысы есеп беру жағдайын тексеру

2 ҚЕХС, қойма есебі карточкалары, кірістік ордерлер, материалды қабылдау туралы актілер, кем шығу, ТМҚ жоғалту туралы және т.с.с. актілер

3. ТМҚ синтетикалық және аналитикалық есебінің дұрыстығын тексеру

Бас кітап, 6,7,10 журнал-ордерлер есеп регистрлері, 4-9, 13, 15, 24 БЕС, шоттардың үлгі жоспары

4. Баланстағы ТМҚ бағалаудың дұрыстығын тексеру

2 ҚЕХ,материалдық құндылықтарды түгендеу актілері

5. ТМҚ бар болуы мен сақталуын, оларды түгендеуді жүргізудің уақтылығы мен дұрыстығын талдау

Материалдарға жауапты адамдар мен шарттар, бастапқы құжаттар, қоймалық есеп карточкалары, түгендеу актілері

6.Қойма шаруашылығын ұйымдастырудың дұрыстығын зерттеу

Техникалық құжаттама, қойма шаруашылығын ұйымдастырудың стандарттары мен нормативтері

7. Қойма есебін, ТМҚ қозғалысы бойынша бастапқы құжаттарды ресімдеудің дұрыстығын тексеру

Бастапқы құжаттар, қойма есебінің карточкалары, материалдардың қозғалыс есебі (2 ҚЕХС) бойынша тізімдеме (ведомость)

8. Кәсіпорынның өндірістік қорлармен соңғы есеп беру күндерінің қамтамасыз етілуін бағалау

Стандарттар, нормалар мен нормативтер, техникалық шарттар, есеп айырысу, бастапқы және құрама құжаттар

Кестенің жалғасы



1

2

9. Түскен материалдарды кіріске алудың толықтығы мен ұзақтылығын тексеру

Бастапқы құжаттар (қабылдау, коммерциялық актілер, жүкқұжаттар, төлем тапсырмалары), шот-фактурулар, кірістік ордерлер және т.с.с.

10. Өніммен жабдықтау, жұмыс пен қызметті орындау жөніндегі шарттардың сақталуын бақылау (қадағалау)

Қойма есебінің карточкалары, материалдар есебі тізімдемесі (ведомость), 6 журнал-ордер, Бас кітап, шарттар, нарядтар, сертификаттар, шот-фактуралар және т.с.с.

11. ТМҚ-ны өндіріске босату жөніндегі операциялардың негізділігі мен оларды шоттарда көрсетудің дұрыстығын талдау

Бастапқы құжаттар (лимиттік-заборлық (алу) карталары, талаптар, жүкқұжаттар), материалдар қозғалысы есебі бойынша тізімдеме (ведомость) 10 журнал-ордер, Бас кітап

12. ТМҚ бағалау тәсілдерін таңдаудың дұрыстығын анықтау

Есеп саясаты жөніндегі материалдардың қозғалыс есебі бойынша тізімдеме (ведомость), 6, 10 журнал-ордерлер

13.Қорлардың қозғалысын ішкі бақылау жағдайын тексеру

Ішкі тәртіп, қызметтік нұсқаулар және ҚЕХС

14. Басқа жақтағы тысқары ұйымдарға ТМҚ өткізу мен қайта өңдеуге байланысты операциялар бойынша бухгалтерлік жазбалардың дұрыстығын тексеру

Шарттар, калькуляциялар, сенімхаттар, тауарлық-көліктік жүкқұжаттар, қабылдау туралы акт. Кірістік ордерлер . Шоттардың үлгілік корреспонденциясы.

15. ТМҚ табиғт кему, бүліну және оларды арзандатудағы белгіленген нормадан тыс кем шығуын есептен шығаруға арналған құжаттар мен әкімшіліктің шешімдерін талдау.

Әкімшіліктің материалдарды есептен шығаруға арналған актілері мен шешімдері, түгендеу актілері, нарықтық баға мен сатып алу бағалары туралы мәліметтер және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет