Байтикенова аудит Қысқаша лекциялар жинағы Мамандығы: 5В050800 Есеп және аудит Оқу бөлімі: күндізгі, сырттай (орта, орташа арнайы және жоғары білім негізінде) Өскемен 2017


Тақырып: Аудитте талдау тәсілдерін пайдалану



бет23/24
Дата19.05.2022
өлшемі209.86 Kb.
#457450
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Аудит лекциялар жинағы

14 Тақырып: Аудитте талдау тәсілдерін пайдалану


Дәрістің мазмұны:
520-шы Халықаралық аудит стандартына сәйкес талдамалық процедуралар - маңызды коэффициештерді және тенденцияларды, олардан туындайтын баска релеванттық ақпараттармен дәйекті (бірізді) емес немесе жобаланған сомадан өзгеше өзгерістер мен өзара байланыстарды зерттеулермен қоса алып талдауды білдіреді.
Талдамалық процедураларды қодданудағы негізгі мақсат-болашақ тәуекелдікті (кауіпті) анықтауға мүмкіндік беретін ерекше фактілердің және шаруашылық қызметтің нәтижелерінің нақты барын анықтау болып табылады. Олар бухгалтерлік жазуларды таддауды қарастырады.
Талдамалық процедуларды аудит өткізудің барлық кезеңдерінде (сатыларында) орындау керек:
- аудит жүргізудің бас кезеңінде қандай операцияларды толығырақ зерттеу керектігі жөнінде шешім қабыддау үшін;
- тікелей аудит жүргізу кезіңце, ягаи аудитор талдамалық проце-дураларды басқа аудиторлық процедуралармен (ішкі бақылау жүйесіне тест жүргізу, шаруашылық операцияларын тікелей объектіге қатысты тексеру және т.б.) байланыстыра отырып орындаған кезде. Бүл бухгалтерлік қорытынды есептегі ерекше ауытқуларды зерттеу кезінде өте тиімді;
- аудитті аяқтау кезеңінде талдамалық процедуралар қорытынды есептегі маңызды бұрмалаушылықтың барын немесе басқа каржы -баскару мәселелерін соңғы тексеру ролін аткарады. Талдамалық процедураларды жүзеге асыру кезінде салыстырулар пайдаланылады және дайындап тапсырылған қаржылық қорытынды есептің дұрыстығын бағалауға мүмкіндік беретін өзара байланыстар анықталады. Кейбір жағдайларда талдамалық процедуралар есептеулерді немесе ары қарай тексеру жүргізу қажеттілігін анықтау үшін кеңірек зерттеуді керек ететін шаруашылық операцияларын айқындау үшін де пайдаланылады. Талдамалық процедуралар үшін пайдаланылатын ақпараттар-олар, аудитордың өзі жасаған есептеулері.
Талдамалық қарастыру процедураларының маңызы төмендегі-лермен айқындалады:
- каржылық мәліметтердің арасындағы немесе каржылық және кар-жылық емес ақпараттардың арасыңцағы өзара байланысты талдаумен;
- мәліметгердің элементтері арасындағы белгілі немесе болады деп күтілетін езара байланыстарды талдау арқылы алынған өткен кезеңцердің мәліметтерін нақгы мәліметтермен салыстырумен;
- соңғы кезеңнің ақпараттарын соған сәйкес ертерек кезенде алын-ған ақпараттармен, бірдей кәсіпорындардың мөліметтерімен және сала бойынша орташа мәліметтермен салыстырумен;
- талдау және салыстыру жасау процессінде табылған күтпеген ауытқуларды зерттеумен;
- сол ауытқулар бойынша түсініктемелер алу және оларды негіздеумен;
- жүргізілген талдаудың, салыстырудың және зерттеудің нәтижелерін қаржылық қорытынды есептің нәтижелері бойынша аудитордың пікірін қалыптастыру үшін негіз ретінде алынған дәлелдеу тұрғысынан баға берумен.
Кеңірек тараған әдістерге жай салыстыру және қорытынды есеп баптарындағы өзгерістерді талдау жатады. Және де олардың шұғыл өзгеруін талдау, аудиторды көбірек көңіл аударуды керек ететін, қорытынды есептегі бар ерекше ауытқу фактілеріне (белгілі бір шоттар, шаруашылық операциялары бойынша) итермелеуі мүмкін. Баптардың өзгеруін басқа баптардың өзгеруімен салыстыра отырып талдау, ең бастысы, экономикалық мазмұны бойынша бір көрсеткіштің өзгеруі басқа сонымен өзара байланысты көрсеткіштің езгеруімен сәйкес келмеген кезде қолданылады.
Талдамалық (аналитикалық) процедураларды қаржылық қорытынды есепке тексеру жүргізу процессінде қолдану:
- жекелеген шоттар немесе шоттар тобының дүрыстығына дәлел болады;
- өтімділікті (ликвидтілікті), рентабельділікті (жалпы кәсіпорынның қаржылық жағдайын) тексерудің нақгы мерзіміне де (кәсіпорынның көз жетерлік болашақта қызмет атқаратындығы туралы қорытындыға алып келетін-"үздіксіз қызмет ету принципі"), өткен кезевдер үшін де бағалауға мүмкіндік береді;
- аудитордың назарын маңыздырақ сәттерге немесе тексеру көлемін, мерзімін және аудиторлық гонорарлардың (сый ақылардың) мөлшерін қысқартатын "осал тұстарға" шоғырландыруға көмектеседі.
Аудиторлар талдамалық процедураларды орындаудың төмендегі негізгі кезеңцерін ажыратып көрсетеді:

- процедураның түрін таңдау- көп жағдайда оны жүргізу (өткізу) мақ-сатымен аньщгалады, экономикалық субъект қызметінің түріне, ақпа-раттардың түсініктілігіне және бірдейлігіне байланысты болады;
- тиісті коэффициенттерді, ауыткуларды, тренділерді есептеуге (мысалы баланс баптарын тігінен және көлденеңінен талдау) әкеліп салатын процедураларды тікелей орындау;
- процедураларды орындау нәтижелерін талдау, яғни оларды таңдаудың және жүзеге асырудың дұрыстығына, бұл процедуралардың мақсатқа қол жеткізуге қолайлылығына жалпы баға беру.
Жоғарыда атап айтылғандай, талдамалық процедураларды орындау үшін аудитор пайдаланатын ақпараттар-аудитордың өзінің жасаған есептеулері. Сонымен бірге ол ақпараттар жеткілікті түрде сенімді болуға тиісті.
Талдамалық процедуралардың сенімділігіне төмендегі факторлар әсерін тигізеді:
- шоттар бойынша қарастырылған қалдықтардың маңыздылық дәрежесі;
- тексеру жүргізілетін сол объектіге бағытталған басқа талдамалық процедуралардың нәтижелері;
- талдамалық процедураларды орындау кезінде пайдаланылатын көрсеткіштердің ауытку шамалары;
- талдамалық процедураларды орындау кезінде бухгалтерлік емес мәліметтерді пайдалану (мысалы, сатып-өткізуден түскен түсімді көрсетудің толықгығьша тексеру жүргізу кезівде енімді сандық өлшем-мен жөнелту жөніндегі мәліметтер пайдаланылуы мүмкін).
Жалпы жағдайда бизнестiң қаржы-экономикалық тұрақты­лығы операциондық аудит әдiстемесiнiң маңызды элементтерi болып төменде келтiрiлгендер бола алады:
1) клиенттiң бизнесiмен танысу мен оның ic-әрекетiнiң негiзгi көрсеткiштерi деңгейiн алдын ала шолу;
2) iс-қызмет процестерi мен циклдерiне операциялық тек­cepic жүргiзудiң бағдарламасы мен күтiлетiн жұмыс жоспарын әзірлеу;
3) аудиторлық тәуекелдiлiктiң елеулiгi мен деңгейiн бағалау;
4) бизнестiң жағдайы жайлы ақпараттың анық сенiмдiлiгiн тексеру мен жинау, өңдеу;
5) бухгалтерлiк есеп пен субъектiнiң iс-қызметiн iшкi бақылау жүйелерiндегi болуы ьқтимал «күрделi нүктенi» бағалау;
6) бизнестi басқару жүйесiнiң оңтайлы ұйымдастыру аудитi;
7) жабдьқтау, өндiрiстiк және қаржы-өткiзу iс-қызметiнiң функционалды аудитi;
8) жабдьқтау, өнім, жұмыс және көрсетiлетiн қызмет өндiрiсi мен өткiзу процестерiн ұйымдастырудың тиiмдiлiгiне факторлық талдау;
9) өнiмдi өткiзу, кipic алу, ресурстарды алу мен жұмсау циклдерiне арнайы аудит;
10) тексеру нәтижелерiн жинақтап қорыту, тұжырымдарды қисындастыру, резервтердiң жиынтық бағасы мен бизнестiң тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу.
Операциондық аудиттiң әрбiр элементi мен кезеңiнiң өз әдiстемелiк және ақпараттық қамтамасыз етiлуi, бағдарламасы мен процедуралардың мiндеттi тiзбесi болады. Талдаушы процедураларға көбiне қорытындылайтын қаржылық коэффи­циенттердi есептеу кiредi, бұл әp түрлi пайдаланушылар тұрғы­сынан болатын құбылыстар арасындағы өзара байланысты түсінуге көмектеседі.
Операциондық аудиттiң функционалдық, ұйымдастырушы­лық және арнайы сияқты ерекше түрлерiн қолдану қосымша талдау мен аудиторлық тестілеуге тиісті ықтимал проблемалар саласын терең зерттеу мен ұқсастандыруға мүмкіндік береді.
Ағымдағы активтердiң функционалды аудитiн өткiзгенде мәлiметтердiң сол ресурстарын сатылық және циклдiк қозғалысы бойынша толықтығы мен анық сенiмдiлiгiне көңiл аударған жөн. Ағымдағы активтердiң айналымдылығы компания қызметiнiң үш: жабдықтау, өндiрiстiк және қаржы-өткiзушiлiк сатыларын қамтиды. Осыған орай, аудитор iс-қызметтiң тексерiлетiн процестерiнiң әрбiр саласында ағымдағы активтердi қалыптас­тыру мен пайдалану туралы ақпараттық анық сенiмдiлiгiн айқындауы тиic.
Ұйымдастырушылық аудиттi өткiзу компанияның функцио­налды және желiлiк бөлiмшелерiнiң iс-қызметiн жоспарлаудың, үйлестiрудiң және реттеудiң жағдайын анықтауға мүмкiндiк бередi. Бұл оның активтерi мен капиталын тиiмдi қалыптастыруға және қолдануға жол ашады. Сонымен бiрге, шаруашылық есептiң барлық түрлерiнiң, оның iшiнде, бухгалтерлiк, статистикалық және жедел-техникалық мәлiметтер мүмкiндiгiнше толық жина­лып, зертrелуi тиic.
Кешендi сипаттағы қаржылық есеп беруде бiрдей шаруашы­лық операциялардың әр қилы аспектiлерiн көрсететін мәлiмет­терге ерекше көңiл бөлген жөн. Мысалы, бухгалтерлiк баланста (№1 форма) ұсынылган мәлiметтер «Табыстар мен шығыстар туралы есепте» (№2 форма) бар мәлiметтердi толықтырады және керісінше.
Операциондық аудит пен бизнестiң жағдайын талдау үшiн ең мол ақпаратты форма кәсiпорынның бухгалтерлiк балансы болып табылады. Ол субъектiлердiң бар активiн, меншiктi капиталы мен мiндеттемелерiн көрсетедi, олар бизнестi тиiмдi жүргiзудi анықтауга тiкелей байланысты маңызды элементтер ретiнде қызмет етедi.
Балансты оқымас бұын оның ҚЕХС (Қаржылық есеп берудiң халықаралық стандарттары) мен бухгалтерлiк есептiң отандық стандарттар талаптарына сай жасалган дұрыстығына, аралық және жалпы қорытындыларды, басқадай тура және жанама бақылау apaқатынастap көрсеткiштерiн есептеу мен өлшем бiрлiктерiнiң бiркелкiлiгi мен дәлдiгiне көз жеткiзу қажет. Дедуктивтiк әдiске сүйенгенде, кешендi операциондық аудиттi қаржылық есептiң мәлiметтерiн және басқа түрлерiн қатыстыра отырып, кезең басындағы, жоспарлы балансы және өткен жылдардағы балансы бар, шаруашылық іс-қызметтің өзгерген қаржылық нәтижелерімен жасалған баланс қорытындысын өзгерту қарқынын жалпы бағалаумен салыстырудан бастауға болады.
Операциондық аудитте қаржылық есептiлiктi түсiндiрудің (интерпретация) озық тәсiлдерi – көлденең (горизонталды), тік (вертикалды), тренділік және факторлық талдау кеңінен қолданылады. Көлденең талдаудың басты ерекшелігі – абсолютті баланстық көрсеткіштердің өсуі мен төмендеуінің салыстырмалы жылдамдығын қатыстыра отырып, бір немесе бірнеше аналитикалық кестелер құру болып табылады. Көлденең талдау процесінде белгілі бір кезең үшін баланстың әр түрлі баптарының абсолютті және салыстырмалы өзгерістері анықталады және бағаланады. Көлденең талдаудың нұсқасы даму тенденциясын талдау (трендік талдау) болып табылады, мндайда активтердің, меншікті капиталдың және есепті кезең міндетемелерінің, әрбір позициясы бұрын болып өткен кезеңдермен қатар салыстырылады және тренд, яғни кездейсоқ ықпалдан тазарған және кезеңнің жеке ерекшеліктерінсіз, қаржылық есеп берудің бұл элементтері мөлшерінің өзгеру қарқынының негізгі тенденциясы айқындалады.
Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық жағдайын бағалау үшін салыстырмалы көрсеткіштер түріндегі қаржылық есептілік ұсынуға мүмкіндік беретін активтерді, міндеттемелерді және меншікті капталды тік (құрылымдық) талдаудың маңызы да кем емес. Құрылымдық талдаудың мақсаты – баланс қорытындысында жеке баптардың үлес салмағын есептеу және оның өзгеруін бағалау. Тік (вертикалды) талдаудың көмегімен инфляциялық, аймақтық және бизнестің тиімділігіне басқадай әсері бәсеңдету арқылы аралық шаруашылық, салалық және елдік салыстырмалы салыстырулар жүргізіледі.
Кешенді операциондық аудитті және субъектілердің іс-қызметінің тиімділігін талдау белгілі бір сәттегі қаржылық жағдайды мақсатқа сәйкес жалпы бағдарлаудан бастаған жөн. Ішкі шаруашылық және фирмааралық талдау жалпы қабылданған салыстырмалы коэффициенттер есебімен бірге жүргізіледі. Бәрінен бұрын міндеттемелер мен меншікті капитал арасындағы арақатынастар, қамтамасыз ету мен активтер құрылымын анықтайды.
Факторлық талдау тәсiлдерiнiң негiзiнен шаруашылық жүр­гiзушi субъектiлер iс-қызметiнiң даму келешегi мен тәуекелшiл деңгейiн болжау бағасы жасалады. Аудитор қойылган сұрақтapғa негiздi жауаптар беруге, бизнестiн тиiмдiлiгiн арттыруга мүмкiндiк беретiн жағымды факторлар үшiн жағдай жасап, жағымсыздарын жою жөніндегі ұсыныстар әзірлеуге тиіс.
Коммерциялық ұйымның қаржылық-экономикалық жағда­йына алдын-ала шолу олардың табыстылығын айқындаудан басталады. Табыстылық деңгейi ең бастысы сату көлемiне және өнім, жұмыс, көрсетiлетiн қызмет өндiрiсiнiң шығындарына бай­ланысты. Нарық жағдайында табыстылық көрсеткiштерi компа­нияның төлемге қабiлеттiлiгiне, өтемдiлiгiне және қаржылық тұрақтылығына әсер етедi. Мысалы, қаржылық тұрақтылықтың және төлемге қабiлеттiлiктiң көрсеткiштерi бiрiн-бiрi толықтыра келiп, шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң өткен, ағымдағы және келешектегi кезеңдегi қаржылық жағдайы мен экономикалық әлеуетiн қолданудың тиiмдiлiгiн толық бағалауға мүмкiндiк бередi.
Нарықтық экономика елдерінде жеке баланстық көрсеткіштер, топтық нәтижелер мен тұтастай баланс қорытындысының арақатынастарын өлшеудің белгілі бір ережелері қалыптасты. Актив көлемі мен олардың қалыптасу көздерінің шамасы компанияның қаржылық жағдайының тұрақтылығын айқындайды. Қорлардың және қалыптасу көздері шығындарының қамтамассыз етілуі қаржылық тұрақтылықтың мәнін ашып көрсетеді, оның төлемге қабілеттілігі сыртқы түрі болып шығады.
Компанияның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын маңызды көрсеткіштерінің бірі – меншікті капиталдың барлық қаржысының жалпылай жиынының үлес салмағы болып саналады. Бұл көрсеткіш «автономия (даралық) коэффиценті» атауын алды. Соған қарап кәсіпорынның қарыз капиталына қаншалықты байланысты екендігін пайымдайды. Субъектінің меншікті қаражаты көп болған сайын ол нарықтық экономиканың «ойда жоқ сыйлықтарын» қасқая қарсы алады.
Қаржылық тұрақтылық жиынтық капиталдың құрамымен ғана емес, оның компания активінің жеке элементтеріне дұрыс салынғандығымен сипатталады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық тұрақтылығын бағалау тұрғысынан икемдіжұмылғыш, таза қаржының мөлшері икемді қаржы мен қысқа мерзімді борыш арасындағы айырым ретінде белгіленеді. Бұл есептеу егер барлық қысқа мерзімді борышты бірден өтесе, кәсіпорын айналымында не қалады деген сұраққа жауап береді.
Меншікті айналма капиталын есептеп шығару компанияның ақшалай қаражатының біраз бөлігі мен құнды қағаздар қалдығы ұзақ мерзімді қарыз капиталы есебінен жабылуына жол береді. Мұндайда негізгі капиталдың едәуірбөлігі де мерзімді қарыз капиталы есебінен құралады. Бұл шарт меншікті айналма капиталын қолданудың негізгі өндірісін анықтайды. Онымен өндірістік қорлардың және өнім сатып алушылармен есеп айырысудың негізгі бөлігі жабылады.
Алайда, кәсіпорынның меншікті айналым капиталының едәуір сомасы бар болса және аса қажетті жағдайда оны негізгі капиталға салымды ұлғайту жағына қарай қайта бөлуді атқаруға болады. Сол себепті, аудитор маневрлік коэффиценттің көмегімен меншікті капиталдың жалпы сомасындағы айналма капиталының үлестік салмағын айқындау жолымен меншікті капиталды бөлу құрылымын бағалайды, мұндайда компанияның меншікті қаражатының қандай бөлігі икемді (мобильді) сипаттағы құндылықтарға тағайындалмағанын және оның азды-көпті еркін маневр жасауға мүмкіндік беретін формада тұрғаны жайлы сұраққа жауап алады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет