Зерттеудің қайшылықтары:
1. Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын қалыптастыру әдістемесінің толық қанды ұйымдастырылмауы; бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық тапсырмаларды орындай алмауы.
2. Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын қалыптастыру әдістемесінің дамымауы; оқу үдерісінде креативтілік ойлаудың дамымауы.
Осы мәселе төңірегінде зерттеу жүргізу магистрлік диссертация жұмысымның негізі болып отыр.
Зерттеудің мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын қалыптастыру әдістемесіне байланысты дағдыларын қалыптастыру, олардың теориялық–әдістемелік негіздемесі мен тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру.
Зерттеу міндеттері:
- теориялық, педагогикалық зерттеулерге сүйене отырып «креатив», «шығармашылық», «ойлау», «дарындылық» ұғымының мән-мағынасын анықтау;
- бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын қалыптастыру жолдарын айқындау;
- эксперимент жұмысын ұйымдастырып, оның қорытындысын жинақтау;
- бастауыш сынып оқушыларының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу нысаны: бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын қалыптастыру әдістемесін ғылыми тұрғыдан жүйелі түрде бастауыш сыныптың оқу-тәрбие ісіне енгізу жолдары.
Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын қалыптастыру әдістемесін қазақ тілін оқыту барысында дамыту жолдары мен барысы.
Зерттеу әдістері:
- бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын қалыптастыру әдістемесі жайындағы ғылыми-теориялық әдебиеттермен танысу, талдау жасау;
- ғылыми, танымдық, зерттеу бағдарламалары, тұжырымдамалары, әдістемелік құралдарды талдап, қорыту;
- бақылау, әңгімелесу, озат тәжірибелерді жинақтау, талдау, қорыту;
- эксперимент материалдарын талдап жинақтау.
Зерттеудің болжамы: егер, бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі сабағында креативті ойлауын тереңдете дамытуға бел байласа, онда оқушылардың пәнге қызығушылығын, өздеріне деген сенімділігін, өз бетімен жұмыс атқарып дербестігін, білім, дағды іскерлік деңгейін одан да тиімді жетілдіруге болар еді; егер де бастауыш мектепте бастауыш сынып оқушыларын шығармашылық жұмысқа көптеп қатыстырса, онда келешекте бастауыш мектепте ақпараттық оқытудан, белсенді, зерттеушілік оқытуға көшу жүзеге асар еді.
Достарыңызбен бөлісу: |