Бала іс-әрекетін ұйымдастырудағы эмоционалды ой-өрістің



бет6/12
Дата01.03.2024
өлшемі96.61 Kb.
#493820
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
эмоц.инт.

Әдіснамал ық бағыт

Тренингілік әсер ету
сипаты

Тренингілік әсер ету
объектісі

Тренингілік әсер ету мақсаты

Гуманистік бағыт

Директивалы қ емес

Эмоционалды күйлер

Эмоционалды күйлерді
түсінуге және басқаруға қабілеттерді өзектендіру

Мінез- құлық бағыты

Директивалы қ

Эмоционалды мінез-құлық

Эмоционалды мінез-құлық пен экспрессивті реакцияны басқару
әдістерін үйрету

Когнитивті
бағыт

Директивалы
қ

Эмоционалды
ойлау

Эмоционалды ойлау
тәсілдерін өндіру

ЭО дамуының ең нәтижелі әдістері – ойын, арт-терапия, психогимнастика, мінез-құлық терапиясы, пікірталас әдістері, модельдеу, рөлдерді ойнау, кері байланыс, демонстрациялар, дизайн және басқалар.




5 дәріс
    1. Баланың эмоционалдық ой-өрістің маңызды құрамдас бөлігі


  1. «Эмоционалдық ой-өрісі» ұғымына түсінік

  2. Эмоционалдық ой-өрісі әлеуметтік – педагогика және психология ғылымының пәні ретінде.



Адамдағы эмоционалды және рационалды принциптердің бірлік идеясы, олардың бір уақытта даму қажеттілігі бастапқыда философиялық және діни ілімдер аясында пайда болды. Бұл мәселенің дауы осы байланыстың қандай буыны үстемдік жағдайға ие болып, басқаны өзіне бағындыруында.
Адамзаттың эмоционалды даналығының қайнар көзін «Киелі» кітаптан,
«Соломоновтардың нақыл сөздері» кітабынан табуға болады, оның ішінде эмоционалды өзін-өзі реттеу процесінде ой-өрістіңрөлі туралы ескертулерін
«Мақтаншақтық келсе, масқаралық та келеді; бірақ кішіпейілділіктен даналық туындайды», «Ақымақтың ашуы бірден оны білдіреді, ал ақылды адам қорлауды жасырады» деген сөздерден көре аламыз.
«Ескі Өсиетте» айтылғандай, адамның рухани өмірінің орталығы – жүрек. Онда барлық эмоционалды күйлер шоғырланған, жақсылықтың да, зұлымдықтың да бастауы жатыр. Жүрек – ежелгі антропологияда жеке тұлғаны өзін-өзі тану емес, моральдық жауапкершілік мағынасында белгілеу үшін ең қолайлы сөз.
Православиенің этикалық идеалы – құрбандыққа толы бауырластық махаббат, ол махаббат тек жақын адамдарына ғана емес, жауларына да бағытталған. Оның әлеуметтік қатынастардағы нақты іске асырылуы адамдарды неғұрлым тығыз біріктіре алуында. Орыс діни философиясында басқа адамдарға бағдарлану, басқа адамды көруге, оған құлақ салып және оның құндылықтарын бастан кешіруге дайын болу жоғары бағаланды. Бұл қабілет А.А. Ухтомскийдің
«доминант басқа тұлғада» ұғымына ұқсас. Бұл ұғым Н.А. Бердяев, А. Сурожский, С.П. Франк еңбектерінде «қабылдау», «махаббат», «басқалармен бірлік» терминдерінде талқыланды. Басқа адамға деген мұндай көзқарастың мәні, ең алдымен, эмоционалды сезімталдықты білдіреді.
Эмоционалды және когнитивті процестердің өзара қатынасы туралы еуропалық идеялардың негізі христиан дінімен қатар ежелгі ойшылдардың идеялары болды. Сан ғасырлық батыс дәстүрінен бастау салған Сократ пен Платонның көзқарастары бойынша, ақыл эмоциялардан жоғары болып саналады. Ежелгі философтардың көзқарасы бойынша, ақыл мен эмоцияның өзара байланысы мырза мен құлдың қарым-қатынасын білдіреді, оның идеалы эмоциялардың деструктивті әсеріне ағартушы ақыл-ойдың толық бақылауы болып табылады.
Платон сезімнің үш түрін ажыратады: тұтастай дене табиғатымен сезіну, яғни ол қышыну және оны қасумен тыныштандыруға болады; дене де, жан да қатысатын сезімдер, яғни аштықты асты күту арқылы жеңілдету; жанның өзінде пайда болған сезімдер, яғни құмарлық пен махаббат т.б. секілді.
Дененің де, жанның да сезінуге бір уақытта болған жағдайларда, эмоцияларда күшті танымдық элемент болады. Осылайша, Платон
рационалдылықтың адамның эмоционалды өміріне қатысуын жоққа шығармайды.
Аристотель когнитивті және эмоционалды процестердің байланысы туралы идеялардың дамуына айтарлықтай үлес қосты. Ғұлама ойшыл «Риторика» еңбегінде, эмоцияларды қарастыра келе, келесі ойды білдіреді: «Аса қатты адамның жай-күйін түрлендіретін нәрсе, оның ойлау қабілетіне әсер етеді және ләззат пен азап ілесіп бірге жүреді».
Аристотель ашулану мен қорқыныш эмоцияларына айрықша назар аударады, оның пікірінше, ақылға бағынып, этикалық мақсаттарға қызмет ету керек. Мысалы, Аристотель ашулану эмоциясын арандатуға табиғи реакция ретінде (жеккөрушілік, елемеу немесе өрескелдік) және ақыл-ой жағынан өсіруге болатын моральдық күш ретінде түсіндірген. Ұлы философ ашуды тудыратын ынталандыруды бағалаудағы когнитивті компоненттің рөлін атап өткен алғашқы теоретик болды. «Никомах этикасында» Аристотель ашуланудың орынды немесе орынсыз болатын жағдайларды, сондай-ақ ашу қарқындылығының дәрежесін егжей-тегжейлі қарастырады. Ол «Әркім ашулана алады – бұл оңай. Алайда оған лайықты адамға ашуды керек мөлшерде, тиісті уақытта білдіру, белгілі бір мақсатқа және тиісті формада жеткізу – оңай емес» деп пайымдаған. Аристотель бейімделгіш қабілетін эмоцияның болуы немесе болмауы емес, ақыл-ой арқылы қол жеткізілетін эмоциялардағы өлшем деп санайды.
Аристотельдің идеялары ағартушылық ойшылдардың еңбектерінде одан әрі дамыды. Р. Декарт «Жанның құмарлығы» трактатында аристотельдік эмоциялар теориясының когнитивті-бағалау компонентін жаңа контекске қайта біріктірді. Оның түсінігіндегі эмоциялар жан ұғымымен белгіленген жоғары психикалық процестермен тығыз байланысты құмарлықтардың ерекше түрі болды.
Р. Декарттың эмоцияларға деген көзқарасы екіұштылыққа ие. Ол функционалды және дисфункционалды жақтарын да атап өтеді. Р. Декарт және Аристотель үшін де эмоцияны реттеудің кілті – ақыл. Егер эмоциялар адамның пайымдау қабілетіне нұқсан келтіруі мүмкін болса, онда ақыл құмарлықты адамның «мен» қызметіне бағыттай алады.
Шығыс философиялық жүйелерінде аффективті және когнитивті процестердің адамның рухани өсуімен байланысын ерекше атап өтіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет