Еңбек
Ойын алаңын тазалау
Міндеті:
Еңбек тапсырмаларын орындауды үйрету;
Ұжыммен жұмыс істеуге баулу.
Қ/О: «Ұшты-ұшты»
Еркін ойын
|
Кешен№3
Тастарды бақылау
Міндеті: Тастардың өлі табиғат мүшесі екендігі жайлы түсініктерін молайту, олардың әртүрлілігі мен пайдасы туралы білім беру.
Бақылау барысы
Балаларға сұрақтар.
♦ - Тастардың қандай түрлері болады (үгілмелі, қатты)
Үгілмелі тастарды атаңдар? (бор, көмір, графит)
Қатты тастарды атаңдар?
Қандай таспен асфальтқа сурет салуға болады? (бормен)\
Неге? (ол жұмсақ, жұғады)
Еңбек
Ауладағы тастарды жинау және олардан композиция құрау.
Міндеті:
Бірігіп жұмыс істеуге үйрету;
Шығармашылық қиялын дамыту.
Қ/О«Ұшты-ұшты».
Еркін ойын
|
Кешен№4
Жапырақтардың түсуін бақылау
Міндеті:
— табиғаттың мезгілге байланысты құбылыстары туралы түсініктерін кеңейту;
— бақылағандарын сөйлеу тілінде қолдану қабылеттерін қалыптастыру.
Бақылау барысы
Көркем сөз
Күзгі жапырақтар. Қ. Шаңғытбаев
Алтын сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Күн шуақта маужырап,
Жатыр еді атырап.
Ағаштардан жамырап,
Үшты кенет жапырақ.
Тәрбиеші балаларға ағаш жапырақтарының жерге түсуін бақылауды ұсынады, сұрақтар қояды, өлеңді қайталайды
Еңбек
Алаңдағы жапырақтарды жинауға аула сыпырушыға көмектесу
Мақсаты:бірлесе жұмыс істеуге, мақсатқа жетуге баулу.
Қ/О: «Түлкі мен қояндар».
Мақсаты: жануарлар мінез-құлқын ажырата білу
|
Достарыңызбен бөлісу: |