Жаттығу ойындары: Қозғалысты дамыту.
Мақсаты:аяқ қозғалыстарын түрлендіре жаттығу жасау.
|
Кешен№5 Күз мезгілінде желді бақылау
Міндеті: Күз мезгіліндегі желдің салқын болатынын айту. Балалардың тілін дамыту, әңгімелеу арқылы. Еңбек: Учаскедегі шашылған қағаздарды жинау. Балалармен жеке жұмыс:Тақпақты оқу. «Желді күн» (Ж. Смақов)
Гу-гу,гу-гу шықты Желдеттіде бұлт қуды Жел соққан соң
Жел тіпті Жын соққандай жұлқынды Қимылды ойындар: «Күн мен түн» Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері
|
Серуеннен оралу
|
|
Топқа оралу кезінде жылдам қатарға тұруды дағдыландыру. Асықпай бір-бірін итермей жүруді үйрету. Топта киетін аяқ киімдерін өз бетінше ауыстырып, киюін қалыптастыру. Жұмбақтар шешу, өлеңдер, әндер жаңылтпаштар, санамақтар және т.б жаттау (көркем әрекет, дербес ойын әрекеті).
|
Түскі ас
|
|
Астарың дәмді болсын. Мәдени-гигиеналық дағдыларды өздігінен жасау қалыптасқан. Ас үстелі барысында отыру мәдениеті мен этика ережелерін біледі.(таза және ұқыпты тамақтанып, қасық, кесе, сүлгіні дұрыс, орынды қолдана алады, тамақтану кезінде көп сөйлемеу керек екенін біледі және ас ішіп болғасын рахмет айтады.) Ас қайтара алады.
Бата. Асым, асым, асыма,
Бақыт қонсын басыңа.
Дастарханың мол болсын,
Денсаулығың зор болсын.
|
Күндізгі ұйқы
|
|
Тамақтан соң ауыздарын сумен шаюды қалыптастыру.
Киім түймелерін, сырмаларын өздігінше ағыту. Киімдерін ұқыпты орындыққа іліп (немесе арнайы сөреге) қоюды үйрету. Өз төсек орнын тауып жатуды үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)
Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жай баяу музыка тыңдау. «Толағай» ертегісін оқып беру (көркем әдебиет)
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |