3. Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыға өтініш
беру, тағайындау және төлеу тәртiбi
43. Мүгедек баланы тәрбиелеушіге жәрдемақы (бұдан әрі – жәрдемақы) тағайындау үшін жәрдемақы алуға құқығы бар адамдар тұрғылықты жері бойынша Орталық бөлімшесіне немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш жасайды.
44. Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы өтініш берілген күнінен бастап бала мүгедектігінің барлық кезеңіне тағайындалады.
Мүгедек баланы толық мемлекеттік қамсыздандыруға белгілеген кезде мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған ана немесе әке, бала асырап алушы, қорғаншы (қамқоршы) тиісті мемлекеттік мекемеден құжаттамалық деректер расталған жағдайда бала отбасында демалыста болған кезеңде мүгедек бала тәрбиелеушінің жәрдемақысына құқығы бар.
45. Жәрдемақы баланың отбасының табысына қарамастан тағайындалады.
46. Жәрдемақы тағайындау үшін өтiнiшке жәрдемақы тағайындауға құқығы бар адамдар өзінде жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) болған кезде мынадай құжаттарды қоса ұсынады:
1) өтiнiш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктiң тұруына ықтиярхат);
сондай-ақ оралмандар үшін – оралман куәлігі;
2) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) не туу туралы актілік жазбадан үзінді;
3) өтініш беруші деректерінің баланың тууы туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда неке қию (бұзу) туралы куәлігі;
4) балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілегендігін немесе асырап алуды растайтын құжат;
5) отбасының тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
6) мүгедек баланы тәрбиелеушіге жәрдемақы үшін баланың мүгедектігі туралы анықтама;
7) жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымның банктік шот нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат.
Түпнұсқада ұсынылған құжаттар сканерден өткізіледі және құжаттардың электрондық көшірмелері Орталық бөлімшесінің немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы маманының ЭЦҚ-мен куәландырылады, содан кейін құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талонымен бірге өтініш берушіге қайтарылады.
47. Үшінші тұлғалар жәрдемақы тағайындау үшін өтініш және қажетті құжаттарды беруді жәрдемақы алуға құқығы бар адамның нотариат куәландырған сенімхаты бойынша жүзеге асырады.
Нотариат куәландырған сенімхат сканерден өткізіледі, Орталық бөлімшесінің немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы маманының ЭЦҚ-мен куәландырылады, содан кейін өтініш берушіге қайтарылады.
48. Орталық бөлімшесі немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы өтініш берушіден жәрдемақылар тағайындау үшін қабылданатын құжаттардың толықтығын тексеріп, сапасын және құжаттардың электрондық көшірмелерінің өтініш беруші осы Ереженің 46-тармағына сәйкес ұсынған түпнұсқаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді.
49. Орталық бөлімшесі, өтініш беруші берген құжаттар пакетін толық ұсынған кезде, жәрдемақы тағайындау туралы өтінішті осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналда тіркейді.
50. Халыққа қызмет көрсету орталығы жәрдемақы тағайындауға өтінішті қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш беруші түпнұсқада ұсынған өтініштің, құжаттар мен мәліметтердің электрондық көшірмелерін қамтитын құжаттар пакетімен электрондық өтінімді Орталық бөлімшесіне жібереді.
51. Халыққа қызмет көрсету орталығынан электрондық өтінім түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Орталық бөлімшесі келіп түскен құжаттар пакетін тексереді. Құжаттар тізбесі толық түспегені анықталған жағдайда Халыққа қызмет көрсету орталығына осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық өтінімді қарамастан құжаттар пакетін қайтарады. Хабарлама Орталық бөлімшесі маманының ЭЦҚ-мен куәландырылады.
Халыққа қызмет көрсету орталығы хабарлама Орталық бөлімшесінен келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде анықталған қатені жояды және өтініш беруші түпнұсқада ұсынған өтініштің, құжаттардың және мәліметтердің электрондық көшірмелерін қамтитын құжаттарды қоса, Орталық бөлімшесіне электрондық өтінімді жібереді.
52. Орталық бөлімшесі өтініш тіркелген күні осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналда іске нөмір береді және өтініш берушінің түпнұсқада ұсынған өтінішін, құжаттардың электрондық көшірмелерін қамтитын электрондық іс макетін қалыптастырады.
Жәрдемақы үшін электрондық іс макеті өтініш берушінің Орталық бөлімшесінде тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады және ЭЦҚ-мен куәландырылады.
Орталық бөлімшесінің маманы осы Ережеге 13-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша шешім жобасын қалыптастырады, жәрдемақының мөлшерін есептеуді жүргізеді және оларды ЭЦҚ-мен куәландырады.
Шешімнің жобасы жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық цифрлық нысандағы құжатты (бұдан әрі – шешім жобасы) білдіреді.
Орталық бөлімшесінің басшысы жәрдемақы мөлшерін есептеудің, шешім жобасының ресімделу дұрыстығын тексереді, оны ЭЦҚ-мен куәландырады, содан кейін Орталық бөлімшесі электрондық іс макетін Орталық филиалына жібереді.
53. Орталық филиалы келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде электрондық іс макеті мен шешімнің жобасын қарайды, есептің және шешім жобасының ресімделу дұрыстығын тексереді, содан кейін уәкілетті органға жібереді. Бұл ретте шешімнің жобасы Орталық филиалы маманының және басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылады.
54. Уәкілетті орган келіп түскен электрондық іс макетін шешім жобасымен қарайды, өтініш уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
55. Шешім басқарма (бөлім) маманының, басшысының және уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған, жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық цифрлық нысандағы құжатты (бұдан әрі – шешім) білдіреді. Шешімнің нөмірі мен күні автоматты режимде беріледі.
Автоматты режимде шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Орталық бөлімшесіне немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына осы Ережеге 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама жіберіледі. Хабарлама уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылады.
56. Уәкілетті органның маманы шешімді осы Ережеге 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағайындау туралы шешімдерді тіркеу журналында тіркейді.
Уәкілетті орган Орталықтың бөлімшесіне шешіммен қоса электрондық іс макетін жібереді.
57. Егер ұсынылған электрондық іс макетінде уәкілетті орган шешім қабылдауға қажетті құжаттың (құжаттардың) жоқтығын анықтаса, электрондық іс макеті шешім жобасымен Орталық бөлімшесіне қайтарылады. Осы Ережеге 15-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша себептерін көрсете отырып, құжатты (құжаттарды) қайта ресімдеу қажеттігі туралы хабарлама уәкілетті органның ЭЦҚ-мен куәландырылып Орталық бөлімшесіне немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына жіберіледі.
Орталық бөлімшесі және (немесе) Халыққа қызмет көрсету орталығы бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіні осы Ережеге 15-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша хабарламада көрсетілген қосымша құжаттарды жиырма бес жұмыс күні ішінде ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді.
Орталық бөлімшесі өтініш беруші және (немесе) Халыққа қызмет көрсету орталығы қосымша құжаттар ұсынған кезде осы Ереженің 52, 53-тармақтарында көзделген тәртіппен электрондық іс макетін дайындайды.
Орталық бөлімшесіне электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде құжаттар қайта ресімделмесе, уәкілетті орган қолдағы бар құжаттар бойынша тиісті жәрдемақыны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім шығарады.
Егер уәкілетті орган ұсынылған электрондық іс макетінен және (немесе) шешім жобасынан қате тапқан жағдайда, электрондық iс макеті шешім жобасымен қайтару себептері көрсетіле отырып, Орталық бөлімшесіне қателерді жою үшін электрондық байланыс арқылы қайтарылады.
58. Орталық бөлімшесі қайтарылған электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде анықталған қателерді жояды, осы Ереженің 52, 53-тармақтарында көзделген тәртіппен электрондық іс макетін қайта ресімдейді.
59. Жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган шешімде бас тарту негіздемесін көрсетеді.
Бұл ретте уәкiлеттi органның шешімімен электрондық іс макеті осы Ережеге 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақы тағайындаудан бас тарту себебі көрсетіліп, Орталық бөлімшесіне қайтарылады. Уәкiлеттi органның жәрдемақы тағайындаудан бас тарту себептері көрсетілген электрондық хабарламасы осы Ережеге 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Орталық бөлімшесіне, Халыққа қызмет көрсету орталығына қайтарылады.
Хабарлама уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылады.
60. Орталық бөлімшесі және (немесе) Халыққа қызмет көрсету орталығы жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге береді.
61. Жәрдемақы төлеуді уәкілетті ұйым өтініш берушінің таңдауы бойынша жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдар арқылы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
62. Жәрдемақы облыстар, Астана және Алматы қалалары бөлiнiсiнде Орталық жасаған жәрдемақылар төлеу жөніндегі кестеге сәйкес уәкілетті орган қабылдаған шешім негізінде төленедi.
63. Жәрдемақы ағымдағы ай үшiн ай сайын төленедi.
Жәрдемақыны тағайындауға, қалпына келтіруге, өзгертуге, мөлшерін қайта қарауға және тұрғылықты жерін өзгертуіне байланысты төлеу айының ағымдағы қажеттілігіне енгізілмеген жәрдемақы сомалары ағымдағы қажеттілікті қалыптастырғаннан кейін, бірінші бөлім сомалары ретінде, келесі айдың қажеттілігіне енгізілуге тиіс және бір рет төленеді.
Отбасында екі және одан да көп мүгедек балалар тұрған жағдайда, жәрдемақы әр мүгедек балаға тағайындалады және төленеді.
Төлем тағайындайтын немесе жүзеге асыратын органның кінәсінен уақытында алынбаған жәрдемақы сомалары өткен уақыт үшін мерзімі шектелмей бірінші бөлім ретінде бір уақытта төленеді.
64. Ең төменгi жалақының мөлшерi өзгерген жағдайда Орталық бөлiмшесi осы Ережеге 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шешiмнiң жобасын дайындайды және оны осы Ереженің 52, 53-тармақтарында көзделген тәртiппен уәкiлеттi органға бекiтуге жiбередi.
65. Шешiмнiң қолданылу мерзiмiн ұзарту үшiн негiз болып табылатын немесе жәрдемақы мөлшерiне әсер ететiн мән-жайлар туындаған жағдайда, Орталық бөлiмшесi осы Ережеге 13-қосымшаға сәйкес нысанда шешiм жобасын дайындайды және оны жаңадан ұсынылған құжаттармен (олар бар болса) оның ішінде мүгедектік туралы анықтамадан үзінді көшірмесімен толықтырылған электрондық iс макетiмен бiрге осы Ереженің 52, 53-тармақтарында көзделген тәртiппен уәкiлеттi органға бекiтуге жiбередi.
66. Артық төленген сомалар ерiктi тәртіппен, ал бас тартылған жағдайда – сот шешімінің негізінде сот тәртiбiмен қайтарылуға тиіс, бұл жөнiнде Орталық бөлiмшесi жәрдемақы алушыны хабардар ету үшiн хат дайындайды.
67. Жәрдемақы алушылар алу құқығына және (немесе) көрсетілген жәрдемақы мөлшерiне әсер ететiн мән-жайлардың өзгергендiгi туралы Орталық бөлiмшесiн күнтiзбелiк он күн iшiнде хабардар етуге мiндеттi.
Алушы жәрдемақының мөлшерiне әсер ететiн мән-жайлар туралы уақытында хабарламаған жағдайларда, жәрдемақы мөлшерi көрсетiлген мән-жайлар туындаған сәттен бастап, бiрақ оның тағайындалған сәтiнен асырмай қайта қаралады.
68. Орталық уәкiлеттi орган қабылдаған шешiмдердiң негiзiнде жәрдемақы төлеуге қаражат қажеттiлiгi туралы өтiнiм жасайды.
Орталық ай сайын 25-күнi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне (бұдан әрi – Министрлiк) жәрдемақы төлеуге қаражат қажеттiлiгi туралы өтiнiмдi ұсынады.
69. Министрлiк қаражатты тиiстi қаржы жылына арналған мiндеттемелер мен төлемдер жөнiндегi қаржыландыру жоспарларына сәйкес бөлiнген сомалар шегiнде Орталықтың есеп айырысу шотына аударады.
70. Орталық облыстар, Астана және Алматы қалалары бөлiнiсiнде жәрдемақыларды төлеу жөнiндегi кестенi жасайды және белгiленген тәртiппен алушылардың ағымдағы шоттарына аудару жолымен жәрдемақыларды беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымға төлем тапсырыстарымен аударады.
71. Бөлiнген қаражат бойынша Министрлiк пен уәкiлеттi ұйым арасында ай сайын салыстырып тексеру актiсi жасалады.
72. Төленген сомалар бойынша Орталық пен жәрдемақыларды беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдардың арасында ай сайын салыстырып тексеру актiлерi жасалады.
73. Жәрдемақы беру жөнiндегi қызметтерге ақы төлеу Орталық пен жәрдемақылар беру жөніндегі уәкiлеттi ұйым арасында заңнамада белгiленген тәртiппен жасалған шарт негiзiнде жүргiзiледi.
74. Бала қайтыс болған, кеткен және (немесе) алушы Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен немесе оған басқа себептер бойынша төлем тоқтатылған жағдайда Орталық бөлімшесі істі жабуды жүргізеді және оны мұрағатқа жібереді.
4. Балаларға арналған жәрдемақыға өтініш білдіру, оны тағайындау және төлеу тәртiбi
75. Балаларға арналған жәрдемақы орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы облыстарда, Астана және Алматы қалаларында белгiленген азық-түлiк себетiнiң құнынан төмен отбасыларға тағайындалады.
Отбасының жиынтық табысы өтiнiш берiлген тоқсанның алдындағы тоқсан үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен есептеледi.
Отбасы құрамында туған, асырап алған, сондай-ақ қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынған балалар ескеріледі, ата-анасы ата-ана құқығынан айырылған немесе ата-ана құқығы шектелген балаларды қоспағанда, сондай-ақ отбасы құрамында егер басқа ата-ананың отбасында ескерілмесе, өгей балалар да ескеріледі.
76. Балаларға арналған жәрдемақы өтiнiш берiлген айдан бастап жәрдемақы алу құқығы туындағаннан кейiн ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына өтiнiш берген ай өтiнiш жасалған ай деп есептеледi.
Кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң әкiмiне өтініш білдіру кезінде барлық қажетті құжаттарды қабылдаған ай өтініш жасалған ай деп саналады.
Балаларға арналған жәрдемақыларды төлеу өткен ай үшiн ай сайын жүргiзiледi.
77. Балаларға арналған жәрдемақыларды тағайындау үшін, өтініш беруші тұрғылықты тұратын жері бойынша балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына өзінің және барлық отбасы мүшелерінің ЖСН болған кезде өтiнiшті және мынадай құжаттарды қоса ұсынады:
1) өтiнiш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат);
сондай-ақ оралмандар үшін – оралман куәлігі;
2) баланың (балалардың) тууы туралы куәлiгi (куәлiктерi) не туу туралы акті жазбасынан үзінді;
3) өтініш беруші ұсынған мәліметтер баланың туу туралы куәлігіндегі мәліметтерге сәйкес келмеген жағдайда неке қию (бұзу) туралы куәлік;
4) құжаттардың түпнұсқаларының негізінде толтырылған осы Ережеге 17-қосымшаға сәйкес отбасының құрамы туралы мәліметтер;
5) осы Ережеге 18, 19-қосымшаларға сәйкес отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер;
6) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
7) балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді немесе бала асырап алуды растайтын құжат;
8) жәрдемақылар беру жөніндегі уәкілетті ұйымның банктік шот нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат.
Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша баланың (балалардың) тууы туралы куәлігі не туу туралы акті жазбасынан үзіндіні, Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша неке қию (бұзу) туралы куәлікті, сондай-ақ осы тармақтың 6), 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, олардағы ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес алу мүмкіндігі болған жағдайда ұсыну талап етілмейді.
Үшінші тұлғалар жәрдемақы тағайындау үшін өтінішті және қажетті құжаттарды беруді жәрдемақы алуға құқығы бар адамның нотариат куәландырған сенімхаты бойынша жүзеге асырады.
Түпнұсқаларда ұсынылған құжаттарды жәрдемақы тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органның немесе Халыққа қызмет көрсету орталығының маманы сканерден өткізеді, содан кейін өтініш берушіге құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талонымен бірге өтініш берушіге қайтарылады. Құжаттардың электрондық көшірмелері Халыққа қызмет көрсету орталығы маманының ЭЦҚ-мен куәландырылады.
Балаларға арналған жәрдемақы алу құқығы отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер ұсыныла отырып тоқсан сайын расталады.
78. Өтініш беруші балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшін тиісті құжаттарды ұсынғаннан кейін оның қатысуымен балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органның немесе Халыққа қызмет көрсету орталығының маманы өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің ЖСН бойынша мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес сұрау салуды қалыптастырады.
Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар сұратылған мәліметтерді растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде сұрау салуды жүзеге асырған балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы өтініш берушіге құжаттарды қабылдағаны туралы белгісі бар үзбелі талон береді.
79. Тұрғылықты жерінде балаларға арналған жәрдемақы тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болмаған кезде өтініш беруші кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне өтініш және осы Ереженің 77-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен өтініш білдіреді.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі көшірмелерді түпнұсқаларымен салыстырып тексереді, оларды тіркейді, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары мен құжаттардың қабылданғаны туралы белгімен үзбелі талон өтініш берушіге қайтарылады.
Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі өтініш берушіден балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшін қабылданған құжаттарды екі жұмыс күні ішінде қорытынды дайындау үшін учаскелік комиссияларға жібереді.
Учаскелік комиссиялар осы Ереженің 87-тармағында көрсетілген тәртіппен қорытынды дайындайды.
Кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң әкiмi өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей, учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса, балаларға арналған жәрдемақыларды тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға тапсырады.
Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органның маманы кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімінен алынған құжаттар бойынша өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің ЖСН бойынша мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес сұрау салуларды қалыптастырады.
80. Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар ақпараттық жүйелерде өтініш беруші туралы сұратылып отырған мәліметтердің жоқ екенін немесе өтініш беруші ұсынған мәліметтердің ақпараттық жүйедегі мәліметтермен сәйкес болмауын растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде, сұрау салуды жүзеге асырған балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы өтініш берушіні мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріндегі жеке тұлға туралы мәліметтерді сәйкестікке келтіру үшін келісу туралы құжаттардың түпнұсқаларын және өтінішті ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді.
Өтініш беруші балаларға арналған жәрдемақыны тағайындауға кент, ауыл, ауылдық округтің әкіміне жүгінген кезде балаларға арналған жәрдемақы тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушінің Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде ақпараттық жүйелердегі жеке тұлға туралы мәліметтерді сәйкестікке келтіруге жазбаша келісімін алу қажеттігі туралы кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімін құлақтандырып, сол арқылы хабарламаны жолдайды.
81. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы өтініш беруші ұсынған құжаттардың түпнұсқаларын және (немесе) келісу туралы өтінішін қабылдайды, құжаттардың түпнұсқаларын сканерден өткізеді, оларды ЭЦҚ-мен куәландырады және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде ақпараттық жүйелердегі жеке тұлға туралы мәліметтерді сәйкестікке келтіру үшін мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға жібереді.
Егер өтініш беруші Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен және мерзімдерде хабарламада көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган не Халыққа қызмет көрсету орталығы өтініш берушіні осы Ережеге 20-қосымшаға сәйкес тиісінше нысандар бойынша балаларға арналған жәрдемақыны тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы (себебін көрсете отырып) хабардар етеді.
82. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы өтініш берушіден балаларға арналған жәрдемақылар тағайындау үшін қабылданатын, мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған электрондық құжаттар пакетінің толықтығын тексереді және құжаттардың және мәліметтердің электрондық көшірмелерінің сапасын өтініш беруші осы Ереженің 77-тармағына сәйкес ұсынған түпнұсқаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган келіп түскен құжаттар пакетін тексереді және құжаттар тізбесі толық түскен жағдайда балаларға арналған жәрдемақы тағайындау туралы өтінішті осы Ережеге 21-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша журналдарда тіркейді.
83. Халыққа қызмет көрсету орталығы балаларға арналған жәрдемақы тағайындауға өтінішті қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш беруші түпнұсқада ұсынған өтініштің, құжаттар мен мәліметтердің электрондық көшірмелерін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған электрондық құжаттарын электрондық өтініммен қоса балаларға арналған жәрдемақы тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға жібереді. Электрондық өтінім Халыққа қызмет көрсету орталығы маманының ЭЦҚ-мен куәландырылады.
84. Халыққа қызмет көрсету орталығынан электрондық өтінім түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органның маманы келіп түскен құжаттар пакетін тексереді және құжаттар тізбесі толық түспегені анықталған жағдайда Халыққа қызмет көрсету орталығына осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық өтінімді қарамастан жоқ құжатты көрсетіп хабарлама жібереді және құжаттар пакетін қайтарады. Хабарлама уәкілетті орган маманының ЭЦҚ-мен куәландырылады.
85. Халыққа қызмет көрсету орталығы балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу туралы хабарлама келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде анықталған қатені жояды және өтініш беруші түпнұсқада ұсынған өтініштің, құжаттардың және мәліметтердің электрондық көшірмелерін қамтитын құжаттарды қоса, балаларға жәрдемақы тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға электрондық өтінімді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған электрондық құжаттар мен мәліметтерді жібереді.
86. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган балаларға арналған жәрдемақыны тағайындауға алған құжаттарды тіркеп, қабылдағаннан кейін ақпараттық жүйелерден алынған электрондық құжаттар мен мәліметтерді басып шығарады және екі жұмыс күні ішінде оларды қорытынды дайындау үшін учаскелiк комиссияларға жібереді.
87. Учаскелік комиссиялар уәкілетті органнан немесе кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң әкiмiнен құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері негізінде қорытынды дайындайды және оны балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкiлеттi органға немесе кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң әкiмiне жібереді.
Азаматтар алғаш жүгінген кезде учаскелік комиссия балаларға арналған жәрдемақы алуға үмiткер отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргiзеді.
Азаматтар күнтiзбелiк бiр жылдың iшiнде қайталап өтiнiш білдірген кезде учаскелiк комиссияның балаларға арналған жәрдемақыны алуға үмiткер отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргiзуi өтiнiш берушінің (отбасының) тұрғылықты жерi (бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде), отбасының құрамы мен табысы өзгерген жағдайларда өтiнiш берушi ұсынған деректерді нақтылау кезінде жүргізіледі.
Учаскелiк комиссия жүргiзiлген тексеру нәтижелерi бойынша отбасының материалдық жағдайы туралы акт жасайды және отбасының мұқтаждығы туралы қорытындыны балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға немесе кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң әкiмiне ұсынады.
88. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкiлеттi органның маманы өтiнiш берушіден немесе Халыққа қызмет көрсету орталығынан не кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнен құжаттар келiп түскен кезде iстi қалыптастырады және балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешiм жобасын дайындайды және оны ЭЦҚ-мен куәландырады.
Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкiлеттi органның басшысы электрондық құжаттар мен қағаз жеткізгіштегі іс макетіндегі құжаттардың сәйкестігін, сканерленген құжаттардың сапасын, балаларға арналған жәрдемақы мөлшерін есептеудің дұрыстығын тексереді, балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды және оны ЭЦҚ-мен куәландырады.
Балаларға арналған жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім өтініш берушіден немесе Халыққа қызмет көрсету орталығынан не кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылданады.
Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган бес жұмыс күн ішінде балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту (себептерін көрсете отырып) қабылданған шешім туралы өтініш берушіні тікелей немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы не кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі арқылы осы Ережеге 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабардар етеді.
89. Мемлекеттік органнан және (немесе) ұйымнан ақпараттық жүйелерінде жеке тұлға туралы мәліметтерді өтініш берушінің дәйексіз құжатты ұсыну себебі бойынша сәйкестікке келтіруден бас тартуды растайтын электрондық құжат келіп түскен жағдайда балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган балаларға арналған жәрдемақыны тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады, қабылданған шешім туралы өтініш берушінің тікелей өзіне не Халыққа қызмет көрсету орталығы не кент, ауыл, ауылдық округ әкімі арқылы осы Ережеге 22-қосымшаға сәйкес нысанда хабардар етеді.
Үкімет қаулысында белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік орган және (немесе) ұйым балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға ақпараттық жүйелердегі жеке тұлғалар туралы мәліметтерді сәйкестікке келтіруден бас тарту туралы электрондық құжатты балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға ұсынбаса, балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган немесе Халыққа қызмет көрсету орталығының маманы сканерлеген өтініш беруші ұсынған құжаттардың түпнұсқаларының негізінде қабылдайды.
90. Әкесi немесе анасы (асырап алушылары) бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектердiң, мүгедек балалардың, сексен жастан асқан адамдардың, үш жасқа дейiнгi баланың күтiмiмен айналысатын жағдайларды қоспағанда, баланың еңбекке жарамды ата-анасы (асырап алушылары) жұмыс iстемейтiн және жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретiнде тiркелмеген, күндiзгi оқу бөлiмiнде оқымайтын, әскерде қызметiн өткермейтiн кезеңге балаларға арналған жәрдемақы тағайындалмайды.
Толық мемлекеттік қамсыздандыруға алынған балаларға жәрдемақы тағайындалмайды.
91. Балаларға арналған жәрдемақыны алушылар балаларға арналған жәрдемақы мөлшерiнiң өзгеруi үшiн негiз болатын немесе оны алу құқығына әсер ететiн мән-жайлар туралы он жұмыс күні iшiнде балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органды хабардар етуге мiндеттi.
Өтiнiш беруші балаларға арналған жәрдемақының мөлшерiне әсер ететiн мән-жайлар туралы уақытында хабарламаған жағдайда, жәрдемақы мөлшерi көрсетiлген мән-жайлар туындаған сәттен бастап, бiрақ оның тағайындалған сәтiнен асырмай қайта қаралады.
Артық төленген сомалар ерiктi тәртіппен, ал бас тартылған жағдайда – сот шешімінің негізінде сот тәртiбiмен қайтарылуға тиіс, бұл туралы балаларға арналған жәрдемақы тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган жәрдемақы алушыны он жұмыс күнi iшiнде жазбаша хабардар етедi.
92. Балаларға арналған жәрдемақыны төлеудi балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң таңдауы бойынша жәрдемақыларды беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдар арқылы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |